Тамақтандыру



бет53/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Жұмысты орындау реті:


  1. кезең. Даяшы қонақтарға арналған үстел мен қосалқы үстелді қызмет көрсету үшін даярлайды. Қонақтарға арналған үстелге дастарқан төсеп, төрт персонаға дастарқан жаяды. Бір қонаққа арналған үстел 1–суреттегідей болу керек. Банкет үстелінің ортасына майшам мен дәмқосарлар қойылады.

  1. сурет. Тапсырысқа берілетін мәзір бойынша бір қонаққа үстел жаю

Даяшы қосалқы үстелге де дастарқан жабады. Қосалқы үстелге келесі заттарды қою керек: қол орамал, майлық төселген әзірлеу подносы, тортқа арналған пышақ пен қалақша, майлық төселіп, нан салынған себетше, нан ұсынуға арналған қысқыш, күл салғыш, сорпаға арналған ыдыс, табақшасымен және қасықпен кофе шыны-аяқтары, шампанға арналған шелек, шарап бөтелкелері. Ақ шарап пен шампан шелекте болу керек, ал қызыл шарап пен су үстелде тұру керек.

  1. кезең. Даяшы үстел жанында қонақтарды қарсы алып, отыруға көмектеседі. Ол қонақтармен сәлемдесіп, майшамдарды жағады да, десет тәрелкелерін алып тастайды (бұл кезде олар күту тәрелкелері болып табылады), сорпа ұсыну үшін астына қоятын декоративті тәрелкелерді босатады. Оң жақтан оң қолмен даяшы десертті тәрелкені алып тастап, бірінің-үстіне бірін қойып, қосалқы үстелге апарып қояды.

  2. кезең. Бұл кезеңде даяшы қонақтарға қосалқы үстелде дайын тұрған нан мен су ұсынады. Оң қолға минералды су бөтелкесін алып, қонақтың оң жағынан қонақ бокалының ⅔ көлемін толтырады. Содан соң су ұсыну даяшы үстел бойымен сағат тілі бойынша, яғни, оңнан солға қарай жүріп жүзеге асырады. Содан кейін сол қолмен нан салынған себетшені алып, даяшы қысқыш көмегімен нанды бәліш тәрелкеге салады. Нанды ұсына отырып, әр қонаққа сол жағынан келу керек және үстел бойымен солдан оңға қарай сағат тіліне қарсы қозғалу керек.

  3. кезең. Нанға арналған себетшенні қосалқы үстелге қойып, даяшы әзірлеу подносын алып, тарату бөліміне сорпа алу үшін барады. Сорпа шыны-аяқтарын подноқа қойып, тарату бөлімінен қосалқы үстелге апарып қояды. Қосалқы үстелде сорпа шыны-аяқтары табақшаға қойылып, подноссыз сорпа порциялары қонақтарға ұсынылады. Екі шыны-аяқтан ұсыну ыңғайлы. Ұсыну кезінде келесі ережелерді қадағалаған жөн: әйел адамдарға еркек адамдардан бұрын қызмет көрсету, сол жақтан сол қолмен ұсыну, ал оң жақтан оң қолмен ұсыну керек.

  4. кезең. Барлық қонақтар сорпаларын ішіп болған соң, даяшы қолданған ыдысты әзірлеу подносы көмегімен жинайды. Ыдысты кез-келген қонақтан бастап жинауға болады. Сорпа шыны-аяғын оң жақтан оң қолмен жинап алады. Қонақ артында ыдыстарды подносқа қояды, ол кезде табақшаларды бірінің- үстіне бірін қойып, шыны-аықтарды бір-бірінен бөлек, ал қасықтарды табақшалар үстіне қояды.

  5. кезең. Ыстық балық тағамын ұсыну алдында қонақтарға ақ шарап ұсыну керек. Ақ шарап ұсынар алдында мұз салынған шелекте салқындатылған, сондықтан бөтелкені қол орамалмен орап ұстайды. Оң қолға ақ шарап бөтелкесін алып, даяшы оң жақтан әрбір қонақтың рейнвей бокалын ⅔ көлеміне толтырады. Қонақтар ыстық балық тағамын жеп жатқан кезде ақ шарап әрбір қонаққа 2-3 рет ұсынылады.

  6. кезең. Таратудан ыстық балық тағамдары порцияға бөлініп салынған кішкентай ас тәрелкелерін алып, даяшы оларды подноссыз алып келеді (сол қолда ручник және үш тәрелке) де қонақтарға оң жақтан оң қолмен, сағат тілі бойымен қозғалып ұсынады.

  7. кезең. Қонақтар ыстық тағамын тұтынып, аспаптарын тәрелкеге сабын оң қаратып, параллель қойған соң, даяшы қолданған ыдыстарды жинай бастайды.

Ыдыстарды жинауды кез-келген қонақ алдынан бастауға болады. Қонақтың оң жағынан оң қолмен аспаптармен бірге тәрелкені алу керек. Оң қолдың бас бармағымен аспаптарды тәрелкеге қысып ұстайды. Қонақтың артында тәрелкені қол орамалы бар сол қолға ауыстырады. Тәрелкені сол қолдың алақанына, бас бармақ, ортаңғы және аты жоқ саусаққа орналастырады, ал бас бармақ пен шынашақ басқа тәрелкелер үшін горизонталь алаң түзу керек.

Сағат тілі бойымен қозғала отырып, келесі қонаққа барып, екінші тәрелкені алады.Қонақ артында екінші тәрелкені алақанның бос бөлігінк бірінші тәрелкенің жоғарғы жағына қойып, екінші тәрелке үстіндегі аспаптарды бірінші тәрелке үстіне қояды. Үшінші тәрелкені жинаған кезде, оны екінші тәрелке үстіне қойып, аспаптарын бірінші тәрелкеге қояды, т.с.с. Жинап болған соң кішкентай ас тәрелкелер аспаптармен бірге даяшының сол қолында екі стопкада тұру керек.



  1. кезең. Жаркое, ыстық ет тағамын ұсынар алдында қызыл шарап ұсыну керек. Қызыл шарапты даяшы қонақтың оң жағынан, лафитті бокалдарды ⅔ көлеміне дейін толтырады. Қызыл шарап әрбір қонаққа ыстық тағамды тұтыну барысында 2-3 рет ұсынылады.

  2. кезең. Барлық қонақтарға қызыл шарап ұсынылғанын тексерген соң, таратудан ыстық ет тағамын алып, қонаққа оң жақтан оң қолмен ұсынады.

Ыстық тағам салынған тәрелке эмблемасы қонаққа қарсы жоғарғы жағында орналасу керек, сонымен қатар жоғаржы жағында гарнир, ал тәрелкенің сол жағында негізгі өнім мен соус орналасу керек.

  1. кезең. Барлық қонақтар жаркое жеп болған соң, сабын оң қаратып аспаптарын бір-біріне параллель тәрелке үстіне қойған соң, даяшы қолданған ыдыстарды 8 кезеңде көрсетілгендей жинай бастайды.

  2. кезең. Десерт ұсыну алдында үстелден астына қойылатын декоративті тәрелкелерді, бәліш тәрелкелерін және татымдықтарды жинап алу керек. Бұл аспаптарды сол қолмен қонақтың сол жағынан үстел бойымен сағат тіліне қарсы қозғалып жинайды. Алдымен оң қолға барлық декоративті тәрелкелерді жинап, содан кейін үстіне барлық бәліш тәрелкелерін қоюға, ал ең соңында үстелден татымдықтар аспабын жинауға болады.

Жинау үрдісін үстелді сүртумен аяқтайды. Оны қонақтың оң жағынан да, сол жағынан да жүзеге асыруға болады. Мысалы, сол қолға даяшы бәліш тәрелкесін алып, ал сол қолға қысып оралған қол орамалын ұстайды. Қонақтың біреуіне жақындап, үстелді сүртеді, содан соң сағат тілімен қозғалып жинауды жалғастырады.

  1. кезең. Десертті ұсыну алдында дастарқанға десертті аспаптарды қою керек. Яғни оларды қойылатын десертті тәрелкенің оң және сол жағына орналастыру керек. Даяшы қонақтың сол жағында тұрып, сол жағынан орталықтан сол жағына қарай десертті шанышқыны қояды. Содан соң солдан

оңға қарай жылжып оң қолмен десерт қасығын орталықтан оң жағына қарай орналастырады.

  1. кезең. Десертті ұсыну алдында қонақтарға шампан ұсыну керек. Оны мұз салынған шелектен алмай, аузын ашады. Ашылған бөтелкені даяшы қол орамалға орап алып, қонақтың оң жағында тұрып бокалының ⅔ көлеміне дейін екі бөліп құяды. Шампанды ұсынған кезде даяшы сағат тілі бойымен қозғалып, ең алдымен әйелдер мен сыйлы қонақтарға қызмет көрсетеді.

Ескерту. Бөлме температурасында консистенциясы тез өзгеретін десертті тағамдарды (балмұздақ, парфе, суфле және т.б.) ұсынған кезде шампанды қонақтар тағамның көп бөлігін тұтынып болған соң құя бастайды.

  1. кезең. Торт түріндегі десертті даяшы таратудан алып, залға алып шығады да, қонақтарға көрсетеді. Көрсеткен соң оны қосалқы үстелге қояды. Даяшы тортты пышақпен кесіп, тортқа арналған қалақша арқылы десерт порцияларын дайындалған десертті тәрелкелерге салады. Содан соң десертті тәрелкелерді келесі ұсыну техникасын қолданып ұсынады: оң және сол қолына бір –бірден десерт тәрелкелерін алып, даяшы қонақтар жұбына келіп, біреуіне оң қолменұсынады, ал екіншісіне сол қолдағы десертті ұсынады. Даяшы қолдары қиылыспауын қадағалау керек.

Десертті ұсынған соң қонақ алдында дастарқан жаю заттарпы 2–суретте көрсетілгендей тұру керек.

  1. сурет. Десертті ұсынғаннан кейін дастарқан жаю түрі






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет