С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп кмм 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психологтың жарты жылдық есебі Психологиялық қызметтің мақсаты


сынып оқушыларының бейіндік оқытуға дайындық жұмыстарының қорытындысы



бет5/15
Дата23.09.2024
өлшемі221,74 Kb.
#204951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Есеп психолог (2)

9 сынып оқушыларының бейіндік оқытуға дайындық жұмыстарының қорытындысы:
2021-2022 оқу жылында 9 сыныпқа 11 оқушы қабылданды. Оның ішінде 3 қыз бала, 8 ұл бала.
Сынып жетекшісі: Тайкен Гуля
9 сынып оқушыларының бейінді оқыту бойынша жүргізілген жұмыстар:
Қыркүйек айында оқушылардан «Кім боламын тақырыбына эссе алынды. Мақсаты: Оқушылардың болашақта кім болғысы келетіндіктерін анықтау. Нәтижесі: Оқушылардың барлығы кәзіргі сәттен бастап өздерінің болашақ мамандықтарын таңдау үстінде. Барлығы өздері қалаған мамандық иелері болғысы келеді.
Қыркүйек айында «Мамандық таңдау түрткілері» сауалнамасы алынды. Мақсаты: Мектеп оқушыларының мамандық таңдау себептерін зерттеу, олардың мотивациялық өрісінің құрылысын зерттеу. Нәтижесі: «Мамандық таңдау түрткілері» сауалнамасың қорытындысы бойынша оқушылардың мамандық таңдау себептері, өздерінің шығармашылықтарын жүзеге асыру мақсатында таңдап отыр. Бір оқушыда іскерлік сипаттағы түрткіні таңдады. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қазан айында оқушылардан «Стресс саған қалай әсер етеді» тесті алынды. Мақсаты: Оқушылардың стесске ұщырау жиілігін анықтау. Нәтижесі: Оқушылардың стресске үшырауы барлық оқушыда орташа дңгейде. Стресске жиі ұшырайтын оқушы анықталған жоқ. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қараша айында «Тұлға типтерін анықтау» (Дж.Холланд) әдістемесі алынды. Мақсаты: Мамандыққа икемділігін анықтау, қандай мамандыққа бейімді екенін талдау, болашақ мамандығын анықтауға көмек. Нәтижесі: әдістемесінің қорытындысы бойынша оқушыларда әртүрлі тұлғалық типтерге жататыны анықталды. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Желтоқсан айында «Мамандық өмір таңдауы» тақырыбында тренинг-жаттығу өтілді. Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазірге заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау. Нәтижесі: Тоғызыншы сынып оқушыларымен мамандықтарға қатысы тренинг-жаттығу өтілді. Жаттығулар барысында оқушыларға әр түрлі қызықты мамандықтарға қатысты ақпараттар берілді. Сонымен қатар мамандық таңдауға және таңдаған мамандығы жайында жақынырақ танып білуге бағыт-бағдар алды. Жаттығулар: «Сәлемдесу»; «Менен сұрақ, сенен жауап»; «Тізбекті үзбе»; «Мен мамандық әлеміндемін»; «Мамандық жасыр»; «Ең жақсы ойыны»; «Қазіргі заманның табысты мамандары»; «Жағдаятты сұрақ»; «Бұл кім». Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет