Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»


Тақырып: Интерактивті оқыту әдістері. Сағат саны: 1 Мақсаты



бет12/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)
СРС-ОЗ-2курс-2014-каз, Сборник стартовых диктантов (1), Дәріс 11, Жексенов Нурберген 6 апта, ФИЗИКА кантекст
Тақырып: Интерактивті оқыту әдістері.
Сағат саны: 1
Мақсаты: Интерактивті оқыту әдістерін оқу үдерісінде қолдану ерекшеліктерімен танысу
Дәрістің мазмұны
1.Интерактивті оқыту үрдісіндегі мінез-құлық қалпы.
2.Үлкен шеңбер, аквариум әдістерінің құрылымы.
Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алады:
Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәселенінін, ережелерін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы керек;
Мұғалім оқытуды ұжымның өздеріне тән –ерекшеліктерімен есептесіп, олардың бірлесіп жұмыс жасауға дайындық деңгейіне сай ұйымдастыру қажет.
Мұғалім бұл әдістің мақсаты мен міндеттерінің маңызды көңіл аударарлық рөлін естен шығармай, әдісті қандай мақсатта таңдаған көз алдына анық елестете білуі керек;
Мұғалім пайдаланатын әдістердің нәтижесін болжай отырып, біртіндеп кезең-кезең бойынша қолданылуын алдын ала көре білуге тиіс.
Интерактивті әдістірді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен шығармауы абзал:
Бірінші ереже: Жұмысқа сынып мүшелерін түгел қатыстыру. өйткені, бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды түгел танымға жұмылдыру.
Екінші ереже: Оқушылардың осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау. Қатысушылар өздерін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақдап, қолпаштап отырғаны дұрыс.
Үшінші ереже. Оқушылардың саны көп болмай, жоғары сыныпта 30 адамнан аспағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет.
Төртінші ереже. Жұмыс жасайтын орынның талапқа сай болуы, яғни оқушылар топ, жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп-тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушылар бірін-бірі таңдау, тақта, компьютер, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала алатын жағдайды алдын ала қарастыру.
Бесінші ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау, қатысушылардың өз еріктері бойынша бөлінуіне жол беру.
Интерактивті әдістерге адамның өзара іс-әрекеттерімен өзара қарым-қатынасы жатады. Интерактивті әдісті өлшеуде адамның ұжыммен «шындықты» іздеген кезде интелектуалдық белсенділікке күштірек әсер ететіні қарсыластық, жан күресі және бақталастық. Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері:
1) эвристикалық әңгіме
2) дискуссия
3) «миға шабуыл»
4) дөңгелек үстел
5) «іскерлік ойын» әдісі
6) практикалық жұмыс сайысы, оның талқылануы
Осы әдістерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ:
Эвтистикалық әдіс- Сократтың «эвристика» деген сөзінен шыққан (гр табамын, ашамын, іздеймін). Бұл әдіс оқушының қойылған сұраққа өздігінен, дұрыс, нақты шешімге келіп, дұрыс жауап беруіне бағытталған. Эвристикалық әңгіме- педагогика да бұл әдіс проблемді оқыту әдісі болып саналады немесе проблемді-ізденістік әңгіме ретінде қолданылады. Бұл әдісте әңгіме кезінде ойлау ізденісі, ұжымдық ізденіске айналады, яғни бұл оқушылардың бір-бірінің ойларын алмастырып, өз пікірлерін, әртүрлі варианттағы шешімдерін қабылдаулары, ортаға ой таратулары кезіндегі болатын оқушылардың өзара іс-әрекет, өзара көмек шынайылығын іздеудегі бір-бірімен ой алмасуының , ұжымдық ізденіске ие болуы.
Дискуссия - бұл оқу программасының теориялық сұрақтарына арнайы программаланып еркін талқыланатын әдіс. Психологиялық жағынан дискуссия: біріншіден дискуссия – бұл әртүрлі пікірлердің арасында өтетін интенсивті күрес, яғни әңгімеден басталып таралатын тілдік әрекеттің диагностикалық формасы. Дискуссияның ерекшеліктері- бұл жай ғана пікірлерден емес, дәлелденген, құрастырылған, ойлау белсенділігінің жоғарылылығынан туындаған пікірлер болуы керек. Екіншеден, пікірлердің түйісуі талқылау кезінде ой туындатады, бұл әртүрлі, біртұтас емес, қарама-қайшы ойлардың туындауына әкеледі. Дискуссия әдісі- семинар- дискуссиялар, семинар- практикумдар, практикалық және лабораториялық жағынан жүргізілген жұмыстар қорытындыларын талдаудағы студенттердің өз ойларын жеткізу кезінде, топтық формада қолданылатын әдіс.
Кейбір кезде лекция-дискуссия қолданылады, лектор материалды түсіндірмес бұрын аудиторияға бағытталып, қысқа және жылдам жауапты талап ететін арнайы сұрақтар қояды. Ал егер аудиторияға дискуссиондық сұрақтар қойылатын болса, онда ұжым тез арада әртүрлі жауаптар қайтарады және лектордың сабағын талдауын мұқият тыңдауға әзір болады.
«Миға шабуыл» әдісі оқыту әдісі ретінде әлі де ЖОО-ң пратикасында қолданылып үлгерген жоқ. Бұл әдіс басқару жүйесінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аймағында дамыды. Ол әсіресе, экономикалық басқару әрекеті менеджментте кеңінен қолданылады.
Миға шабуылдың алтын ережесі- қатысушылардың айтқан пікіріне күмән келтірмеу, сынамау, пікірлердің толық еркіндігі, тіпті әдепсіз болса да. Миға шабуыл бұл дұрыс шешімді іздеу мақсатында ғылыми зерттеуге бағытталады. Мұнда әртүрлі көзқарастар пайда болып, соның нәтижесінде белгілі бір шешім қабылданады, яғни белгілі бір мәселені талқылау арқылы қандай да бір жетістікке жетуге ұмтылады. ЖОО экстровагантты әдісті қалай қолданады? Бұл әдісті психология саласында қолдану мүмкіндігінің диапозоны өте тар, бірақ миға шабуыл әдісі білім алушыларды қандай да бір мәселені шешу қиын екендігін сендіру мақсатында қолданылады. Мысалы, экономикалық мәселе (жалақының шешілуі), педагогикалық мәселе ( адамгершілік қазіргі жастардың бостандығы, тәрбиенің мақсатары аралығындағы қарама-қайшылық), әлеуметтану (саяси іс-әрекеттің рентингісін интерпритациялау), психология (психика дамуының заңы және білім беру мен тәрбиелеудің практикасы).
Миға шабуыл әдісі, жасөспірімдерге жүргізуде өте тиімді болып табылады. Негізінен бұл әдіс көмегімен ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық ізденіске ұмтылуға көп септігін тигізеді.
Дөңгелек үстел әдісі - әдетте саяси және ғылыми бағытталып ұйымдастырылады. Ой-пікірлердің алмасуынан олар белгілі бір қорытындыға келеді, яғни әр түрлі көзқарастарға сүйенеді.
Әдетте бұл әдіс оқытуда теориялық білімді тереңдету мақсатында жүргізіліп және әртүрлі кәсіби маман ретінде ғылым аспектісі бойынша мәселелер қарастырылады. Мысалы, заң факультетіндегі студенттерге психология бойынша «заңгерлердің тұлғалық іс-әрекеті», «қылмыстық мінез-құлықтың психологиясы» т.б. секілді тақырыпта дөңгелек үстел әдісін жүргізуге болады.
Дөңгелек үстел әдісінің басқа формалары да бар. Мысалы, студенттік оқу-әдістемелік конференциясы, мұнда жалпыға ортақ тақырып таңдалынып, талқыланады.
Іскерлік ойын әдісі - оқыту процесінде әр түрлі бағытта қолданылады.ол оқытушының басқаруымен, студенттердің өзіндік ұйымдастырушылығымен, жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Көп жағдайларда іскерлік ойындарды басқарушы маман студенттерге қолданған тиімді. Мысалы, әскери оқуда оқитын студенттерге командир болу мақсатында жүргізілгенде. Бұл әдістің тиімділігі- студенттердің ақыл-ойын дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру, кәсіби маман болуына шеберлікті дарыту болып саналады. Сонымен қатар студенттер іскерлік ойында әр түрлі рөлдерге ене алады: мұғалім, әдіскер, білім беру департаменті, сараманшы студент т.б. ойын алдын-ала сценарий бойынша дайындалып, рөлдер бөлініп қояды.
Іскерлік ойын оқытуда қолданылуы студенттердің сол ситуациялық жағдайдан шығуына, өмірге шын көзқараспен қарау арқылы шығармашылық, кәсіби қабілеттерін шыңдай ала алады.
Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері:
1 кезең. Мұғалім тақырыпты таңдауы, мақсат-міндеттерді белгілеп күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын ьарысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.
2 кезең. соңғы оқу материалын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу, сценарииді дайындау, рөлдерге бөлу.
3 кезең. Мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сценарииімен, мақсатымен мазмұнымен таныстыруы. Оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, мұғалімнің оқушылардың ойын басқаруы, ойын барысын нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы.
Интерактивті жаңа оқыту әдістерінің бірі –тренинг. Мұның жаңа әдіс болуының себебі:
1-ден Батыста психокеррекциялық жұмыста ғана топтық тренинг негізінде қолданылады.
2-ден бұл әдіс психологияны оқытуда студент үшін тиімділігі жоқ делінде. Кейін, бұл әдіс топтық түрде жүргізілуі теорияның практика түрінде іске асырылуы мен сипатталады. Алайда, тренинг әдісі аз қолданылады. Оған бірнеше себептер бар:
1-ден бұл жаңа әдіс болғандықтан, әлі көбі біле бермейді.
2-ден бұл әдіс күрделі болғандықтан, көп уақытты алады.
3-ден оқытушы үшін әлеуметтік психологияда қандай мәселе төңірегінде топтық тренингті қолдану керек екендігі беймәлім, әрі көбі түсіне бермейді.
Топтық тренингті жүргізу үшін оқытушыға көптеген жауапкершілік пен талап қойылады. Дайындыққа мыналар жатқызылады:
а) тренингтің жоспар-сценариісімен жұмыстану.
б) мәселенің шешімін табудағы белсенді қатысумен жұмыстану.
в) оқытушының өзіндік дайындығы (тренинг жүргізудегі өз мінез-құлқын реттеу: сұрақты қалай қою керек, жауапқа қалай әсер беру керек, топқа қатысушылардың мәселе шешудегі шешімдерін салыстыру; дұрыс емес шешімге қалай әсер беру керек; қай уақытта қорытындыға келу керек, тренингте студенттердің белсенділігін қалай бағалау керек т.б)
г) қатысушыларға рөлдерді бөлу
Рөлдерге бөлу таңдалынған тақырыпқа байланысты орындалады.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг – тұлғаның қоғамдағы белсенділігіне, адамдармен қарым-қатынасқа түсу деңгейін жоғарылатуға бағыталады. Бұл тренингтің тиімділігі студентті қоғамдық өмірмен байланыстылығын шыңдайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Интерактивті әдістерді жіктеңіз?

  2. Интерактивті әдістерді қолдану ережелері қандай?

8 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет