С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп кмм 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психологтың жарты жылдық есебі Психологиялық қызметтің мақсаты


Желтоқсан айында сынып жетекшілермен «Өз-өзіне қол жұмсау қауіпті қадам» шағын дәріс өтілді. Мақсаты



бет14/15
Дата23.09.2024
өлшемі221,74 Kb.
#204951
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Есеп психолог (2)

Желтоқсан айында сынып жетекшілермен «Өз-өзіне қол жұмсау қауіпті қадам» шағын дәріс өтілді. Мақсаты: Оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, педагогтарға кеңес. Нәтижесі: Сынып жетекшілерге келеңсіз жағдайлардың алдын алуға байланысты шағын дәріс оқылды. Дәріс барысында әлемдегі келеңсіз жағдайлар туралы айтылып түсіндіріліп өтілді. Сонымен қатар осындай жағдайларға байланысты педагогтарға кеңестер берілді. Сынып жетекшілермен жаттығулар өтіліп, келеңсіз жағдайларға байланысты видеороликтер көрсетіліп талданып өтілді. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Желтоқсан айында «Мен ғажаппын» тақырыбында психологиялық тренинг өтілді. Мақсаты: Педагогтардың эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Нәтижесі: Педагогтардың көңіл-күйін көтеріп, жұмысқа деген ынтасын арттырып, топтық қарым-қатынасты дамыту мақсатында жаттығулар өтілді. Жаттығу барысында мұғалімдер топпен жұмыс жасап, ұжымдық қарым-қатынасты дамытты. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.

Мектеп медбиесімен жасалынған жұмыстар
Қыркүйек айында 5-11 сынып оқушыларынан «Гигиеналық» тесті алынды. Мақсаты: Жасөспірімдердің өз денсаулығын қаншалықты ойлайтынын анықтау. Нәтижесі: Сауалнаманың қорытындысы бойынша оқушылардың өз денсаулықтарының ойлауы жақсы және орташа деңгейде.
Қараша айында 7-11 сынып оқушыларымен «Шылымдық қоспалар барса келмеске жібереді» тақырыбында кеңестер берілді. Мақсаты: оқушыларды темекінің құрамында кездесетін зиянды заттармен таныстыру. Нәтижесі: оқушылармен шылым қоспалары және темекінің құрамында кездесетін зиянды әдеттермен таныстыру әңгіме, сұхбат сабағы өтілді.
Желтоқсан айында «Тіс күтімі» тақырыбында кеңес берілді. Мақсаты: Баларға тіс күтімі жәйлі кеңес беру. Нәтижесі: Мектеп медбикесі 8-9 сынып оқушыларына тіс күтімі жәйлі кеңестер берілді. Кеңестер слайд түрінде жасалып, әр сыныпқа жеке көрсетіп түсіндірді. Кеңес барысында тіс иегінің саулығы үшін ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан қандай құралдармен тазалау керек екенін айтып түсіндіріліп өттілді.
Олар :

  1. Тіс щеткасы

  2. Тіс пастасы

  3. Тіс жібі ( флосс )

  4. Ауызды шайқауға арналған сүйықтық.

Слайдта әр сұраққа жеке-жеке тоқталынып түсінікті жазылған: «Тіс щеткасын қалай пайдалану керек?», «Тіс щеткасын қаншалықты жиі ауыстырып тұру керек?», «Тіс жібін қалай пайдалану керек?», «Ауыз шайқауға арналған сұйықтықтар», «Тілді тазалау жолдары».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет