Тамақтандыру



бет51/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Жұмысты орындау реті:


    1. кезең. Даяшы үстелдерді қызмет көрсетуге дайындау керек. Алдымен дастарқан төсеп, 4 персонаға дастарқан жаю керек. Бір қонаққа арнап дастарқан жаю 1– суреттегідей болу керек.

Одан кейін қосалқы үстелді жұмысқа дайындау керек, яғни дастарақан төсеп, қол орамал, майлық төселген поднос, порцияға бөліп салуға арналған пышақтар мен қасықтарды, нан қысқышын, күлсалғыштарды, шыны бөтелкелерді қою керек.



  1. сурет. Тапсырысқа берілетін мәзір бойынша бір қонаққа үстел жаю

    1. кезең. Қонақтар келгенге дейін даяшы нанды бәліш тәрелкесіне салып шығу керек. Ол үшін сол қолға нан салынған себетшені алып, оң қолмен қысқыштар көмегімен екі тілік нанды алып, әрбір бәліш тәрелкесіне салу керек, бұл кезде әрбір орынға сол жақтан келіп сол қырмен тұрып, үстел бойымен сағат тіліне қарсы қозғалу керек.

    2. кезең. Қонақтар келгенге дейін даяшы суға арналған бокалдарды да толтыра алады. Ол үшін оң қолға минералды суды алып, үстел бойымен сағат тілімен қозғалып, бокалдардың ⅔ көлемін толтырады.

    3. кезең. Бұл кезеңде қонақтарды қарсы алып, өз орындарына отыруына көмектесу керек. Содан соң даяшы қызмет көрсетуді арақ ұсынудан бастайды. Арақ бөтелкесін бүктелген қол орамалы бар сол қолға алып, оң қолмен бөтелке аузын ұстап, бас қонаққа оң жақтан келіп, бөтелкені көрсету керек, Содан соң бөтелкені оң қолға алып (қол орамалы бар сол қолды артына қарай алып кетеді), арақ рюмкасына ⅔ көлеміне арақ құядыда бөтелкені сол қолға қайтарады. Қызмет көрсетуді үстел бойымен сағат тілімен қозғалып жалғастырады.

    4. кезең. Даяшы салқын тісбасарларды тасып ұсынады. Ол үшін салқын балық ассортиі салынған табақты сол қолға алады. Табаққа порцияға бөліп салуға арналған аспаптар қойылады. Сол жағынан бас қонаққа келіп, тағамды көрсетеді. Тасып ұсынған кезде тағамды қонақ тәрелкесіне жақын, бәліш тәрелкесі мен шанышқыға тимей ұстау керек. Тағамды көрсеткен соң оң қолға порцияға бөліп салуға арналған аспапты алып, тағамды қонақ тәрелкесіне салады (2-сурет). Үстел бойымен сағат тіліне қарсы қозғалып қызмет көрсетеді.

    5. кезең. Даяшы босаған ыдысты, яғни тісбасарлық тәрелкелер мен аспаптарды жинау керек. Жинау алдында барлық қонақтар алдындағы тәрелкелер босағанын және онда аспаптар саптары оң қаратып бір біріне параллель жатқанына көз жеткізу керек.



  1. сурет. Қонақтың тарелкесіне тісбасарды салу

Ыдыстарды жинауды кез-келген қонақ алдынан бастауға болады. Оң жағынан оң қолмен аспаптармен тәрелкені алады. Қонақ артында тәрелкені қол орамал бар сол қолға алмастырады. Сағат тілі бойымен қозғала отырып, келесі қонақтан аспаптармен тәрелкені алады. Қонақ артында алған аспаптарын бірінші тәреклкеге қойып, тәрелкені екінші тәрелке үстіне қояды. Үшінші тәрелкені жинағанда ол екінші тәрелке үстіне, ал аспаптар бірінші тәрелкеге жиналады. Жинау соңында төрт тәрелке аспаптармен бірге даяшының сол қолында екі үйіндімен орналасу керек. (3-сурет)



  1. сурет. Тарелкелерді екі қатар етіп бір-бірінің үстіне қою

    1. кезең. Ыстық тағамды ұсынар алдында қонақтарға ас шарабын ұсыну керек. Бір ыстық тағамға ақ және қызыл шарап тапсырысқа берілгендіктен, келеі ұсыну тәсілін қолдану керек: Сол қолға қол орамалмен екі бөтелке шарапты алып, сол жағынан бас қонаққа келіп, шараптарды көрсетеді. Қонақ бір бөтелкені таңдап көрсету керек (4-сурет).



  1. сурет. Таңдап алуға шараптың екі түрін ұсыну

Қонақ таңдаған бөтелкені даяшы оң қолына алып, қонақтың оң жағынан келіп, бокал ⅔ көлеміне толтырады. Одан кейін сағат тіліне қарсы қозғалып, қызмет көрсетуді жалғастыру керек.

    1. кезең. Одан кейін ыстытағамды ұсыну басталады. Даяшы үш тәрелкені сол қолына алып (5-сурет), оң қолына төртінші тәрелкені алады да, бас қонақтың оң жағынан келіп оң қолмен үстел шетінен 2 см аспай тәрелкені қояды.

Тәрелке эмблемасы жоғарғы жағында, сонымен қатар гарнир тәрелкенің жоғарғы жағында, негізгі өнім тәрелкенің төменгі жартысында орналасыу керек.



  1. сурет. Негізгі ыстық тағамды ұсыну




    1. кезең. Барлық қонақтар жеп болып, аспаптарды бір біріне параллель тәрелкеге салған соң, жоғарыда аталған әдіспен ыдыстарды жинай бастайды. Кішкентай ас тәрелкелерімен қатар, даяшы бәліш тәрелкелерін, татымдықтарды, арақ рюмкаларын жинап алу керек. Ол үшін подносты қолдануға болады. Бәліш тәрелкелерін сол жақтан сол қолмен сағат тіліне қарсы үстел бойымен қозғалып жинайды. Арақ рюмкалары мен татымдықтарды оң жақтан оң қолмен сағат тілі бойымен қозғалып жинайды. Сол қолмен жинағанда қол орамал мен подносты оң қолда, оң қолмен жинағанда қол орамал мен подносты сол қолға ұстау керек.

Подностарды қолда алмастыру үшін қосалқы үстелге келіп, оған подносты қояды.

Десерт және кофе ұсыну алдында жинау кезінде үстел үстін сүртіп алу керек. Оны қонақтың оң жағынан да, сол жағынан да жүргізуге болады. Мысалы, сол қолға бәліш тәрелкесін алып, оң қолға қатты оралған қол орамалды алады. Қонақтың оң жағынан келіп, үстелді бәліш тәрелкессіне сүртеді, ары қарай сағат тілі бойымен қозғалады.



    1. кезең. Даяшы вазаға салынған кәмпиттерді, кофе, күлсалғыш және есеп ұсыну керек. Кофе порцияларын бардан алған кезде, оларды подноста 6– суретте көрсетілгендей орнату керек.



  1. сурет. Ұсыну алдында подносқа кофе шыны-аяқтарын орналастыру

Кофе шыны-аяқтарын даяшы подностан оң қолмен оң жағынан ұсынады, шыны-аяқ сабы сол жаққа, қасық сабы оң жаққа қарап орналасу керек. Кәмпит салынған вазаны үстел ортасына қарай орнатады. Күлсалғышты темекі шегетін қонақтарға оң жағынан ұсынылады. Егер темекі ұсыну қажет болса, оны сол жақтан ұсынады, ал оң жақтан тұтатады. Күлсалғыштарды әрбір үш окуроктан кейін алмастыру керек. Күлсалғыштарды алмастыру үшін даяшы екі таза күлсалғышпен үстел басына келеді де, бір таза күлсалғышты толған күлсалғыш қасына орнатады, ал екінші таза күлсалғыштты қақпақ ретінде толған күлсалғышты жауып, екеуін алып кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет