Жарғыштарға қойылатын талаптар. Жарғыштарға қойылатын жалпы талаптар: ұнтақталған материалдар өлшемнің кіші шашылымдылығы; бөлшектеуге (жаруға) қуат шығынының қысқаруы үшін ұнтақталған материалдың бөлшектеу зонасынан жылдам жойылуы; минималды шаңның пайда болуы; бөгде заттардың бөлшектеу зонасына түскен жағдайда сынудан, қираудан сақтайтын құрылғының болуы, тозу элементтерінің жеңіл ауыстыруы.
Беткі, немесе жақты (щековые) жарғыштар. Тағам өнеркәсібінде оларды пештерде көмірқышқыл газды алуда, қызылшадан қантты өндіру зауыттарда және ақ балшықты ұсату үрдісінде қолданады. Беткі бөлшектегіште (жарғыштарда) (2 сурет) материал бөліктерінде қозғалатын және қозғалмайтын беттерде басылады.
Бетті бөлшектегіш жұмыс кезінде қарапайым және кепілді болады. Оларда қозғалыс беттер қисықшипалы –шатунды механизіммен іске асады, сондықтан да олардың фундаменттерінің белгілі вибрациясын құрады. Егер де гидроприводты қолданса, вибрация кемиді.
Конусты (гидрационды) бөлшектегіш материалды сыртқы конусы және пестик арасында басады. Пестик 2, айналғанда өзінің өсімімен коналы беткі жағын 3 көрсетеді. Нәтижесінде конустың және пестиктің аралығы өзгереді және олардың арасына түсетін материал бөлшектелінеді. Ірі және орташа бөлшектеу үшін қолданады.
Білікті бөлшектегіштер (жарғыштар) материалды қысу және қажау жолымен бөлшектейді (сурет 2). Егерде біліктерді иректелген (рифленные) пішінде дайындаса, оған түскен материал тағы да ұсатылады (жарылады). Оларды орташа, ұсақ және жұқа бөлшектеу (жару) үшін қолданады. Білікті жарғыштарда горизонтальды остен айналым жасайтын біліктердің саны бір немесе бірнеше жұпты біліктерден құралуы да мүмкін. Біліктер бір -біріне қарама –қарсы айналып тұрады.
Балғалы бөлшектегіш (жарғыш) (2,г суреті) түсетін материалдарды айналмалы балғамен және қозғалмайтын рифленді декаға 2 материалдың соғуымен бөлшектейді. Ұсақталынған материал жүк түсіретін зонаға 3 ситосы арқылы өтеді, егер материал елеуішпен (ситамен) ұсталып қалса, ол аэродинамикалық күшімен жару (бөлшектегіш) зонасына қайта оралады. Балғалы бөлшектегіштерді (жарғыштарды) нәзік материалдарды орташа, ұсақ және өте жұқа бөлшектеу үшін қолданады.
Балғалы жарғыштарда олардың балғалары остерінде бос тербелетін остерінде орнатылады. Айналу кезінде балғалар радиалды пішін (тәртіп) түрінде орналасады (жақын түрінде). Материалдың бұзылуы (жарылуы), балғалардың ұштарындағы жоғары айналмалы жылдамдықтың әсерінен соғылу кезінде пайда болады (материал бұзылуын қамыту керек). Бұл үрдіс қозғалыс сақтау заңына бағынады.
Матариалды өте жұқа ұнтағына айналдыратын (қамтамасыздандыратын) дезинтегратор жарғыштарда (2, д суреті) материал үлкен жылдамдықта әр түрлі жаққа айналатын екі дискінің арасында ұсатылады. Дисктердегі әр бармақтар (била) өзгеше жасалынады - олардың әрқайсысы екінші дисктің бармақтарының екінші қатарының арасында орналасқан. Дисктің айналу жиілігі -200...1000 айн/мин, соғу жылдамдығы -300 м/с –ке дейін, соғу жиілігі -103...104 1/с. Дисктік бөлшектегіштегі сыртқы диаметрінің жылдамдығы 7...8 м/с –ті құрайды.
Бір дискі қозғалмайтын, қалғандары қозғалатын ұнтақтағыш (ұсақтағыш) дисмембратор деп аталады. Егер дисмембратордың осі тігінен (вертикалды) орналасса, ондай құралды энтолейтор деп атайды.
Шарлы (стерженді) диірмендерде (ұсақтағыштарда) түсетін материалдар құлайтын шарлар (2, и суреті) және стержен арасында ұсатылып және үйкеленіп жарылады. Шарлы диірмен материалдарды ұсақ және өте жұқа фракция алу үшін қолданады. Олардың тірегі арқылы берілетін тік (вертикалды) жазықтықта диірмен (ұн тартқыштың) барабанына вибрационды қозғалысты хабарлап ұсату (бөлшектегіш) дәрежесін жоғарлатуға болады.
Ағынды диірмендер (2, л суреті) материалды газды ағында (струяда) оның бір бөлігін екіншісімен соғу арқылы үлкен жылдамдықта бөлшектелінген бөліктерді айдап жарады. Сонымен қатар негізгі әсерді бөлшектегішке олардың беткі жағының жауапты үйкелісі бөліктердің жарылуына (ұсатылуға) апарады.Ағынды диірмендер материалдарды ұсақ немесе өте ұсақ фракция береді.
Коллоидты түрде жаратын диірмендер бөліктердің жабысуынан сақтайтын дисперсті ортаның қатысуымен (сұйық немесе газ) материалды қуыссыз ара қатынаста заттардың жарылуын туғызады және бұл жағдайда бөлшектер бір – бірімен жабыспайды. Жарылу үрдісі айналатын ротормен қозғалысқа кіргізіледі, ал қозғалмайтын корпус материалды ұстап жібермеуге апарады сол себептен олардың ұсату бөліктері сұйықтарда бірнеше рет айналып ұсатылады (құйынды эффект).
Кесу –материалға арнайы пішін беріп, өлшемін және беткі жағының сапасын түзеп бөлу үрдісі. Кесу қондырғылардың жіктеуі:
- бағыты (тағайындалғаны) бойынша –нәзік, қатты, серпімді, байланғыш –пластикалы және біркелкі емес материалдарды кесу үшін.
- іс-әрекет принципі бойынша –кезендікті, үзілссіз және көп әрекетті (комбинирлі);
-кесетін элементінің (құралының) түріне байланысты –пластикалық, дисктік,
- шнектік (струналы), гильотинді, роторлы, ағынды (струйные), (сұйықтық және пневматикалы), ультрадыбысты және лазерлі;
- кесетін құралдың қозғалыс сипаты бойынша – осінде айналатын, барып- қайтарымды, жазық параллельді, бұрылыс және вибрационды қозғалыспен;
- кесу кезіндегі және оның бекіту түріндегі материал қозғалсының сипаты бойынша.