Байланысты: acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы
2. Компот Компот -сұйық десерт тағамы; аздап қант салынған суға кайнатылған жас немесе кепкен жемістердің қоспасы. Компот, дайындауға жеміс-жидекті барлық түрі пайдаланылады. Жуылып, тазаланған жеміс-жидектерге қантты шырын кұйып дайындалады. Компотты кептірілген консервіленген және жаңа жиналған жеміс пен жидектен әзірлеуге болады. Жаңа жиналған, алма мен алмұрттан -жасалған компот. Тазартылған алманың әркайсысын 6-8 бөлікке бөліп, өзегін алып тастау керек. Алма қарайып кетпеуі үшін қайнатқанға дейн аздап лимон қышқылы косылған салқын суға, салып қойған жөн. Ішінде құмшекері бар кастрюльге 2 стакан ыстық су кұнды да оған туралған алманы салып, жұмсарғанша 10—15 минут (алма-сортына қарай) қайнатады. Егео компот піскен антоновка алмасынан дайындалса, оны қайнауына жеткізсе болады. 500 г алмаға: 3/4 стақан құмшекер қажет. Жаңа жиналған алмұрттан жасалатын компотта осы әдіспен дайындалады, біраққанттың (алмұрттың төттілігіне қарай) азайтуға болады. Жаңа жиналған еріктен жасалған компот. Өрікті салқын сумен жуып, сүйегінен ажыратады. Кастрюльге құмшекер салып 2 стакан ыстық су құйып араластырып, үстіне өрікті салып, қайнату, керек. 500 г өрікке: 3 л стакан құмшекер қажет. Жаңа жиналған алма мен шиедей жасалған компот. Шиені салқын сумен жуып, сүйегінен ажыратыл, табакшаға салады. Шиенің, сүйегіне су құйып қайнатып, елекпен немесе дәкемен сүзеді. Алынған шырынға құмшекер сеуіп араластырып, үстіне тазартылып кесілген алма салады.
Жаңа жиналған алма мен өріктеп жасалған компот үшін кастрюльге құмшекер үстіне 2 стакан ыстық су құйып араластырады да, тазартылып, кесілген алма қосып, жұмсарғанша 10 минут баяу қайнатады. Сосын оған сүйегінен тазартылған өрік салып, қайтадан қайнату керек. 300 г алма меи 200 г өрікке З стакан кұмшекер қажет. Тоназытылған жеміс пен жидекті де компот дайындау үшін (алдын ала пісірмей-ақ) пайдалануға болады, құмшекер мен судан өзінше сироп жасау керек (500—700 г жеміске 3/4 стакан құмшекер жәнс 2 стакан су құяды), сироп суығаннан кейін үстіне жеміс салады.
Жеміс қағынан жасалған компот. Қақты жуып, ұзақ қайнатуды керек ететін неғұрлым қатты алма мен алмұртты іріктеп алып, үстіне салқын су құйып, 15-20 минут баяу қайнатады. Содан соң құмшекер, ваниль немесе лимон ұнтағын, қалған жемісті қосып, тағы да 5-6 минут қайнатады. 200-300 г келтірілген жеміске: 1 стакан құмшекер, 4 стакан су, ваниль мен лимон қабығының үгіндісі-дәміне қарай қосылады.