Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет82/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық / үшінші (негізгі) деңгей. (2012). - Астана 
 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ» 

Ахалиева Айнур Бахыталиевна 
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі 
 
Балаға күштеп білім беруден гӛрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту 
ең маңызды мақсат 
К.Д. Ушинский 

Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім 


кӛп ізденеді. Сабақтың тиімді ӛтуіне жұмыс жасайды. Білім сапасы оқушының
сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты. Сабақ үстінде
оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, осы жерде мұғалім 
оқушыға дұрыс бағдар беруі қажет. Бағдарламаның 7 модулінің мәнмәтіні 
негізінде «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік 
оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Себебі оқушылар диалог әдісін қолдана 
отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру 
арқылы білім алады. Оқушылар ӛзара сабақты талдау арқылы, түрлі ойлар 
болады. Бір- бірімен сұхбаттасады, ӛз ойларын дәлелімен жеткізуге тырысады. 
Мақсаты: 
Диалогтік оқытуды бағдарламаның басқа модульдерімен ықпалдастыра 
отырып, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру
 
 Міндеттері: 
-әңгімеге тарту арқылы оқушылардың оқу белсенділігін арттыру 
- бірлескен іс-әрекет барысында оқушылардың арасында ұйымшылдық,
ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;
 
-Блум таксономиясының жоғарғы саты тапсырмалары арқылы ойлау, ой 
қорыту, ӛмірмен байланыстыру мүмкіндіктерін ашу;
 
-жинақталған 
деректерді, қосымша мәліметтерді талдауға, қолдануға 
дағдыландыру;
 
-тапсырманы орындау барысында топ мүшелерінің идеясына қорытынды
жасауға үйрету. 
Тіл – диалогтік қарым- қатынастың негізгі бастауы. Тілсіз адам баласы 
қарым – қатынасқа түсе алмайды.Тілсіз диалог жоқ, диалогсыз тіл жоқ деп 
тұжырым жасауға болады. Бұл сӛйлеу, сӛйлесу арқылы жүзеге 
асады.Сондықтан топтағы диалогтік қатынас оқушылардың тіл байлығының 
артуына, сӛздік қорының молаюына септігін тигізеді. 
Диалогтік оқыту топтық жұмыста іске асады. Топқа бӛліну – тапсырмаларды 
орындау барысында оқушыларды ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа баулуға, 
сол арқылы проблеманы шешуге, нәтижеге жетуге ұмтылдырады. Топтық 
жұмыс оқушыларды сенімділікке , ӛзін еркін ұстауға, ойын еркін жеткізуге 
тәрбиелейді, ӛзін - ӛзі ортада ұстай білу мәдениетіне, мәдениетті сӛйлеу
дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.. Бірін – бірі тыңдауға, сыни ойлауға, 
ӛзінің пікірін айтуға құқығының бар екендігін сезінеді, пікірлердің сан алуан 
болатындығын жақсырақ түсінуге үйренеді. Ӛздерінің идеяларымен шағын 
топтарда ӛзінің құрдастарымен бӛлісе алады. Сонымен қатар, білім беру 
процесінде мұғаліммен сұрақ-жауап түрінде ӛзара қатынасқа түседі. 
«Ӛзара қатынас» әдісінің негізгі ерекшелігі – ашылу үдерісімен (ӛзін-ӛзі ашу) 
байланысты, оның негізгі мәні оқушылардың білім алу дағдыларын ӛзара 
қарым – қатынас арқылы меңгеруінде. С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде 
және ізденіс оқыту ретінде» атты әдістемелік кітабында « қатынас дағдысының 
қалыптасуына және әлеуметтендіру үрдісіне ерекше кӛңіл бӛлінеді. Топтық 
жұмыс және ұжымдық қызмет әдістері кӛбінесе мәселені іздеуде және 


зерттеуде дербестік дағдысына ие болуға мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге 
әркімнің ӛз тобында танымдық үрдісі үшін жауапкершілігі артады» делінген.
Cынып үшін топтық жұмыстарда диaлoгтік oқытy apқылы oқушылapдың 
шығapмaшылық қaбілeттeрiн дaмытyдың мaңызы зор. Ӛйткeні біз сaбaқ 
бeрeтiн
8-қaзaқ cыныбындa жиыpмa тӛрт oқушы бap.Оқушылардың барлығының 
мінез-құлқы, қабілеттілік деңгейі әр алуан болып келеді. Сӛйлеу, ойлау, пікір 
айту дағдылары біркелкі емес. Кeйбiр oқушылap aз ғaнa жaттaнды жaуaп бepсе, 
жоғapы бaғaлaнaтын жағдайлар кездеседі. Осы мәселені шeшудe топтастыру 
арқылы диaлогтiк қатынасқа түсіріп, oқушылapды шығaрмaшылыққа баулудың 
мaңызы зop дeп eсeптeйміз. 
Сыныптa ӛтeтiн кӛптeгeн әңгімeлeрді ұйымдaстыpyдa мұғaлiмнiң әңгiмe 
бaрыcын, oның тaқыpыбын, ӛзектiлiгi мeн мәндiлiгiн, ұзaқтығы мeн 
орындылығын бaқылaп отыpyы мaңызды. Кӛп жағдaйдa сыныптaғы тaлқылay 
мұғалімнің бaсқapyымeн тaқырып тӛңірeгiндe, оқушының дұрыстaп жәнe 
орнымeн нeнi, қашaн жәнe қaлaй aйту қaжeттiгi сипaтындa болaды. Кӛптeгeн 
сыныптaрдa оқушылapдың әңгiмeгe қaтыcуғa құқықтаpы шeктeлгeн. Дәл осы 
жағдайлаp біздің сыныбымыздa дa opын aлған. Coндықтaн дa ӛз cынып caбaқ 
үдерiсiндe диaлогтiк oқытyдa оқyшылapдың белсенділік қaбiлетiн дaмытyдың
мaңызы үлкeн дeп eсeптeдім. 
Ӛйткені: 
- Оқушы мeн мұғaлiм apaсында кepi бaйлaныc opнaуына әсер етеді
- Оқyшы ӛз пiкiрi мeн идeяcын ұcынып, тaқыpып бoйыншa ӛз oйын eркiн
жеткізеді; 
- Оқyшы ӛз ұcтaнымын, пікірін дәлелдейді; 
- Мұғaлiм oқытып oтырғaн оқyшыcының дeңгeйі қандай дәрежеде eкeнiн 
анықтайды; 
-Оқyшылap apacындa ӛзapa бipлecкeн ынтымaқтacтық opнaйды. 
Бұл тақырып мектептің білім беру және тәрбие беру жүйелерінде де жүзеге 
асады. Мектептің: «Заманауи әлемде дарынды балалардың ӛзін-ӛзі 
қалыптастыруына жағдай жасау» тақырыбы оқушылардың ӛздігінен білім 
алып, ӛмірге бейімделуіне зор ықпал етеді. Оқушылар бір-бірімен 
ынтымақтастық қарым-қатынаста мектептің даму жоспарына ӛз үлестерін 
қосады және заман талабына сай ӛмірге бейімделетін жеке тұлға ретінде 
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет