Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып Қазақтың алғы философиясы



бет6/7
Дата08.10.2019
өлшемі144,83 Kb.
#49390
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия кірісу

Тақырып Қазақтың алғы философиясы


Алғы философия б.д.д. 6 – ғасырлардан бастап XI- XII ғасырларға дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақ философиясының мол үлгісі фольклорда жатыр. Қазақ философиясының дүние таным негізі, рухани қазынасы, байырғы ауыз әдебиеті, тұрмыс-салт жырлары, аңыз-ертегілер, батырлар жырлары, лироэпостық жырлар, тарихи жырлар болып табылады. Біздің бабаларымыз кезінде өмір құбылыстарын, табиғаттың сыр сипатын, жұмбағын болмыстық мәні мен мақсатын бейнелеп ой арқылы жеткізе білді. Қазақ халқының фольклорында табиғат, қоғам, өмір жайлы түсініктер өрістей келе, бүкіл халықтық ой- санаға айналған. Фольклорлық шығарманың тақырыбында табиғат, адам, төрт түлік мал, тәрбие, тарих, этнография, ою - өрнек, мәдениет араласып келіп отырады. Геродоттың баяндауы бойынша, Анахарсис скиф патшасы Иданфаристің әкесінің туған ағайыны. Ал, Иданфарис болса, Персия патшасы Даримен соғысқан скиф патшса, тарихта болған адам. Анахарсис жайында грек философтары Платон, Аристотель, Лукиан, Секст, Эмпирик, Диоген, Лаэртский, Плутархтың еңбектерінде сөз қаралған. Олардың жазуы бойынша Анахарсис император Солонмен дос болып, Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Клеббул, Хилон сияқты гректің атақты данышпандарымен бірге жүріп, жеті данышпанның қатарына кірген. Диоген Лаэртскийдің айтуына сүйенсек, Анахарсистің 800 том өлеңі болғанға ұқсайды. Оның айтуы бойынша, Анахарсистің өнер тапқыштық қасиеті де болған, ол кеменің пікірін ойлап тапқан деген сөз бар. Ал Секст пен Эмпирик болса, Анахарсисті скептицизм бағытына жатқызады. Грекия елінде Анахарсиске қойылған ескерткіш бар. Онда «басқа және тілден» деген мағынада сөз жазылған Ұлттық мәдениетіміздің бастау бұлағының бір арнасы «Орхон Енисей» ескерткіштерінен (XII - XIII) ғасырдан басталады. Бұл топтамаға «Күлтегін » және «Тоныкөк» жырлары жатады. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген бабаларымыздың жазба мәдениеті болған. Жазба мәдениетінің ірге –тасы – алфавит. Ал, төл алфавиті болу деген сөз, сол халықтың болмысты (дүниені) эстетикалық және математикалық тұрғыда игеруінің, тануының жоғарғы нәтижесі деп білеміз. Математикалық санасы жетілмеген халық алфавит құрастыруға дәрменсіз. Қорқыт ежелгі түркі тайпаларының IX-X ғасырда Сыр бойында ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, философы, жырауы, қобызшысы. Қоқыт шаман дінінің атасы болған.

16 тақырып: IX-XV ғғ.қазақтың мусылмандық философиясы (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи, М.Х.Дулати)



Жүсіп Баласағұн (XIғ.). Негізгі еңбегі «Құтадғу білік» («Құтты білік») 73 тараудан тұрады. Бұл еңбек елді білімге шақырады, адамгершілікке, қайырымдылыққа, сыпайылыққа, қонақты күтіп, қабылдауға үйретеді, әкімшілік орында отырғандарға елді қалай басқару керек, қайткенде оны соңына ерте алады, қайткенде ол халыққа жәйлі болады, сол мәселелер кеңінен және жан-жақты қозғалады. Махмұт Қашқари (XIғ) Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өмірін Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі : «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің жинағы) Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Қожа Ахмет Иассауи (1094-1167)-ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір сүрген жері- Ясса (қазіргі Түркістан) қаласы. Сол жерде дүние салған. Ислам дінін насихаттаушы. Мұхаммед пайғамбар жолынан ауытқып, байлыққа, басқа қызықтарға берілген бай, молда, ишан, бек, сұлтандарды сынаған. Пайғамбар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып, қалған өмірін сонда өткізген. Ел оны «Әзірет Сұлтан» дейді. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)-қазақ топырағында дүниеге келіп, Кашмир өлкесін билеген атақты қолбасшы, мемлекет қайраткері, тарихшы, ойшыл. Оның «Тарих-и-Рашиди» кітабы қазақ хандығының қалыптасу кезеңін баяндайды. Асан Қайғы (XV ғ)-қазақ даласынан шыққан философ, ел қамын жеген данышпан-ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» «Жерұйықты» іздеп, желмаямен қазақ жерін аралайды.

Тақырып: Диалектика - даму теориясы.


Диалектика – болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды – табиғатты, қоғамды және адамның ой-санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Көне грек (антикалық) философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасыдүниеге келіп, қалыптасты. Қозғалыстың түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен – ақ (Парменид, Зенон) байқалған болатын. Диалектиканың екінші тарихи формасынеміс классикалық философиясында идеалистік негізде қалыптасты.Бұл ағымның аса көрнекті өкілдері Кант, Фихте, шеллинг, Гегель дүниеге деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама-қарсы қойды. К.Маркс пен Ф. Энгельс диалектиканың тарихи үшінші формасын – материалистік диалектиканыөмірге келтірді. Диалектикаға қарама-қарсы даму концепциясы (тұғырнамасы) және ойлау тәсілі есебінде метафизиканың негізгі белгілері мыналар:біріншіден, метафизика тұрғысынан алғанда обьект бөлшектердің механикалық жай қосындысы ретінде қаралады. Екіншіден, обьекті сыңаржақты, бірбеткей қабылданады, оның бір қырлары әсіріленіп, енді бір жақтары елеусізденіп көрсетіледі. Үшіншіден, метафизика қозғалысы, дамуы қарапайым ғана үлкею немесе кішірею есебінде қарастырылады. Төртіншіден, метафизика “Дамудың қайнар көзі, себебі қандай?” деген сұраққа жауап бере алмай, оны заттан, құбылыстан тысқары жақтан іздейді, “бірінші қозғаушы құдіретті күшті” мойындауға мәжбүр болады. Догматизм– қоғамдық-саяси өмірді саралауда жиі ұшырасатын, құбылыстарды зерделеуде шығармащылық қабілет танытпайтын ойлау әдісі. Догматизм белгілі бір тұжырымдарды қатып-семіп қалған күйде, өзгеріссіз қабылдауға бейім. Қазақтың “айттым – болды, кестім - үзілді” дейтініне көбірек сәйкес келеді. Релятивизмдаму процесіндегі өзгермешілікті, тұрақсыздықты асыра бағалап, соған көп кқңіл бөледі. Софистикаболса даму үстіндегі обьектінің кездейсоқ бір жағын, белгілі бір қасиетін негіз етіп алады да, сол арқылы пікір түйіндегісі келеді. Ал эклектикаболса өзара іштей қабыспайтын, кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы обьект туралы түйін жасайды. Түрлі құбылыстар мен процестерді танып білуде, нақты бағалауда мұның да аса зиянды екені түсінікті болса керек. Диалектикалық принциптері: 1) даму принципі. Оның мәні: дүниеде қозғалыстан, дамудан тысқары ештеңе де жоқ, ендеше обьектіні даму, қозғалыс үстінде қарастыру қажет, ол кеше қалай еді, бүгін қандай, ертең қандай болмақ, міне, осыны басшылыққа алған жөн; 2) жалпы байланыспринципі. Дүниеде байланыстан тысқары, оқшау тұрған ештеңе жоқ, ендеше обьектінің барлық жағын, барлық байланысын зерттеген дұрыс; 3) обьектіні практикаментығыз байланыста қарастыру керек, сонда ғана оның мәні, орны, қадір-қасиеті айқындалмақ; 4) нақтылықпринципі. Әр обьектінің өзіндік ерекшелігіне, өмір сүріп отырған жағдайына баса назар аудара отырып қана, ол туралы шынайы пікір қалыптастыруға болады. Заңдегеніміз – құбылыстардың арасындағы жалпы, қажетті, тұрақты, маңызды, қайталанып отыратын байланыс. Категориядегеніміз – болмыс пен ойлаудың ең жалпы түрлері, адамның дүние тану мен іс жүзінде өзгертуінің сатылары, ғылымның ең жалпы ұғымдары, адам ойлауының оның болмысына қатынасының сипаттамалары, ғылымның қалыптасуы мен дамуының жалпы шарттары. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы диалектиканың негізгі өзегі болып табылады. Ол – табиғаттың, қоғамның, адам ойлауының жүйелі дамуының жалпылық, әмбебаптық үш заңының бірі, айқындаушысы. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы даму процесінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы. Егер қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы дамуының және өзіндік дамудың қайнар көзін, қозғаушы күшін ашып берсе, мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы даму процесінің ішкі және жалпы механизмін анықтап береді. Сонымен бірге екінші заңның табиғаты мен мәнін диалектикалық өзегі болып есептелетін бірінші заңның негізінде ғана анықтауға болады. Сапа, мөлшер және өлшем категориялары. Сапа дегеніміз – обьектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың, процестің тұтастығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Мөлшер– заттардың, құбылыстардың қасиеттерінің, құрамдас бөліктерінің санын, даму ауқымын, т.б. білдіреді. Сапа мен мөлшер – болмыстың жалпы, обьективті сипаттамасы. Өлшемдегеніміз – сапа мен мөлшердің диалектикалық бірлігі. Сөйтіп, Гегель философия тарихында алғаш рет сапалық және мөлшерлік өзгерістердің өзара диалектикалық ауысу заңыниридиалистік тұрғыдан тұжырымдап береді. Сапалық және мөлшерлік өзгерістердің ауысуы.Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы жаму процесінің жалпы ішкі механизмін ашады дедік. Өзіндік өлшемнің ауқымында сапа тұрақты, өзін-өзі сақтауға бейім болады. Мөлшерлік өзгеріс біртіндеп өлшемнің шегіне келгенде, яғни өлшемнің шегінен шыққан сәтте күрт өзгереді, жаңа сапаға ауысу басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет