Қарашаайында «Д.Ж.Брунер» әдістемесі алынды. Мақсаты: оқушылардың ойлауын және ойлаудың қай типіне жататынын анықтау. Нәтижесі: Әдістеменің қорытындысы бойынша оқушылардың ойлау типтері анықталды. Үш оқушыда заттық ойлау және бір оқушыда шығармашылық ойлау анықталды. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Желтоқсан айында «Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтардың назарына!» кеңес берілді. Мақсатым: Мұғалімдерге қабілетті балалармен жұмыс жасауға көмек беру. Нәтижесі: Пән мұғалімдерінің барлығына дарынды балалармен жұмыс істеуге байланысты кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс жасауға байлансты сұрақтар қойылып, талдаулар жасалынды.
Ата-анамен жұмыс Қыркүйек айында МАД және 1-сынып оқушыларының ата-аналарына «Психологиялық кеңес беру» атты тақырыпта кеңес берілді. Мақсаты: Ата-анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Нәтижесі: Ата-аналарға балаларды мектепке дайындау және қалай сабағына көмек беру туралы сынып жетекшілерімен бірігіп кеңе берілді. Карантиндік жағдайға байланысты кеңес слайд және видео түрінде жасалынып, ата-аналарға ватсап желісі арқылы көрсетілді.
Қыркүйек айында 4-5 сынып ата-аналарына «Ата-анаға айтылар ұсыныс» атты тақырыпта кеңестер берілді. Мақсаты:Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы ұсыныс. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы. Нәтижесі: 4-5 сынып ата-аналарына бала тәрбиесіне қатысты ұсыныстар берілді. Ұсыныс ата-аналарға сынып жетекші арқылы берілді.
Қыркүйек айында «Келеңсіз жағдайдағы мінез құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама, кеңес берілді. Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу. Нәтижесі: Келеңсіз мінез құлықтың алдын алу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру үшін. Сонымен қатар ата-аналарды келеңсіз мінез құлықтар жайында сауаттандыру мақсатында баяндама, кеңес берілді. Кеңес слайд түрінде орындалынып, ата-аналар чатына жіберіліп талқыланды. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.