Тақырып: ХІХ-ХХ ғасырдын басындағы орыс философиясы
Орыс философиясының ерекшеліктері. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт-бұл батысшылдық . Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С. Тургеневтер тығыз қатнас орнатты. Олардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты. Басшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясые насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық – идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессияндық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялдық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағытта діни орыс философиясы өсіп шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомиков, И.В. Киреевский, К.С. Аксоков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н. Островский, В.И. Тютчев сияқты ақын жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия-Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстапн алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастардағы маңызды принцп-соборшылдық ұғымын енгізді. Бұл ұғымдыдаярлаған А.С. Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру , «Қасиетті Русь» идеялдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Орыстың діни философиясы.Мистикалық бағытта ең алдымен В.С.Соловьевті бөліп атауға болады. В.С.Соловьев (1853-1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті християндық философы. В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. Көптеген ірі философтар өздерін Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренцкий мен Бердяевтің ерте шығармашылығын жатқызуға болады. Қарастырылып отырған кезеңде, яғни ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында Н.Ф.Федоровтың (1828-1903) философиялық көзқарастарына тоқтала келген жөн. Ол орыс космизмі мен гуманизмінің көрнекті өкілі болып табылады. Ойшылдың өзіндік көзқарастары мен негізгі ілімі «Жалпы іс философиясы» деген еңбектерінде жарияланған. Ресей есчімі әлемге танымал болған, орыстың діни философиясы дамуына өлшеусіз үлес қосқан Н.А.Бердяев (1874-1948) сияқты ұлы ойшылдары дүниеге әкелді. Бердяв философиясының мәні-болмыс мәнін субьект, яғни адам арқылы тану. Оның философиясының бастапқы нүктесі еркіндіктің болмыстан басымдылығы болып табылады. Онымен бір қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады. Адамдағы болмыс адам арқылы ашылады. Ло Құдай бейнесіне ұқсас жаратылған микрокосмос болғандықтан шексіз және шығармашылжан болып табылады. Адамдағы шексіздік Құдайға тән құдіреттілікпен, ал шолақтық-табиғи қырымен байланысты. Бұл жағдайда Құдайдың өзі табиғи күш емес, әлемнің мәні мен ақиқаты ретінде түсіндіріледі. Сондықтан, Бердяевтің пікірінше, Құдайсыз адам жеткілікті толысқан жан деп есептелмейді. Құдай жоқ болса, онда мән де, жоғарғы ақиқатта, мақсатта жоқ. Онда бұл үмітсіздік пен бейшаралық. Осылайша, Бердяев Құдайды жоққа шығарып, адамды Құдайға айналдыратынгуманизмге қарсы шығады. Орыстың діни философиясында антиинтелектуализм позициясының көрнекті өкілдерінің бірі Л.Шестов (1866-1938) болған. Оның іліміндегі негізгі нәрсе ақыл мен сенімнің қарама-қайшылығы, тіпті сәйкессіздігі туралы тезис болып табылады. Оның пікірінше, сезім бұл адам болмысының ерекше, анағұрлым толық, жоғарғы беткейі. Сенім адамның өмірінде сүенетін барлық идеялары құрсауынан тысқа шығуға ұмтылуы. Шестов өзінің дінтанулық ізденістерінде ортодоксалдық протестантизм позициясын ұстанады. П.А.Флоренский (1882-1937) өзінің философиялықкөзқарастарын діни сана шеңберінде дамытты. Болмыстың бүтіндігін, тұтастығын, үйлесімділігін негіздеуде тырыса отырып, ол жалпы тұтастықтың метафизикасын дайындайды. Флоренскийдің ойы «барлық жаратылыс тұтастығы құдайда» деген тұжырымға сүйене отырып, ғарыштан оның негізгі Абсолютке қарай «өрлейді». Бұл тұтастықты түсіндіру үшін ол софиологияға бет бұрды. София-«Құдай жаратқандардың идеялды анықтамаларының тұтастығы», «Киелі түпбейнелердің бейбіт жиыны»-ғарыш болмысы үйлесімділігінің түбірі болып табылады. София тұғыры мәселесі ортодоксалды православиелік дінтанушылартарапынан сынға ұшырады, өйткені Үштіктегі төртінші тұғыр туралы мәселе туындайтын еді. Флоренский көзқарасынан тағы бір күмән туындайды:егер София жаратылыс «түбірі» болса, зұлымдық пен қасірет қайдан шығады?
Тақырып: XX ғасырдағы Батыс философиясының негізгі бағыттары
Қазіргі замандағы Батыс философиясында әртүрлі ағымдар бар. Олардың ең ірілеріне тоқталамыз. Аналитикалық философия. Негізгі мәселелері философияның мәні, онтология мен гносеология, методологияны тілдің логикалық талдауы арқылы түсіндіру. Р.Карнап, Б.Рассел, Дж.Айер-логикалық позитивизмнің өкілдері- талдауда символикалық логиканың тәсілдеріне жүгінеді, ал Л.Витгенштейн қарапайым тілдің талдауымен айналысады. Аналитикалық философияның өзі ішінде ,ғылым философиясының дамуымен дағдарыс пісіп жетілді. И.Лакатос өзіндік сипаттағы ғылыми-зерттеу бағдарламасын жасады. Онда ғылымның дамуы бірі-бірі тығыз байланыстағы әртүрлі теориялардың өзара ауысуымен түсіндірілді. Г.Кун жалпы теориялық стандартқа, методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдарға негізделген белгілі ғылыми қауымдастықтың іс-әрекетінің моделін жасады. Бұл моделді ол парадигма деп атады. К.Поппер ғылыми білімдердің өсуі туралы пікір қорытты. Ғылыми білімдердің өсуі-мықты теориялардың ұсынылуымен тығыз байланысты. Прагматистікфилософия (Ч.Прис, У.Джеймс, Дж.Дьюи)-негізінен АҚШ-та даму рөлінде, өйткені бұл елде іскерлік, әрекет пен табыс бәрінен де жоғары қойылды. Осы жағдайды түсіну мақсатында алдыңғы қатарға іс-әрекет жоспары мен таным шығып, отырады. Бұл ілімнің негізгі ұғымы-тәжірибе. Тәжірибенің қайнар көзі- түйсіктер, кез-келген, эмоциялық жағдай, еріктік импульстер. Заттар белгілі бір анықтық ретінде тәжірибеде берілмеген. Олар субъектінің еркінің күшімен түйсіктер ағынынан шығарылады, сондықтан шындық адамның еркінің күшімен түйсіктер ағынынан шығарылады, сондықтан шындық адамның еркінің күшімен жасалады деген қорытынды туындайды. Яғни, тәжірибенің объективті жағы еске алынбайды, ол рухани теориялық іс-әркекет деп есептелінеді. Прагматиктер ақиқатты анықтауда оның құндылықтық сипатына мән береді. Пайда әкелетін нәрсенің бәрі ақиқат деп жарияланады. Ғылым мен білім де оның пайдалығы, керектігі тұрғысынан бағаланады.
Психикалық талдау философиясы. Оның негізінен З.Фрейд қалады. З.Фрейд –дәрігер, ми анотомиясын зерттеген, жүйке ауруларын бақылаған. Дәрігерлік практикасында адамның қояншығы ұстап қалуының табиғатын бақылап, оның себептерін білуге тырысқан. Адам санасында не боып жатады, неліктен адамның психикалық саулығы бұзылады, күйрейді. өзінің «Қояншық туралы зерттеу» деген еңбегінде осындай сұрақтарға жауап берген. Адам өмірі оңай емес, онда әртүрлі жағымды, жағымсыз жағдайлар болып тұрады. Кейде тіпті өте қиын жағдай болуы мүмкін. Бірақ адам өзін әруақытта қалыпты формада ұстауға тырысады, ішкі жан дүниесіндегі күйзелістерін сыртқа шығармауға күш салады. Жағымсыз түйсіктер бірте-бірте ұмытылады, бірақ олар қайда кетті. Олар адамның санасының алыс бір түпкірінде жинала береді, ал оны ұмытып та кетеді. Осы ұмытылған жағымсыз түйсіктер бір кезде бірден кенеттен сыртқа шығуы мүмкін. Сананың бір түпкірінде жинала беретін жағымсыз оқиғалар туралы түйсіктердің жиынтығын Э.Фрейд бейсаналық деп атады.
Адам санасының түпкірінде жинақталған психикалық тәжірибесін түсіндіруді және анықтауды Э.Фрейд психикалық талдау деп атады. Адамның өзі саналы түрде ығыстырған жағымсыз эмоциялары түсінде, кейбір байқаусызда шығып кететін сөздерінде көрініс беруі мүмкін. Э.Фрейд либидо ұғымын енгізіп, оған анықтама берді. Либидо дегенімз алғашқы іргелі сексуалды ұмтылыстың психикалық күші. Ол санамен бірге, адамның көптеген іс-әркеттерін басқарады. Адамда либидодан басқа да психикалық энергияның күшті түрлері кездесіп отырады. Психикалық талдауды Э.Фрейд адамдардың өзара қатынасын, бұқара психологиясын, мәдени факторларды зерттеуде кеңінен қолданды.
Герменевтика. Бұл бағыттың күре тамыры- тексті түсіндіру, игеру. Көрнекті өкілдері –Г.Гадамдер, П.Ришкер, Э.Бэтти. Герменевтика -әлемдегі адамның болмысын тіл мен ойлану арқылы игеру туралы философия. Оның негізгі идеялары:
· Әлемдегі адамның болмысы
· Әлем мен адамның өзара байланысы
· Адамның әлемге тасталуы, оның қорқынышы, күтуі, өзінің уақытша екендігін сезінуі
· Заттардың тылсым табиғаты, оның жасырын сырлары мен қасиеттері.
· Адам мен заттардың көкжиектері
· Түсіну, игеру адам мен заттар шекарасының өзара кірігуі немесе бірігуі
· Түсіндірудің тарихилығы
· Герменевтика мен поэтиканың бір-біріне жақындауы.
ХХ ғасыр ғылыми –техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми –техникалық прогресте көзқарастан байқауға болады. Біріншісі сциентизм деп атайды (лат. Schenic-ғылым). Екіншісі антисциентизм деп аталады. Неопозитивизм.Негізгі позитивизм –дұрыс пікір (лат. Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конт(1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. ХІХғасырдың аяғы –ХХ ғасыр басында позитивизмнің жаңа дәірі туды. Ол кезеңде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эмпириокритицисизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүние біздің сезіміміздің нәтижесі деген қотынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |