кезең. Қонақтар десертті жеп болған соң, даяшы 8 кезеңде көрсетілген ретте ыдыстарды жинай бастайды.
кезең. Кофе ұсыну алдында дастарқанға кофе аспаптарын қою керек. Табақшалармен және қасықтарымен кофе шыны-аяқтарын даяшы қосалқы үстелде тұрған әзірлеу подносына қояды. Содан соң бос кофе шыны-аяқтары қонақтарға ұсынылады. Үстелге сонымен қатар күлсалғыштар қойылады, себебі дипломаттық этикет бойынша үстел басында тек кофе ұсынылып болған соң, теекі шегуге болады. Кофесі бар кофейникті, кілегей және қантты даяшы таратудан подноста алып, қосалқы үстелге алып келеді. Даяшы қонақтарға ұсынып, кілегей құйғыш пен қант салғышты үстел ортасына қояды. Кофесі бар кофейникті даяшы сол қолына алып, қонақтың оң жағынан келіп, оң қолмен
кофе шыны-аяғын табақшасымен алады да, қонақ артында кофені шыны-аяққа құяды (3-сурет), оны ақырын қайтадан қонақ алдына оң қолмен қояды (4- сурет).
сурет. Кофені қонақтың артында тұрып қояды
Даяшы сағат тілі бойымен қозғалып, барлық қонақтарға кофе құйып шығады.
Дипломаттық банкеттерде кофе ұсынутемекі шегуге болатынына рұқсат қана емес, отырыстың жақын арада аяқталатыны туралы белгі. Көфе ұсынылып болған соң, тағы да кофені екінші рет ұсынуға болады. Кофе ұсынылып болған соң, күлсалғыш тазалығын бақылап, үшінші темекіден кейін күлсалғышты ауыстыру керек.
сурет. Кофе шыны-аяғы қонақтың алдына оң қолмен қойылады
Достарыңызбен бөлісу: |