Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК 105 б.)



бет25/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2 Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК 105 б.)

Жәбірленушіні қорқыту, оған қатігездікпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетін үнемі қорлау арқылы адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізу үшін қылмыстық жауаптылық ҚК 105-бабында бекітілген.
Қылмыстың берілген құрамы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жеке адамға қарсы қылмыстармен бір тарауға біріктірілген және өмірге қарсы қылмыстардың тізбесін аяқтайды. Өзі-өзі өлтіруге мәжбүр болған жәбірленушінің өз әрекеттерінің нәтижесінде орын алған адам өлімі, бұл қылмыстың салдары болып табылады. 1997 ж. қабылданған қылмыстық заңға дейін әрекет еткен заңнамада өзін-өзі өлтіруге жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық, тек өзін-өзі өлтіруге бағытталған әрекеттердің нәтижесінде жәбірленуші қаза тапқан реттерде қана жауаптылықты пайда туындатқан болатын. 1997 ж. қабылданған ҚР ҚК бұл баптың диспозициясында тек өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізгені үшін де қылмыстық жауаптылықты бекітті. 2014 ж қабылдан Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңнамасында да осындай норма бекітілді. Бұл ҚК 105-бабы бойынша жауаптылық жәбірленушінің қаза табуының барысында, сондай-ақ осындай салдар орын алмай қалған жағдайда да туындайды дегенді білдіреді. Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіргісі келетіндігі туралы ойларын ашық айтуы, өзін-өзі өлтіруге дайындалумен байланысты әрекеттерді жасауы өздігінен 105-бап бойынша қылмыстық жауаптылықты пайда қылмайды. Бұл ретте жәбірленушіге қатыгездікпен қарағаны немесе оның адами қасиеттерін жүйелі түрде қорлағаны үшін кінәлі деп танылған адамның, ол әрекеттер басқа қылмыстың дербес құрамын құраған жағдайда нақ осындай әрекеттерді жасағаны үшін жауап беруі тиіс дегенді білдіреді.
Объективтік жағы бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу мынадай жолдармен жасалуы мүмкін:
- жәбірленушіні қорқыту;
- оған қатыгездікпен қарау;
- оның адами қадір-қасиетін үнемі қорлау арқылы.
Қорқытулар адам өмірінің әртүрлі жақтарына қатысты болуы мүмкін. Бұл өлтіремін, жеке басына ауыр күш қолданамын, өртеп жіберемін, тұрғын үйден, материалдық нәпақадан айырамын, көмексіз және қамқорлықсыз қалдырамын, жәбірленуші үшін жағымсыз мәліметтерді таратамын деген мазмұндағы қорқытулар болуы мүмкін.
Жәбірленушіге қатыгездікпен қарау, ең алдымен оған тәндік қиналыстар көрсетуді білдіреді. Мысалы, жәбірленушіні үнемі қинау, оны ұрып-соғу, денесіне жарақаттар салу, заңсыз бостандығынан айыру, суық күндері жылытылмайтын үй-жайларда ұстау немесе оны үйден қуып жіберу, тамақсыз және сусыз қалдыру, ауру адамға оған қажетті дәрі-дәрмектерін бермей оны қинау сияқты әрекеттермен сипатталады. Сонымен қатар қатыгездікпен қарау тұлғаны моральдық тұрғыдан азаптаулар арқылы да көрініс табуы мүмкін.
Адами қасиеттерді үнемі қорлау жәбірленушінің жеке басын қорлау, оның намысын таптау, оған жала жабу, жалған сөз жеткізу әрекеттерінен тұрады. Осының барысында жәбірленушіге қатыгездікпен қарау және оның адами қасиеттерін қорлау ұштастырылып және бірегей әрекеттермен жүзеге асырылуы да мүмкін. Әдетте осы айтылған әрекеттер белсенді және жүйелі сипатқа ие болады, сонымен бірге бір рет жүзеге асырылған жәбірленушіге қатыгездікпен қарау да оның өзін-өзі өлтіруіне себеп болуын жоққа шығармау қажет. Бұл жағдайда жәбірленуші кез келген тұлға болуы мүмкін.
Кінәлі адамның нақты әрекеттерін анықтаумен қатар, өзін-өзі өлтірудің немесе оған оқталудың сотталушының әрекеттерінің арасындағы себепті байланысты анықтау міндетті болып табылады. Кінәлі адамның жәбірленушіге қатыгездікпен қарауы немесе оның адами қасиеттерін үнемі қорлауы жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге немесе оған оқталуға итермелегендігі іс бойынша жиналған дәлелдемелер арқылы анықталуы тиіс. Егер жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруінің себептері болып өзге мән-жайлар мысалы, ата-аналарымен болған ұрыс-керіс, жұмыстағы қақтығысты жағдай, өзінің жүріс-тұрысына қатысты қамығу, психикалық дертке шалдығу және т.с.с. онда әлдекімнің қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе қойылмайды.
ҚК берілген бабының диспозициясында Көрсетілген қылмыс түрі заңшығарушымен қасақаналықпен жасалатын қылмыстар санатына жатқызылған, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізу субъективтік жағы бойынша тек жанама қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттерді қасақаналықпен жасай отырып, олардың қоғамдық қауіптілігін сезінеді, жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге саналы түрде итермелейді және осының нәтижесінде оның қаза табуының мүмкін екендігін немесе қалайда осылай болатындығын болжай біледі және жәбірленушінің оның әрекеттерінің ықпалымен өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін екендігіне саналы түрде жол береді, бірақ осындай салдардың орын алуына немқұрайлы қарайды.
Жәбірленушіге қаза келтіретін нақты әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) кінәлі адамның өзінің тікелей жасамауы арқылы берілген қылмыс құрамы адам өлтіруден айырмашылыққа ие болады. Өзін-өзі өлтірудің барысында адам өзін-өзі өмірден айыруы тиіс, басқаша айтқанда, өмір сүру немесе сүрмеу толығынан жәбірленушінің өзінің еркіне байланысты және оның өзімен жасалған әрекеттер оның қаза табуына тікелей алып келеді. Алайда жәбірленушінің еркі толықтай тығырыққа тірелген болса, онда адам өлтірудің орын алғандығы анық.
Көзделген әрекеттерді тікелей қасақаналықпен жасау, адам өлтіру ретінде саралануы тиіс. Берілген қылмыстың субъектісі болып, 16-жасқа толған кез келген адам танылады. Аталған баптың екінші бөлігінде кінәлі адамға материалдық немесе өзгедей тәуелді адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу үшін жауаптылық көзделген.
Егер тұлғаның адамды өзін-өзі өлтіруге немесе оған оқталуға дейін жеткізумен байланысты әрекеттері қылмыстың дербес құрамын құрайтын болса, мысалы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, онда олар, ережеге сай, қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады, егерде өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің барысындағы қатыгездікпен қараудың немесе адами қадір-қасиетін үнемі қорлаудың қауіптілігі төменірек болса (жеңілірек жазаға тартылса), барлық іс-әрекет тұтастай ҚК 105-бабының диспозициясымен қамтылады. 
Берілген қылмыс түрінің ерекше ауыр құрамы баптың үшінші бөлігінде, яғни осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер үшін жауаптылық бекітілген. Баптын бірінші және екінші бөліктері орташа ауырлықтағы қылмыстар қатарына жатқызылса, үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатқызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет