Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет106/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
esse kychakova a.yu , 1 ОЖСӨЖ, КТЖ-8 сынып 2 сағ дұрысы (3)(1), 7 synyp fizika pnnen zerthanaly zhmystar 1421073646 83055, 70 сұрақ, 70 сұрақ, 70 сұрақ, ea9aefc2-5dec-47b9-81e0-fbcf35756848, Толағай тауының тарихын айтшы, эссе Динара (1), httpslib.nsu.ruxmluibitstreamhandlensu584Задачник Физическая20химия.pdfsequence=4&isAllowed=y
ТҮЙЕЖАПЫРАҚ (
ARCTIUM TOMENTOSUM MILL
) ТҮРІНІҢ ӨСІМДІКТЕРІНЕН 
ЗАТ АЛУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ 
ЗЕРТТЕУ 
 
Усинбай А. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д, проф. Жусупова Г.Е. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
Соңғы жылдары дәрілік өсімдіктермен емдеуге атап айтқанда дәстүрлі медицинаға 
деген қызығушылық айтарлықтай өсті. Біздің ғасырдың басында дәрілік өсімдіктер барлық 
қолданылатын дәрі-дәрмектердің 80%-ын құрады, бірақ содан кейін синтетикалық
антибиотикалық, гормоналды және басқа препараттар оларды едәуір алмастырды. Алайда, 
синтетикалық препараттарды жасаудағы керемет жетістіктерге қарамастан, өсімдіктерден 
алынған дәрі-дәрмектер қазіргі ғылыми медицинада маңызды орын алады. 
Халықтық медицинада жеткілікті зерттелмеген және танымал дәрілік өсімдіктердің 
қатарына 
Arctium
тұқымдасы да жатады. 
ТМД аумағында осы 
Arctium
тұқымының 11 түрінің 8-і өседі. Бұл тұқымның түрлері – 
жалпақ жапырақты мезоморфты шөптер, негізінен арамшөптер, рудеральды, өте кең 
таралған, негізінен солтүстік, қоңыржай ылғалды орман алқаптарында, кейбіреулері ылғалды 
және көлеңкелі ормандарда өмір сүреді және ешқашан құрғақ жағдайда болмайды. Өсу 
биіктігі 60 - 150 см, сабағы тік, күшті, бойлық ойық, жасыл немесе қызыл түсті өсімдік. 
Бұрын айтылғандай, түйежапырақ ұзақ уақыт бойы халықтық медицинада жаңа түрінде де, 
инфузия, отвар, сондай-ақ түйежапырақ майы түрінде де кеңінен қолданылады. Өсімдіктің 
тамырында 45% дейін инулин полисахариді, 12,3% ақуыз, эфир майы, пальмитин, стеарин 
қышқылы, ситостерол және стигмастерин бар.
Зерттеу нәтижелері бойынша жұмыс жасау кезінде түйежапырақ үлкен (
Arctium lappa 
L
.) және өрмектелген (
Arctium tomentosum Mill
) түрімен жұмыс жасап, үлкен 
түйежапырақтың ылғалдылығы - 7,3% өрмектелген түйежапырақтың ылғалдылығы - 5,2%. 
Флавоноидтер, илік заттектер, полисахаридтер және басқа сандық көрсеткіштер анықталды. 
Алынған мәліметтерге сүйенсек, түйежапырақ тамыры биологиялық белсенді заттарға бай 
дәрілік шикізат деп айта аламыз. Хроматография, ультрадыбыстық экстракция әдістерді 
пайдалана отырып жұмыс жалғасуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет