Қараша айында тізімдегі оқушылармен «Оқушылардың эмоциялық-еріктік аймағын дамыту» жаттығулары өтілді. Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету. Нәтижесі: Тізімдегі оқушылардың сыныбымен бірге топтық жаттығу өтілді. Оқушылармен тиімді қарым-қатынасты орнату, сенімсіздікті жоюға, қобалжудан арылуға, өз-өзіне сенуді қалыптастыруға қатысты жаттығулар өтілді. Жаттығулар барысында оқушылар барлық өткілген жаттығуларға белсенділікпен қатысып отырды. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Желтоқсан айында «Ата-анамен қарым-қатынас» тесті алынды. Мақсаты: Оқушылардың ата-анамен қарым-қатынасын анықтау. Нәтижесі: Тізімдегі оқушылардың екеуініңде отбасындағы ата-аналарымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар
Қыркүйек айында 8-11 сынып оқушыларымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбында баяндама оқылды. Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы. Нәтижесі: Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау үшін және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтілді. Кездесу әр сыныпен жеке-жеке өтілді. Кездесу барысында құқық бұзушылыққа қатысты түсіндірме берілді. Құқық бұзушылыққа қатысты оқушыларға сұрақтар мен жағдаяттар қойылып отырды.
Қазан айында 7-11 сынып оқушыларымен «Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар» жаттығулар өтілді. Мақсаты: Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Нәтижесі: Жоғарғы сынып оқушыларымен қарым-қатынасты дамытуға қатысты түзету-дамыту жұмыстары өтілді. Түзету жұмыстары әр сыныппен жеке-жеке өтілді. Өтілген жаттығулар: «Бет-әлпетті еске сақтау», «Ол қалай күледі?», «Мен басқалардың көзімен», «Өзіңді бағалау», «Көңіл-күйге ортақтасу», «Күлкі».
Достарыңызбен бөлісу: |