Коктейль картасы. Мейрамхананың коктейль картасы ас қабылдауды ашатын, тәбет артыруға ықпал ететін коктейль- аперативтен басталады. Бұл джин, виски, арақ, ром және ароматты шараптар негізіндегі класикалық коктейльдер.
Содан кейін күн сусыны, мейрамхананың фирмалық коктейльдері, әйел адамдарға арнайы ұсыныс немесе «сомельден сыйлық» көрсетіледі. Белгілі бір коктейльді күн сусыны деп хабарлау картаға қонақтар қызулышығын тудыру мүмкін.
Мейрамхана атынан қонаққа сыйланған коктейль-аперитив залдағы адамдарға жақсы көңіл күй қамтамасыз етумен қатар, тәбет ашады.
Содан соң картаға ұзын аралас сусындар, сосын ас қорытуға ықпал ететін коктейль-диджестивтер мен ас қабаылдауды аяқтайтын ыстық аралас сусындар (hot drinks) көрсетіледі.
Мейрамхананың коктейльдер картасы анық және нақты басылған болу керек. Оны құруда орфографиялық және мәнінің қателігі болмау керек. Картада даярланған коктейльдердің порция көлемі мен олардың бағасы болуы керек. Коктейль құрамына кіретін сусындар аталуы түпнұсқа тілінде бөтелкедегі затбелгіге сәйкес көрсетілуі тиіс, бірақ аудармасы да жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |