Ас мәзірі мен шараптар картасын рәсімдеу. Мейрамхана немесе кафеде тапсырысқа берілетін тағамдар мәзірі баспа әдіспен қалын қағазда басылады. Шрифт суреті анық, нақты, жеңіл оқылатын болуы керек. Барлық ас мәзірі түрлеріне міндетті түрде директор, өндіріс басшысы және калькулятор қол қою керек. Ас мәзірін алмастыруды немесе түзету енгізуді тек қол қойған тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Баспа тәсілімен басылған, бағасы көрсетілген ас мәзірі қатаң есептелетін құжат болып табылады. Олардың сақталуына метрдотель жауапты. Жұмыс сонында ол тапсырысқа берілетін тағамдар ас мәзірі мен шарап картасы бланктары салынып толтырылған папкаларды санайды.
Ас мәзірін кәсіпорын эмблемасы безендіреді, ол мейрамхана, бар, кафе ерекшілігін көрсету тиіс. Ашық ас мәзірінің оң жақ жоғарғы жағында кәсіпорын жұмысы туралы қысқаша ақпарат берген жөн. Фирмалық тағамдар, тісбасарлар, сусындар туралы ақпараты оған көңіл аударту үшін сәйкес суреттермен, қызықты тарихи анықтамамен толықтыруға болады. Әрбір жұмыс аусымына ас мәзірі папкаларының саны даяшы санына сәйкес келу керек.
Тапсырысқа берілетін тағамдар мәзірі мен шарап картасы бланктарында әрбір топ тағамдар мен сусындар тізімін бергенде, бірнеше жолды толтырмай қалдырады, бұл кейбір өнімдерді қосымша енгізуге мүмкіндік береді.
Шетел туристерінде қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында ас мәзірі орыс, ағылшын,француз және неміс тілдерінде басылады.
Тапсырма: Берілген ас мәзіріндегі тағамдардың орналасу ретін ескере отырып, нұсқа бойынша мәзірдің екі түрін құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |