Содержание практических



бет14/16
Дата26.05.2023
өлшемі43,98 Kb.
#177789
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
252655638215 Шарттық құқық (семинар)

Тақырып- №12. Конкурстық міндеттемелер. Тендер. Аукцион.
Тапсырмалар:
1 тапсырма Конкурстық міндеттемелер. Конкурстық міндеттеменің мазмұны. Сыйақыға жария уәде беруден, тендер мен аукцион және басқа да Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес сауда формаларынан туындайтын конкурстық міндеттемелер. Тендер. Аукцион.
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
Иваново қаласында 10 наурыз күні бұқаралық ақпарат құралдары көздерінде қалалық әкімшілікке тиесілі ғимаратты қайта құру шартын жасасу құқығына байланысты жария конкурс өтетіндігі хабарланады. Конкурс шарттарына сәйкес оған Иваново қаласында қызмет ететін, тұрмыстық емес объектілердің қайта құруын жүзеге асыруға арнайы лицензиялары бар құрылыс фирмалары қатыса алатындығы айтылады. Конкурс жеңімпазы қалалық әкімшілік есебінен қайта құрастыру жүргізілетін ғимаратқа тиесілі жерде өз фирмасының атауы мен көрсететін қызмет түрлері туралы жарнама қалқанын орналастыра алатындығы көзделеді. Фирмалар 1 мамырдан кешіктірмей ғимараттың қайта құруына байланысты техникалық құжаттарын өткізуге міндеттенеді. Құжаттардың келесі бағалануы конкурс жеңімпазын анықтауы тиіс. 4 сәуір күні қалалық әкімшілік сол бұқаралық ақпарат көздерінде өзіне байланысты емес себептер бойынша конкурстың болмайтындығын хабарлайды. Осыған байланысты сөз сөйлегенде қалалық әкімшілік басшысы конкурстың болмауы туралы шешімі заңға қарсы еместігін, мұнымен қоса оның болмауы туралы шешім конкурс туралы хабарланған уақыттың бірінші жартысында жасалғандығын айтады. Келесі күні конкурс шарттарын орындауға кірісіп кеткен құрылыс фирамалары өздері тартқан шығынның орнын толыруын сұрап, конкурстың болмауы туралы шешімді заңсыз деп қалалық әкімшілікке келеді. Мұнымен қоса әкімшілікке келген фирмалар әкімшілік есебінен жарнамалық қалқанын орнатуды талап етеді.
Құрылыс фирмаларының талабы орынды ма? Сыйақыға жария уәде ету мен жария конкурстан туындайтын міндеттемелердің негізі қандай? Аталған міндеттер қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтарға ие?
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет