Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып: Немістің классикалық философиясы. Маркстік фиолософия



бет4/7
Дата08.10.2019
өлшемі144,83 Kb.
#49390
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия кірісу

Тақырып: Немістің классикалық философиясы. Маркстік фиолософия


Иммануил Канттыңөмірі екі кезеңге: — сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И.Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің "Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы" (1755) деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаша газға ұқсас түмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес еді. "Сын" кезеңінде ол "Таза ақылға сын" (1781), "Практикалық ақылға сын" (1788) деген еңбектерін жазды. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін "өзіндік зат" (вещь в себе) және "біздік зат" (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. Ол — сонымен қатар субъективтік идеалист, дуалист. 1783 жылы И. Кант "Прологомендер" ("Кіріспе") деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т.б. Дінге тек сену қажет, ол философиядаіы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытынды жасады. Мәселен, Құдайды барлық тәжірибе арқылы дөлелдей алмаймыз, оған тек илану керек. И. Кантгың ақылға сыятын бір пікірі — антиномия, былайша айткднда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол өрбір ойдың кері түрі бар деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой — олар қай жағынан алғанда да шексіз. Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) - И. Канттың шәкірті. Оның басты еңбегі — "Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі". Ол - субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін — тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалық істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі - дөңгелектер туралы ілім. "Қандай да бір шындық болмасын, ол — "меннің" жемісі" дейді философ. Бірақ "меннің" екі түрі бар: жекелік "мен" және абсолюттік "мен". Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер "мен-ді" "мен емес" бейнелейтін болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол "мен еместі" "менге" біржолата бағындырады. Георг Вильгельм Фридрих Гегель— классиктік неміс философиясының көрнекті өкілі. Объективтік идеалист. Гегель өзінің "Барлық ақылға сыятын нәрсе — шындық, барлық шындық ақылға сыяды" деген қағидасын И. Фихтеден алып дамытты. Басты еңбектері: "Логика ғылымы", "Философиялық ғылымдар энциклопедиясы", "Құқық философиясы", "Философия тарихы туралы лекциялар", "Тарих философиясы туралы лекциялар", т.б. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының басты мөселесі — әлемдік рух, абсолюттік идеяыың бүкіл дүниені жаратқаны айтылады.Бұл пікірді Гегель "Логика ғылымы" деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мұнда ол абсолюттік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін әлі ештеңе емес, таза идея күйінде қарап, оның диалектиканың үш жалпылық зандары — санның сапаға көшуі, қарама-карсылықтың бірлігі және күресі, терістеуді терістеу негізінде, өздігінен қозғалып, дамуын идеалистік тұрғыда табиғаттьщ пайда болуына дейін алып қарастырады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі — "болмыс", екінші белімі — "мән", үшіншісі "ұғым" деп аталады. "Логика ғылымы" еңбегінде Гегель ең алғашқы болып диалектиканың осы үш жалпылық заңын, жоғарыда айтылғандай, идеалистік тұрғыда зерттеп көрсетеді. Бүл завдарда Гегель берген көптеген философиялық дүрыс анықтамалар да бар. Біз оның, мәселен, мөлшер — сандық сапа немесе сапалық Сан деген, сондай-ақ, "карама-қарсылыққа", "қайшылыққа", "санға", "сапаға", "терісте-уге", т.б. берген анықтамаларын қолданамыз. Гегельдің пікірінше, дүниежүзілік тарих шығыс-тан батысқа ауысып келеді. Революция, Гегельше, субъективтік рухтың абсолюттік жаратушы рухтың жасаған шындығына наразылығы көрінеді. Соғысты Гегель адам қоғамьшың рухани іріп-шіруінен сақтап, қоғамды моральдық жағынан тазартатын құбылыс, әрекет деп түсіндірді. Бұл Гегельдің кешірілмейтін қателіктеріне жатады. Дегенмен, философияда оның орны ерекше. Людвиг Фейербах— классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзкарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан-ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: "Христиандықтың мәні", "Болашақ философиясының негізгі қағидалары", т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәледдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты — бастауыш, сананы баяндауыш деп карады.

Тақырып: Маркстік фиолософия


Бұл бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең, адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған, жетілген, ғылыми екшеленген кезеңі болды. Бұл кезең Карл Маркс(1818-1883) пен Фридрих Энгельстің(1820-1895) есімдерімен аталады. Әрине, басқа да философтар сияқты, К. Маркс пен Ф. Энгельстің дүниеге келуі де кездейсоқ емес. Ең алдымен, бұл Батыс елдерінде капитализм дүниеге келген кезең болатын. Капитализммен бірге тарихта пролетариат пайда болды. Ол алғашқы кезде стихиялы күреске шықты. Оларды саналы ұйымдастыру, сапалы етіп дайындау, теориялық жағынан қаруландыру қажет болды. Екіншіден, жаратылыстану ғылымындағы ашылған үш үлкен жаңалық: а) клетка теориясы; б) энергияның сақталу және өзгеру заңы; в) Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі дүниеге диалектикалық логика түрғысынан кдрауға мүмкіндік берді. Үшіншіден, теориялық алғышарттардың әсері болды. Бұған ең алдымен адам баласының әлеуметтік теңдік болуын кексегені жатады. Осыған орай социализм туралы басқа да түрлі теориялық ілімдер пайда болды. К. Маркс пен Ф. Энгельс осы жағдайлардың бөрін ой елегінен өткізіп, талдап, екшей келіп, жаңа ғылыми теорияның негізін жасады. Ол үшін олар Гегель мен Фейербахтың философиясын, Адам Смит пен Давид Рикардоньщ саяси экономиясын, Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы утопиялық теориясын зерттеді, сейтіп, олардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, социализм туралы ғылыми теория жасап, оны ілгері дамытты, философияда жаңа көзқарас туғызды. Социализмді утопиядан ғылымға айналдырған К.Маркстің екі ғылыми жаңалығы болатын. Олар: тарихты материалистік тұрғыдан түсіну және қосымша қүн құпиясы, Философияда К. Маркс пен Ф. Энгельстің ашқан жаналықтары мынадай еді: Бұрынғы философия өкілдері тек үстем таптардың мүддесін қорғады. Демокрит, Лукреций Кар, ағылшын же-не француз материалистері Ф.Бэкон, Дж.Локк, Р. Декарт, П. Гольбах, Д. Дидро, К. Гельвеций, Ж. Ламетри, неміс философтары Л. Фейербах, т.б. идеалистерді қоса алғанда олардың бәрі прогреске ұмтылғанмен, үстем таптың көзқарастарын жақтады. Ал еңбекші бұқараның жоғын жоқтап, мұның мұндайтын ешкім болмады. Әсіресе, бұл капитализм тұсында мейлінше қажет болды. Бұған 1831 жылғы Лион қаласындағы Франция жұмысшыларының, Германиядағы Силезия тоқымашыларының көтерілісі, сондай-ақ, Англиядағы 1838-1842 жылдардағы чартистер қозғалысы дәлел бола алады. Бұл қозғалыстар елемде жаңа тап — пролетариат пайда болғанын, оның бұрынғы езілген таптардан мүлде басқа шешуші күш екенін байқатты. К. Маркс пен Ф. Энгельс ең алдымен осы таптың мүддесін қорғауды мақсат етті. Әрине, К. Маркс пен Ф. Энгельс дел осы кезеңде саяси аренаға шықпаса, бұл жаңа теория дүниеге келмес еді деуге болмайды. Әрбір фшюсофиялык, кезендер біріне-бірі ізашар болып отырған. Сол арқылы олар күрделі сипат алып, дамып отырған. Философияда көптеген дүниетанымдық мәселелердің қайталануы жиі кездеседі. Бірақ олар әр деуірдің даму дәрежесіне, алға қойылған мәселесіне сәйкес жаңаша шешіліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет