Сынып: 4 Мерзімі



Дата04.07.2018
өлшемі64,72 Kb.

<<БилалНазым атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен>> КММ



Тақырыбы:Арыстан

Сынып:4

Мерзімі


Мақсаттары:

Жаңа тақырып туралы түсінік беру ,мәтінді мазмұндау дағдыларын дамыту, оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа үйрету.

Міндеттері:

Барлық оқушылар уйренеді:Жаңа тақырып туралы түсінік алады, түсінгенін мазмұндайды.

Оқушылардың көбісі уйренеді:Сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлем құрастыра алады.

Біраз оқушылар уйренеді:Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерді қатыстыра отырып диалог құра алады.

Тіл мақсаттары

Оқушылар біледі: қазақ тілінде оқуды, сөйлеуді, жазуды.

Негізгі сөздер мен түсініктер: арыстан, жалы, топтанып, күшті, ірі аң.

Сыныпта диалог құру үшін қолданылатын тіл:қазақ тілі

Диалог құруға арналған сұрақтар:Қалай?Не себепті?Не үшін?Нелер арқылы?

Не үшін:Диалог арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру

Көмекші құралдар:тірек сызбалар, оқулық, суреттер, смайликтер

Алдынғы тақырып

Жолбарыс

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың кіріспе бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аударамын, амандасамын.

2.<<Дөңгеленген үстелдер>> тренингін өткіземін.

3.Аңдардың суретімен оқушыларды 2 топқа топтастырамын.



Үйтапсырмасын сұрау .

<<Тізбек>> әдісі бойынша уйге берілген 155-бет 4-тапсырманы оқыту.

суреттер


Үй тапсырмасын қорыту.

<<Жылдам кездесу>> стратегиясы арқылы үй тапсырмасын қорыту.

Үйге берілген <<Жолбарыс>> мәтіні бойынша 1-ші топ 2-ші топқа сұрақ қояды. 2-топ сұраққа жауап береді.

Геометриялық фигуралар арқылы жауаптарын бағалаймын.

-өте жақсы-жақсы

-орташа


Геометриялық фигуралар

Орта бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру.

Ой қозғау

-Балалар ірі, күшті,жалы бар, өзі аң патшасы саналатын жыртқыш аң.Білесіңдер ме, ол қандай аң?

-Арыстан.

-Олай болса біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз <<Арыстан>>.

Алдымен мына сөздермен танысып алайық.

Құйрық-қуйруқ

Жал- яйли

Топтанып-топлишип



Кітаппен жұмыс

1-тапсырма <<Попкорн>> әдісі арқылы екі топ мәтінді оқып, танысады, түсінгендерін кезекпен айтады.

2-тапсырма. 2 топтан бір оқушыдан диалогты оқиды.

Осы үлгі бойынша 2 топ диалог құрады.

3-тапсырма.Сандарды сөйлет

2 метр 1метр

250кг Арыстан 30-35жыл

5-10-нан 1-6 күшік

Осы сандарға байланысты сөйлемдер құрап, тақтаға жазады.

Сергіту сәті.<<Көңілді күн>>

4-тапсырма.Ауызша орындалады. Сөйлеп үйрен.Сөйлемдерді дұрыс оқу.



<<Аудармашы>> ойыны.

Бұл ойында оқушылар сабақта өткен жаңа сөздерді қайталайды.





оқулық


Қорытынды бөлім

2 топқа <<Ара әдісі>> арқылы тапсырма беремін. Оқушылар арыстанның қандай аң екенін жазады.

Әр топ орындаған тапсырмаларын айтады, көрсетеді.азазааааа

Арыстан, азулы, күшті, ірі, үлкен, әдемі, жыртқыш, батыл, аң патшасы.
Бағалау:

Әр тапсырма кезінде жауаптарына қарай фигуралар беріп отырамын. Сол бойынша бағалаймын.


Түрлі смаиликтер таратамын.Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смаиликтерді көрсету арқылы білдіреді.
Үйге тапсырма

157-бет 6-тапсырма



смаилик


Қосымша мәліметтер

Диференциация.

Оқушыларды қалай қолдап қуаттайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың білімін қалай бақылайсыз?

Пән аралық байланыс.

Сан ПиН талаптарының орындалуы.

АКТ меңгеру.

Мақтап, мадақтау

Сұрақтар және тапсырмалар арқылы

Дүние тану

Сабақты оқушылардың назарын сабаққа аудара отырып оқушылардың көңіл – күйін көтеру мақсатында психологиялық тренингтен бастадым. « Дөңгелек үстелдер » тренингінде оқушылар дөңгеленіп үстелдерге отырып, алдынғы мен артындағы оқушының қолынан ұстады, орындықтарды алып тастап жиырмаға дейін санадым. Бір – бірінің қолдарын жібермей ұстап, ұйымшылдықтарын, ауызбіршіліктері мен татулық қарым- қатынастарының жақсы екенін көрсетті, бір –біріне жақсы тілектер айтты.

Сыныпта психологиялық көңіл – күй арнағаннан кейін оқушылыр топқа бөлінді. Оқушыларды аңдардың суреті арқылы топтастырдым.

Үй тапсырмасын сұрағанда « Тізбек » әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы оқытып тексердім.

Үй тапсырмасын қорытуда « Жылдам кездесу » стратегиясын қолдану арқылы бірінші топ екінші топқа « Жолбарыс » тақырыбында сұрақтар қойды, өткен сабақты пысықтады. Оқушылардың жауаптарын әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бағалап отырамын.

Жаңа сабақты түсіндіруге тақырыпты хабарламастан бұрын арыстанды сипаттап айттым.

Жақсы оқитын оқушылар бірден тапты. Бірінші тапсырма бойынша екі топқа тапсырма бердім. « Попкорн » әдісін қолдандым. Оқушылар мәтінді түсініп оқыды. Мәтін мазмұнын әр топ кезек – кезек бірінен соң бірі айтты. Бір топ айтқанда екінші топ тыңдады. Бұл тапсырманы екі топ та жарыса орындады. Үндемей отыратын оқушылардың өзі сөйледі.

Екінші тапсырмада әр топтан диалогты оқып, әр топ үлгі бойынша диалог құрды.

Оқулықта берілген тапсырмада сандарды қатыстырып сөйлемдер құрап жазды.

« Аудармашы » ойыны арқылы сабақта өткен жаңа сөздерді қайталады. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексердім.

Сабақты қорытындылау кезінде « Ара » әдісін қолдандым. Арыстанның қандай ақ екенін торкөзге сөз тіркестерін жазды. Соңынан екі топтың тапсырмаларын оқытып тексердім.

Сабағымда сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістерін пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, ынтасын дамыттым. Оқушылар топпен жұмыс жасай алды. Топ басшылары көшбасшы бола отырып, тобындағы үндемейтін оқушыларды сөйлете білді. Жаңа сабақты сыни тұрғыдан ойлана отырып, диалогтік әңгіме туғызу арқылы өзара ой бөлісті.



Аты-жөні

Мекен жайы

Жұмыс орны

Лауазы

мы


Жіберген жұмысы

1

Хизметова Халинур Наримановна

Алматы облысы

Панфилов аудыны

Жаркент қаласы


Билал Назым

Атындағы орта мектеп



Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

«Арыстан» сабақ жоспары

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет