Тамақтандыру


Банкет-фуршеттің ерекшелігі



бет57/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Банкет-фуршеттің ерекшелігі


  • қонақтар орындық қойылмайтын үстелдердің жанында тұрып тағам қабылдайды;

  • қонақтар үстелдің үстіне қойылған тағамдар мен сусындарды өздері таңдап алады;

  • қонақтарға банкеттің аяқталғанын күтпей, кете беруіне рұқсат;

  • Банкеттің ұзақтығы 1-1,5 сағат;

  • 1 даяршы 15-20 қонаққа қызмет көрсетеді.


Жұмысты орындау реті:


  1. кезең. Банкетті ұйымдастыруды және дастарқан жаюды үйрену

Банкет-фуршетке арналған үстелдер қарапайым үстелдерге қарағанда биік болу керек (90-100 см). Үстелдердің ені 1,2-1,5м, ал 1 қонаққа арналған үстел нормасы 15-20 см болу керек. Қызмет көрсетуге ыңғайлы болу үшін үстелдің ұзындығы 10 м-ден аспау керек. Үстелдерді көбінесе бір сызықтың бойымен бірнеше қатар етіп орналастырады, сонымен қатар шырша формасында, Т, П, Ш әріптерінің формасында да орналастырады. Мәртебелі қонақтарға арналған үстел негізігі үстелден 1,5 метр қашықтықта орналастырылады. Фуршет үстелдеріне юбка формасындағы дастархан төселеді.

Фуршет үстелдерінен басқа залдағы қабырғалардың жанына қосымша тарелкелерге, рюмкаларға, майлықтарға арналған қосалқы үстелдер және темекілерге, сіріңкеге және күлсалғышқа арналған төртбұрышты үстелдер орналастырылады.

Дастарқан жаю тапсырыс берілген алкогольді және алкогольсіз сусындарға арналған шыны ыдыстарды қоюдан басталады. Үстелге шампанға, коньякқа және ликерге арналған бокалдар қойылмайды.

Шыны ыдыстармен сервировкалаудың бірнеше варианты бар:



  • бір жақты

  • екі жақты (екі қатарға)

  • топпен

  • шырша түрінде

  • өкілдік

Шыны ыдыстарды қойғаннан кейін үстел үстіне 8-10 данадан тісбасарлық тәрелкелер, 4-6 данадан десерттік және бәліш тәрелкелер қойылады. Тарелкелердің оң жағына тісбасарлық шанышқылар мен пышақтарды қояды.

Ыдыстарды қойып болғаннан кейін үстелге гүлдер мен жеміс-жидектерді қояды.

Ыдыстардың жанына бөтелкедегі сусындарды қояды. Сонымен қатар сусындарды алдын-ала рюмкаларға, бокалдарға және фужерлерге құйып қоюға болады. Тісбасарлар салынған тәрелкелерді банкет басталуына 1-1,5сағаттан ерте емес қою керек. Тағамы бар овалды тәрелкелерді үстелге 30-45 градус бұрышта қояды, егер олар биік болса, үстелдің ортасына қарай, ал егер аласа болса, үстелдің шетіне қарай орналастырады. Әрбір тәрелкенің тағамды салып алуға арналған құрал-аспаптар қойылады.

Банкет-фуршет үстелін жаю



Банкет-фуршет үстелін жаю



  1. кезең. Бар жұмысын ұйымдастыру

Банкет-фуршет кезінде қонақтарға қызмет көрсетуде бар ұйымдастырылады. Ол үшін бар тұрағы немесе қонақтар келетін жағынан жерге дейін салбыраған қалың дастархан төселген үстел қолданылады.

Ұсынылатын сусындар ассортиментіне байланысты рюмкалар, бокалдар, шырынға арналған сткандар қойылады,

Бар банкет басталуына 20-30 минут қалғанда дайындалады, ал қонақтардың келуіне 10-20 минут қалған кезде бармен қойылған бокалдарға (төрттен бір бөлігіне дейін) сусындар құяды.








  1. кезең. Банкет мәзірімен танысу

Банкет-фуршет мәзіріне басқа банкеттерге қарағанда басытқылар кең ассортиментте енгізіледі.

Олар шанышқымен тұрып жеуге ыңғайлы болу үшін кішкентай порциялармен туралады.

Сусындар: минералды, жемісті сулар, сыра, мықты алкогольді сусындар, соңында кофе ұсынуға болады.






  1. кезең. Қызмет көрсету реті

Залда даяршы үстел жанында тұрып сусындарды құйып, тісбасарларды және тағамдарды салып беріп тұрады. Барлық қонақтар үстелдің жанына бірден келе алмайтындықтан, даяршылар шетте тұрған немесе қосалқы үстел жанында тұрған қонақтарға сусындар мен тісбасарларды апару керек.

Қызмет көрсету кезінде даяршылар үстел үстінің реттеліп тұруына назар аудару қажет, қолданылған ыдыстарды және босаған бөтелкелерді алып кету керек, уақытылы дастарқанды толықтыру керек және күлсалғыштарды босатып тұру қажет.













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет