Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып: Эллиндік және римдік философия



бет3/7
Дата08.10.2019
өлшемі144,83 Kb.
#49390
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия кірісу

Тақырып: Эллиндік және римдік философия.


Скептицизм философиясы.«Скептицизм» термині ежелгі гректің «скепсис» - «қарастыру», «талдау», «толқу» мағынасындағы сөзінен шығады. Скептицизм – күмәндану – басты, универсалды қағида болып табылатын, яғни, кез-келген білімнің шындық екендігі жүйелі түрде терістелетін философиялық бағыт.Антикалық скептицизмнің негізін қалаушы – Пиррон, рим философиясындағы скептицизмнің көрнекті өкілі – Секст Эмпирик болып табылады.

Пиррон.Ғұмыртарихы. Пиррон (б.д.д 360-270ж.ж) – Элида қаласында туылып, софист Брисоннан ілім үйреніп, Македондық Александрдың досы Анаксархпен бірге Үндіге дейін жаугершілік сапарларға шығып, соның ықпалында болған философ. Пирронның «күмәндану қағидасын» қатаң ұстанғаны соншалықты, «Пиррон, сен тірісің бе?» деген сұраққа да «Білмеймін» деп жауап береді екен.Негізгі еңбектері. Пиррон әдейі жазбаған ештеңе.Философиялық көзқарастары. Пиррон философиясының орталық сұрағы – «Адам қалай бақытты бола алады?» Және бұл мәселені шешу үшін ол үш сұраққа жауп беру жеткілікті деп санайды. Олар: 1. Бізді қоршап тұрған не? 2. Қоршаған ортаға қалай қарауымыз керек? 3. Тиісті қатынастан не туады?.1.өзіне дейінгі философияны қарастыра отырып Пиррон «түрлі даналар дүниені түрліше қарастырып, оның мәні мен шығуын түрліше түсіндіріп келгендіктен» бір пікірді екіншісімен алмастыру мүмкін еместігін тұжырымдайды. 2.екінші сұраққа жауап бірінші жауаптан туады: біз дүниеде бар нәрселер туралыпікірлерден тартынуға тиіспіз. 3.бұдан үшінші сұраққа берілетін жауап туады: толық мызғымастық, (атараксия) – яғни, бақыт. Секст Эмипирик.Ғұмыртарихы. Өмір сүрген жылдары, шамамен, ІІ ғасырдың екінші жартысы – ІІІ – ғасырдың басы аралығы. Тарихи мәліметтерден оның дәрігер болғаны, лақап атының Эмпирик екені ғана белгілі. Негізгі еңбектері. «Пиррондық қағидалар», «Ғалымдарға қарсы», «Математикатерге қарсы». Бұл еңбектер антикалық скептицизм туралы бізге жеткен бірден-бір жалғыз дерек көзі болып табылады.Философиялық көзқарастары. Философия тарихы. Түрлі философиялық ілімдерді талдай отырып, Секст олардың ақиқат еместігін негіздеді. Сондықтан оның кітаптары антикалық философиядан мәлімет беретін құнды дерек көзі болып табылады.

Стоялық философия.Киниктер идеясының дамуына жауап ретінде стоя философиялық мектебі (б.д.д 300 жыл) қалыптасты және дамыды.«Стоя» - Афиныда осы мектептің идеялары насихатталатын орынның – портиктің (үй алдында тіреумен көтерілген төбесі жабық, қабырғасыз қалқа) аты.Негізін қалаушы – китиондық Зенон (антикалық философиядағы Зенондар – екеу. Біріншісі: Элейдік Зенон – апрориялардың –парадокстардың авторы – басқа!). Стоялық философия өз дамуында мынадай кезеңдерден өтті: 1. ерте стоя (б.д.д ІІІ – ІІ ғ.ғ), өкілдері – Зенон, Клеанф, Хрисипп .т.б 2. орта стоя (б.д.д ІІ – І ғ.ғ) – Панетти, Посидоний; 3. кейінгі стоя (б.д.д І – б.д ІІ ғ.) – Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Китиондық Зенон .Мектептің негізін қалаушы – Китиондық Зенон болды (б.д.д 300 жыл)Негізгі еңбектері: алғашқы екі кезеңнен жекелеген фрагменттер ғана жетті. Есесіне соңғы кезеңінен – Сенеканың «Луцилийге адамгершілік хаттары», Рим императоры болған Марк Аврелийдің «Оңаша қалғанда» атты күнделігі.Философиялық көзқарастары. Ғылымдар классификациясы. Стоиктер ғылымды жұмыртқамен немесе бақшамен салыстыра отырып, барлық ғылымдарды үшке: логикаға, физикаға (натурфилософияға) және этикаға бөледі. Эпикур ілімі.Эпикуреизмді, тұтас алғанда, эллиндік дәуірдің атомизмі деп атауға болады. (Алайда Эпикурдің өзі Демокрит ықпалын ешқашан мойындамаған).Негізін қалаушы. Эпикур (б.д.д 342/341 – 270/271 жылдар аралығы) – Самос аралында афинылық кірме, тәрбиеші отбасында туылып, 18 жасында Афиныға келіп, одан кейін Кіші Азияға қоңыс аударған философ. Б.д.д 307 жылы Афиныға қайта оралып «Эпикур бақшасын» ашады. Мектеп қақпасында «Жиһанкез бұл жерде сенің көңілің жай табады; мұнда сен жоғарғы игілікті-раһатты табасың» деген жазу болған. Негізгі еңбектері. Эпикур 300 ге жуық еңбек жазған. Бірақ олардан бірнеше хаттар мен үзінділер ғана сақталған. Эпикур ілімі Лукрецийдің «Заттар табиғаты» поэмасынан белгілі.Эпикур философиясы 3 бөлімнен тұрады: 1.Табиғат және космос туралы ілім («физика»);2.Таным туралы ілім («каноника»);3.Адам және оның тәртібі туралы («эстетика»).Киниктер мектебі. Киниктер – ежелгі грек философиясының Сократтық кезеңіндегі (б.д.д ІV ғ.) мектептердің бірі Негізгі өкілдері: Антисфен, Синоптық («бөшкедегі»), Диоген, Кратет. Мектептің («киниктің»-«ит») атының шығу тегі екі түрлі:1.Антисфеннің Афиныдағы Киносарг қыратында орналасқан философиялық мектебінің (гимнасийнің) орны. 2.Диогеннің лақап атының бірі («кинос»-«ит»). Антикалық философияның римдік кезеңі.Римдік кезеңіндегі ойшылдардың көпшілігі эллиндік кезеңін концепцияларын ұстанды. Ал бұл кезеңде қалыптасқан мектептерге неоплатонизм мен гностицизм жатады.Римдік кезеңдегі философтар:Сенека; Марк Аврелий (161-180 жылдардағы Рим императоры); Тит Лукреций Кар;Неоплатонизм.. Философиялық көзқарас. Неоплатонистер пікірінше, мектептің өмірін космостан тысқары және керісінше, космос тіршілігін философиясыз түсіну мүмкін емес. Тіршілік иерархиялар түрінде құрылған: Біртұтас-Игілік, Ақыл, Жан және материя. Ең жоғарғы орынды Біртұтас Игілік иеленген. Біртұтас – нағыз бастапқы мән, ал барлығының бір нүктеге шоғырлануы. Егер сіз түрлі нәрселердің (ақылды – ақылсыз ) бар екенін мойындасаңыз, жоғарғы дүниеде олардың дәл өзі болып табылмайтын бейнелері орналасқан. Біртұтас – Игілік образы – ақылмен емес, жоғары ақылды экстаз арқылы танылады.

Тақырып: Орта ғасырлардағы европалық философия


Схоластардың талас пікірі — жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар (лат. unuversalia — жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолдары айтылады. Біреуі - жалпы ұғым — әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама-қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттар ды екшелеп атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, "жалпы адам" дүниеде жоқ, адам — кашанда нақты бейне. Ал "адам" деген жалпы атау - ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бүл пікірді жақтаушыларды "номиналистер" деп атады (лат. nomina — нақты атау). Реализм өкілдері - Альберт фон Больштедт, Фома Аквинский, Дунс Скот, Раймунд Луллий, т.б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүреді. Олар: 1) заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2) заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3) заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Ф. Аквинский (1225-1274) - орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католицизм дінінін, рухани пірі, әулиесі. Ол Аристотельдің идеалистік философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмайды, деді. Былайша айтканда, әрбір заттың, бүкіл өмірдің жалпы түрі (формасы) - Құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде еш нәрсе жоқ. Фома философиясы мән (essentis) жөне өмір сүру (еxistentia) төңірегінде құрылады. Оның пікірінше, өмірде бұл екеуі жеке, бірінен-бірі алшақ тұра алады және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал Құдайда бұл екеуі бір, ажыратылмайды. Осыдан келіп, Фома жалпылық өзінен-өзі, заттардан тыс, Құдай санасында өмір сүреді дейді. Фоманың пікірінше, мемлекеттік өкімет Құдайдан туындайды, ал басқару түрі нақты жағдайға байланысты қалыптасады. Ол шіркеудің, азаматтық қоғамнан жоғары екенін уағыздайды. Мемлекет басшысының билігі — ең жоғары рухани билікке бағынышты. Көкте ол биліктің иесі — Христос, жерде — Рим папасы, дейді. Фома құрған философия екі жұп категорияларға — акт (нақты шындық) пен потенцияға (мүмкіндік) және эссенция (мән) мен экзистенцияға (емір сүру) негізделген. 1879 жылы 4 тамызда Рим папасы Лев XIII Фома Аквинскийдің уағыздары бүкіл католик шіркеулерінде міндетті қабылдансын деп жариялады. Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистер материалистік ұғымды таратты. Оның өкілдері: Роджер Бэкон(1214-1292), Уильям Оккам(1285-1349), Николай Оразмин-ский(1313-1382), т.б. Олар нақты заттарды зерттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар де. Нақты затқа жалпының да, жекенің де керегі жоқ, деді Уильям Оккам. Әмбебаптар - олар үшін тек белгілер (терминдер), бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады. "Шындыкка жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет", деді. Николай Оразминский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.

7 тақырып: Орта ғасырлардағы мұсылман философиясы.



Орта Азия мен Таяу шығыс елдерінен шыққан ірі ғалымдардың ішінде әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина (Авицена) ерекше орын алады. Ертедегі Қазақстан жерінен шыкқан Әл-Фараби(870-950 ж.) әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері — Отырар (Фараб) қаласы. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны "екінші ұстаз" (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Әл-Фараби қалдырған рухани қазына 130-дай трактаттардан тұрады. Қазақстан Ғылым академиясы оның философиялық, логикалық, жаратылыс ғылыми, әлеуметтік-этикалық, музыкалық трактаттардан қазақ, орыс тілдерінде жеке-жеке кітап етіп шығарды. Сондай-ақ, ірі ғылым Әл-Беруни (973-1048) - "Ертедегі ғылымдар хронологиясы" , "Үндістанның жазба бейнесі", "Құнды заттарды тану үшін ақпарлар жинағы" (минерология) деген, т.б. ірі еңбектердің авторы. Оның туған жері - Орта Азия. Ол әрі математик, әрі астроном, минеролог, философ, тарихшы болған көзқарасы жағынан Әл-Фараби, тағы басқалар сияқты діншіл болғанмен , әл-Бурини ғылымдарды салалап дамытуды өзінің ерен ғылым, данышпан екенін айқын байқатты. Орта ғасырда өмір сүрген ірі ғалымдардың бірі - Ибн-Сина(980-1037) - Авицена.Ол әл-Буринидің замандасы болған. Туған жері - Бұқара. Ибн-синаны энциклопедиялық ғалым дейді, бірақ ол әсіресе медицина мен философия зор үлес қосты. Орта ғасырда Батыс Еуропа елдерінде ғылымдарда қатаң шабуыл жасады. Оларды инквизаторлар түрмеге отырғызды, тірідей отқа жақты, адам айтқысыз азапқа салды. Осының бәрі христиан діні атынан жүргізілді. Крест жорықтарын ұйымдастыру. Мақсаты - ислам діні әсеріне қарсылық көрсету. Өйткені, Шығыс елдерінде дамыған ғылымдар ислам елдері арқылы Батыс елдеріне жетіп жатты. Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия мынадай төрт бағытта болды: 1) "таза ағайындылар" ілімі; 2) перипатетизм немесе материалистік бағыт. Өкілдері: Закария Рази (864-925), Әл-Кинди (800-870), Ибн Рушд (1126-1198) – Аверроэс-Кордовохалифаты тұсында Испаниядаөмір сүргенорта ғасырлық араб ғалымы және философы.Ислам дінінен қол үзбей –ак материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп ,адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниедегі өмір туралы аңызды жоққа шығарады.Аверроэс ілімі (авверроизм ) мұсылмандық және христиандық ортодоксия тарапынан қатты құдалауға ұшырады. Негізгі шығармалары:»Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дін мен философияның салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Суфизм (араб.суф-жүн; суфий-жүннен тоқылған шекпен) исламда ХУШ-1Хғасырларда пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Кейіннен неоплатонизмнің, үнді философиясының, кейдір христиан идеяларының ықпалы мен суфизм аскетизмге және шын мәніндегі мистицизмге айналды.Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналдағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып,суфизм ізбасарлары өмірдің ең жоғары мақсаты адам жанынң құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрінен (пенде-құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрінен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігуі», суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін-өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде іске асады деп ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде іске асады деп ескертеді. Суфизмнің көрнекті өкілдері әл-Ғазали (1059-1111(, орта азиялық философ Суфи Алаяр (1720ж.ө.) және т.б.

Тақырып: Жаңа дәуір философиясы.

Жаңа дәуір философиясы XVIIғасырда Англияда басталды. Оның өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон(1561-1626) еді. Оның жазып шығарған екі енбегі бар. Бірі — "Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы", екіншісі - "Жаңа Органон". Ф. Бэкон - материалист, сондай-ақ, ол — эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылу, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. "Білім - күш", "Күш - білімде" деген қағидаларды насизхаттады. Ол: "Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады — деді — Энергия материяның өзіне байланысты, оның ішкі қасиеті", деді Ф. Бэкон. Оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардан құтылудың басты жолы - тәжірибе жасау, нақты зерггеу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу. Ф.Бэкон эмпириктер мен рационалистердің сыңаржақтылығын сынады. Ғалым құмырсқаға да, ермекшіге де ұқсамауы керек, ол өсімдіктер гүлінен нектар жинап, оны балға айналдыратын ара іспеттес болуы қажет деді. Ол теория мен практиканың бірлігін жақтады. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына оң ықпал жасады. Рене Декарт (1956-1650). Ол - француздардың атақты философы, дворяндар отбасынан шыкқан. Оның басты еңбегі - "Әдіс туралы ой-толғау". Космология (дүниенің құрылымы), космогония (планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт — материалист. Ол дүниенің ездігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. "Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін (Соgito, егgо sum) деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу — тірлік кепілі", — деді. . Бенедикт Спиноза(1632-1677) — Голландияның - көрнекті философы. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында дүниеге келген. Ата-бабасы оны діни қызметші етпекші бодды. Бірақ ғылыми еңбектермен танысу, әсіресе Р.Декартқа еліктеу оны өз қауымынан қуылып шығып, өмірінің қалған жылдарын ауыр күйзелісте өткізуге себеп болды. Азғана өмірінде ол екі кітап қана жазып үлгерді. Бірі — "Діни-саяси трактат" (1670), екіншісі — "Этика" (1675). Спиноза "бір ғана субстанция бар, ол — табиғат", деді. Томас Гоббс(1588-1679) Оксфорд университетін бітірген, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Біраз уақыт Ф. Бэконге хатшылық қызмет атқарды. Басты еңбегі — "Левиафан" (1651). Ол еңбегінде Т. Гоббс мемлекеттің пайда болуын зерттеді. Бұл тегіннен тегін емес еді. Өйткені Т. Гоббс дәл ағылшын революциясының дәл кезінде өмір сүрді. Оның мемлекетке мән беруі содан болатын. Т. Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәуірін: а) табиғи; б) азаматтық кезеңдерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде "адам — адамға қасқыр, біреуге біреу қас" деп уағыздады. Бірақ бұл жағдай адам баласының жойылып кетуіне әкеп соғады. Олай болмау үшін адамдар бірігіп, әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа кесіп беруге кендігеді. Сөйтіп, бәрін қорғайтын бірдей ортақ ырық жасалды. Ол жалпы ырық — мемлекет деген қорытындыға келді. Сейтіп, ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шығарды. Т. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанцияны мойындау денесіз дене болады дегенге тең деп санады. "Ой материяның туындысы" деген пікірге келді. Бірақ адам мен жануарлар, Т. Гоббстың пікірінше, күрделі машина: адамның аяқтары мен қолдары — доңғалақ, жүрегі — механизм. Табиғат, бір жағынан, жаратушы күш, екінші жағынан — жаратылған құбылыс деп уағыздады. Джон Локк(1632-1704). Оның өмірі ағылшын революциясынан кейінгі кезеңге жатады. Ол Оксфорд университетін бітірген. Дж. Локктың басты еңбегі — "Адам санасы жайлы тәжірибе" (1690). Ол Т. Гоббс сияқты Р. Декарттың "Ой іштен туады" деген пікірін сынады. "Адам жаны — таза тақта (tabula rasa). Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады. Міне, сана дегеніміз, дәл осы", дейді ол. Адам интеллектісінде өмірде жоқ, кездеспейтін еш нәрсе болмайды, дейді. Дж. Локк екі түрлі — сыртқы жөне ішкі тәжірибе болады дейді. Біріншісінен сезім, екіншісінен рефлекс пайда болады деді. XVII ғасыр тек материалистерді ғана дүниеге келтірген жоқ. Сонымен қатар идеалистер де болды. Олардың басты өкілі — Готфрид Вильгельм Лейбниц(1646-1716). Ол физик, математик, тарихшы, тілші, құқық маманы болған. Лейбниц I Петрмен үш рет кездесіп, Ресейде білім берудің, мемлекеттік басқарудың жобаларын жасап берген. Оның басты еңбегінің бірі - "Монадология". ХҮП-ХҮШ ғасырлар жоғарыда айтылғандай, дүниеге белгілі идеалистерді де әкелді. Олар таным теориясы төңірегінде дүниеге келді. Солардың бірі - ағылшын философы Джорж Беркли(1685-1753). Ол тарихқа субъективтік идеалист, материяны мойындамайтын философ ретінде енді. Давид Юм(1711-1776) — ағылшын философы, агностик, психолог, тарихшы. Оның теориясы да танымға байланысты. Антик философы Анаксимен айтқан мысалға сүйеніп, ол дүниені танып-білуге болмайды деген қорытындығы келді: "Мәселен, тынық су бетіне тас тастасақ, дөңгелек пайда болады. Дөңгелек іші — сенің білгенің, ал шеңбер сырты — білмейтінің. Егер көп білгің келсе, үлкен тас таста, сонда дөңгелек шеңбері үлғаяды, білімің артады. Ал соған сөйкес шеңбер сырты да сенің білмейтініңнің көбейгенін байқатады".
XVII ғасырдың ағартушылық философиясы. Бұл кезеңнің маңызды сипаттамаларының бірі рационализм болып табылады. Рационализм бойынша , танымның негізгі құралы болып ақыл-ой табылады, ал түйсік пен тәжірибе екінші мағынаға ие. Бұл жерде ол, адамның түйсігін, қабылдау мен сезімді бірінші орынға қоятын сенсуализм мен таным процесінде бірінші орынға тәжірибені қоятын эмпиризмге қарсы тұрады. Бұл кезеңнің екінші бір ерекшелігі сциентизм мен деизм болып табылады. Сциентизм – ғылыми білімді ең жоғарғы мәдени құндылық және адамның дүниедегі бағдарының қажетті жағдайы деп есептейтін ілім. Ал, деизм болса, құдай дүниені жаратып болғаннан кейін, табиғи жолмен өз заңдылықтарымен дамытып, дүниеге араласпайды деп есептейтін философиялық бағыт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет