Қазан айында «Мен өмірді таңдаймын» семинар-тренинг өтілді. Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Нәтижесі: Жоғарғы сынып оқушыларымен келеңсіз жағдайдың алдын алу, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру және бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту мақсатында тренинг-жаттығулар өтілді. Семинар тренинг әр сыныппен жеке-жеке өтілді. Жаттығулар: «Танысу», «Мейірімділік алаңы», «Менің көңіл күйім», «Ақиқат орындығы», «Итке көмектесейік», «Іздеуді жалғастар», «Күн шуағы», «Сыйлық». Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қараша айында «Филипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі алынды. Мақсаты: Кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін анықтау. Нәтижесі: «Филипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесінің қорытындысы бойынша оқушыларда мазасыздық деңгейі төмен, тек екі оқушыда мазасызданудың жоғары көрсеткіш шықты. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қараша айында «Депрессия» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өтілді. Мақсаты: Оқушыларға депрессия жайында түсінік беру және түрлерімен таныстыру. Нәтижесі: Депресия тақырыбында оқушылрмен кездесу өтілді. Кездесу барысында оқушыларға депрессия жайында ақпараттар оқылып, оның түрлері, депрессияға түскен адамға қалай көмек көрсету керектігі туралы айтылып өтілді. Сонымен қатар оқушылар «Депрессияны болдырмау» тақырыбында постер қорғап, депрессия туралы оқушыларға видео көрсетілді. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Желтоқсан айында 5-8 сынып оқушыларынан «Ата-ананың балаға деген көзқарасы» сауалнамасы алынды. Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көзқарасын анықтау. Нәтижесі: Қорытындысы бойынша 5-8 сынып ата-аналарынан сауалнама алынды. Барлық ата-налардың балаларына деген көзқарастыры жақсы деңгейде. Баласына деген көзқарасы төмен ата-ана анықталған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |