II. «Түстер» әдістемесі.
Мақсаты: Оқушылардың түстерді тани білуін анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер: мектеп психологының жұмыс кітабы
Баланың алдына 12 түсті карточкаларды тізіп қояды: қара, қызыл, көк, жасыл, сары, күлгін, ақ, сұр, қоңыр, көгілдір т.б. осы түстерді атайды.
Әрбір тура аталған түске 1 ұпай беріледі.
Оқушылардың нәтижесі:
Жоғары - 72% Орташа- 28% Төмен- 0%
III. «Үйшік» әдістемесі (Н.И.Гуткина).
Мақсаты: Баланың зейінінің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер: мектеп психологының жұмыс кітабы
Балаға үйдің суретін барынша дәл бейнелеу ұсынылады.
Әдістеме үлгіге қарап бағытталу шеберлігін анықтауға , үйді дәл сондай күйде көшіруге, зейін ырықтылығының даму деңгейіне, кеңістікті қабылдауының дамуына көмектеседі.
Нәтижесі:
Жоғары –50%; Орташа –50% Төмен – 0%
3.«Графикалық диктант» әдістемесі.
Мақсаты: баланың ерік саласының даму деңгейін анықтау.
Нәтижесі:
Жоғары –80%; Орташа –20% Төмен – 0%
МАД сынып оқушыларының жалпы көрсеткіштері бойынша қорытындылай келгенде:
Зерттеу барысында оқушылардың басым көпшілігі қабілеттерінің жақсы деңгейде екенін байқатты. Оқушылардың мектепке, сабаққа деген көз қарастары жақсы. Мектеп өміріне бейімделуі жақсы деңгейде. Нәтижесінде:
Мектепке бейімделуі жоғары - 80%
Мектепке бейімделуі орташа - 20%
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің қорытындысы:
2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 7 оқушы қабылданды. Оның ішінде 4 қыз бала, 3 ұл бала.
Сынып жетекшісі: Қожабергенова Фазира
Қыркүйек айында 1-сынып оқушыларынан «К.Йерасек әдістемесі» алынды. Мақсаты: балалрдың жалпы психикасын, қимыл-көру, қимыл дағдыларының үйлесіруінің дамуын анықтау. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы:
Ережесі:
«Ер адамның суретін салу»
«Әріптерді көшіріп салу»
«Бір топ нүктелерді көшіріп салу»
Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі.
Нәтижесі:
Жоғары –75%; Орташа –25% Төмен – 0%
Мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау тесті (Керн-Йерасек) қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке дайындық деңгейі жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: |