С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психологтың жарты жылдық есебі
Психологиялық қызметтің мақсаты:
Оқушыларға психологиялық қызмет көрсету арқылы оқушылардың дамыған, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
-Оқушылардың өзін-өзі адекватты бағалауына, өз бетімен білім біліктілік дамыту қабілеттеріне ықпал ету;
-Мектептегі психологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал ету;
-Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне психологиялық көмек көрсету;
-Әрбір жас кезеңінде бала қабілетінің, оның мүмкіндіктерінің дамуына көмек көрсету;
-Даму мәселесін шешуде оқушыларға психологиялық көмек көрсетуге жағдай жасау;
-Ата-аналар мен мұғалімдердің психологиялық құзіреттілігін арттыру және қарым-қатынас мәдениетін жоғарылату;
-4-5 сынып оқушыларының бейімделуіне, 1,4,9,11 сынып оқушылары мен қорытынды емтихан кезінде психологиялық қолдау жасау.
Жылдық жұмыс жоспары бойынша атқарылған жұмыстар:
МАД сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің қорытындысы:
2021-2022 оқу жылында МАД сыныпқа 6 оқушы қабылданды. Оның ішінде 4 қыз бала, 2 ұл бала.
Сынып жетекшісі: Бесікбаева Ляззат
МАД сынып оқушыларының мектепке бейімделуі бойынша жүргізілген жұмыстар:
I. К.Йерасек әдістемесі бойынша:
Пайдаланылған әдебиеттер: мектеп психологының жұмыс кітабы
«Ер адамның суретін салу»
«Әріптерді көшіріп салу»
«Бір топ нүктелерді көшіріп салу»
Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі.
I. К.Йерасек әдістемесі бойынша әр балаға 3 тапсырмадан тұратын әдістеме таратылып, орындатқызылды. Тапсырманы орындау барысында балалардың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығы сипатталды. Әр балаға жекелей нәтиже шығарылып мектепке бейімделуінің қорытындысы анықталды. Нәтижесінде:
Жоғары - 50 % жақсы- 50% орташа- 0% төмен- 0%
Достарыңызбен бөлісу: |