Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Студент хрестоматиясынан А.Құнанбаев қара сөздерінің мән-
мағанасын түсіндіріңіз
2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік
ұғымын сипаттаңыз..
4.Адамның биік құндылығына не жатады?
Тақырыбы: Махаббат келбеті.
Мақсаты: студенттердің өзара сыйластық пен сыпайылыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға, үйлесімді қарым-қатынас, адамды құрметтеу, қарым-қатынаста шынайы болуды, жақсылық жасау, достықты қадірлеу, жолдасыңа көмек көрсету, өзара ұйымшылдық пен бірлікке т.с.с адамгершілік-рухани қадір-қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Жоспар.
1. Жүрек мәңгі мекенім.
2. Сезім сапаларының қырлары мен қарым-қатынас түсінігі.
3. Рухани келісім ұғымына түсінік.
1. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.
Осынау адамгершілік қасиеттерді жоғалтуға болмайды. Ал, жаңа адамдық ұстанымдар жастар тәрбиесінен басталуы керек. Ол үшін Отанды, Қазақстандық
құндылықтарды тәрбиелеу қажет. Осы орайда идеологиядан гөрі насихат туралы баса айтқан жөн.
Адамдарды ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлуге болмайды. Халықтардың достығы, теңдігі, өзара келісім мен сенім-біздің идеологиямыз осылар болуға тиіс”- дей келіп Елбасы мемлекеттік идеологияның, тәлім-тәрбиенің өзегі, негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетті.
Олар: достық, ұлттық, идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және Экономика. Осы міндеттер жүзеге асар болса, ол мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болмақ”.
Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана тұлғаны құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.
Адамгершілік сапалары:
- адалдық;
- махаббат;
- сүйіспеншілік;
- парасаттылық;
- ізгілік;
- моральдық сана сезім.
Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады. Адамгершілік моральдық қадір – қасиеттеріне:
Қоғамға:
- идеялық;
- ұжымдық;
- отаншылдық;
еңбекке, оның нәтижелеріне:
- еңбекқорлық;
- тәртіптілік;
- ұқыптылық;
өзіне және өзге де адамдарға:
- қайырымдылық
- мейірімділік;
- принциптік;
- табандылық;
Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани - адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.
2. Сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына әсер етеді. Ішкі сезім, көңіл күйдің бұзылуы адамның адамдық негізгі қасиеттерінің көрінісіне өз әсерін тигізеді.
Бұндай уақытта адам өз сезімін қолына ұстап басқара алатындай жағдайда болу қажет. Сонда ғана студент үшін жайсыздық туындап тұрса да ол басқа адамдармен қарым-қатынас уақытында өз сезімін қолға алып басқара алу негізінде өз күйін өзге адамға көрсетпей біркелкі дұрыс қарым- қатынас жасай алады.
Осы арада педагог Н.В Данилов: «Егер сезім адамды басқаратын болса, онда бұндай жағдайда күйзеліс пайда болады» - деп суреттейді. Сезімді реттеу, бойындағы күйзелістік жағдайды тарқату, бұл үнемі өзін қандай күйде де (қатты ашулану, өкпелеу, шексіз қуану) үлкен шыдамдылықпен, өзін-өзі жеңе білумен ішкі және сыртқы әрекеттерге қарсы тұра алу төзімділігін қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Сезім толқыныстары адамның бойындағы ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады.
Сыртында: адамның келбеті, тұрысы, ымдауы, ишараты, дем алуы, дауысының өзгерісі, көзінің қозғалысы, терінің түсі, күлуі, жылауы т.б. өзгерістерге әкеліп соғады. Ал ішкі өзгерістерге: - организмде ішкі секреция бездерінің бөлінуі, адреналиннің қанға көптеп шығуы, жүрек жүйесінің кеңеюі, қан ұюының күшеюі, ас қорыту жүйесінің жұмысының тежелуіне т.б. әкеліп соғады.
Осы жағдайларды студент біліп қана қоймай, осы кезеңде сезім күйін қалай реттеу жолының әдістерін игере білуі оның рухани мәдениетінің дамуына, интелектілік жоғарлауына,
адамгершілік сапаларының артуына тікелей ықпал жасайды.
Бұл үшін әрбір студент өзін-өзі тану әдістері арқылы өзіндік сезім, көңіл күй, белсенділік диагностикасын өткізу арқылы бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамытуға бірден-бір әсер ететін өзіндік
сезімін қалыпқа келтіріп, басқару жолдарын есепке алуды үйрету қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі үлкен ауқымды қамтиды.
Тұлғаның интелектік дамуы, адамгершілік сапасын арттыру, білімділік, еңбексүйгіштік, еңбекке икемділік т.б. қамтиды. О.М. Анисомованың көзқарасы бойынша “…өз бойындағы адами қасиеттерін тізіп шығып, әрі бағдарлама жасау тұлғаның бойындағы адамгершілік сапалардың қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді- деп сипаттайды. Жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі жаңа тұжырымдамасы: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударады.
Ол ішкі және сыртқы факторлардың қарама-қайшылықтарын үйлестіре, кіріктіре отырып, өзін-өзі дамытуы керек. Ішкі дегеніміз адамның өзі, оның ішкі дүниесі, көңіл-күйі. Осы ішкі көңіл-күй әсері, Гегельдің айтуынша, сыртқы әсерге қарсы шығып оны жояды да өзінің ішкі рухани дүниесіне айналдырады. Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін факторлар- қоршаған өмір құбылыстары, табиғат адамдар еңбегінің түрлері, қоғамдық , әлеуметтік қатынастар, экономикалық жағдайлар т.б. оның әр өсу кезеңінде мінез-құлқының тұлғалық болмысының, тәртібінің өзгеруіне, моральдық жағынан бекінуіне мүмкіндік жасайды.
Бір сөзбен айтқанда тұлғаның қалыптасуына саяси экономикалық, рухани, моральдық факторларда әсер етеді, ал тұлғаның бітім болмысының мәні оның әлеуметтік сипатынан көрінеді.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс. Ол жастардың бойына биік адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруді ғана емес, сонымен бірге олардың бойын жағымсыз қоғамға жат қылықтардан арылтуды талап етеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Адамгершілік сапаларына сиапаттама беріңіз
2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік
ұғымын сипаттаңыз..
Достарыңызбен бөлісу: |