СөЖ 1 Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі»


СӨЖ 4 Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оларды анықтау әдістері



бет9/19
Дата07.02.2022
өлшемі246 Kb.
#82492
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
СӨЖ 1-7 Банк ісінен

СӨЖ 4 Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оларды анықтау әдістері
Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

  1. несиені қайтару;

  2. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

  3. бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
    Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау шін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерт-теулер орталығы дайындап, ҚР, Ұлттық банк Директоратының 27 қырқұйек 1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нқсқауың, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдың бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (үйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф — мерзімді — тоқсандық формалары) және «Кәсіпорынның (үйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-з — мерзімді — тоқсандық— жылдық формалары).
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, ала-шаң қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пас­сив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары;
    күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған каражаттар қалдықтары);

  2. жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; бере қабілетін бағалауда мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады.

Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда көзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысун бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылытар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициент қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақта алашақ қарыздық сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттық нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:
• қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);

  • өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы);

  • өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

  • материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (етімді қаражаттардың айналысы);

  • жұмыстың маусымдылығы.

Өтімді қаражаттардың мөлшерінің темендеуіне ықпал етушілерге мыңалар жатады:

  • ағымдағы қызмет зияндары;

  • өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;

  • өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;

• күрделі қаржы жұмсалымдарға мобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.


СӨЖ 5 Несиелендірүді ұйымдастыру


Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық. заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
/ топқа жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

  • несиенің мақсаттылығы;

  • несиенің дифференциалдығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет