Тамақтандыру



бет49/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Жұмысты орындау реті:


1 кезең. Үстелге дастарқан жаю. Ең алдымен дастарқан тегіс жайылуын қадағалау керек. Содан кейін қосалқы үстелге дастарқан жаю. Банкет үстелі декоративті жаймамен безендірілу мүмкін.



қою.


  1. сурет. Қонақтарға арналған және қосалқы үстелдер

Үстелге дастарқан мыжылмайтындай етіп, орындықтарды жақындатып
2 кезең. Дастарқан жаюға ыдыстарды дайындау. Қол орамалмен

тәрелкелерді, аспаптарды, бокалдарды жылтыратып сүртіп, оларды қосалқы үстелге ыңғайлы орнату: тәрелкелерді эмблемасы бір жақта болатындай етіп жинау, аспаптарды майлық төселген подносқа қою, бокалдарды төмен қаратып қатарлап орналастыру (2-сурет).



2-сурет. Қосалқа үстелдергі дастарқан жаюға арналған құралдардың

орналасуы

  1. кезең. Қол орамал көмегімен сол қолға декоративті астына қоятын тәрелкелерді алып, үстелге тәрелкелерді қойып шығу.

Үстел бойымен сағат тілі бойымен қозғалып, оң жақтан оң қолмен отыратын орын ортасына қарай үстел шетінен 2 см аспай әр тәрелкені қойып шығу. Содан кейін сол сияқты астына қоятын декоративті тәрелкелер үстіне тісбасарлық тәрелкелерді қойып шығу. Оң қолға бәліш тәрелкелерін алып, үстел бойымен сағат тіліне қарсы қозғалып, әрбір бәліш тәрелкесін сол сақтан сол қолмен декоративті тәрелкеде шетінен 15-20 см қашықтықта қойып шығу. Барлық тәрелкелердің эмблемалары әрбір орыннға қарама-қарсы және қонаққа қарай орналасу керек.

  1. кезең. Үстелге аспаптарды қою. Қол орамал ілінген сол қолға пышақтар мен шанышқылар салынған әзірлеу подносын алып, үстел бойымен сағат тіліне қарай қозғалып, оң жақтан оң қолмен пышақтарды жүзін тәрелкеге қаратып мына ретте қойып шығады: алдымен ас пышағы, содан кейін балық және тісбасарлық пышақ (3-сурет).

    1. сурет. Қонақтарға арналған үстелдегі тарелкелердің орналасуы




    1. сурет. Үстелге пышақ және десерттік шанышқы қою




    1. сурет. Пышақтарды дастарқанға қою

Келесі орынға өтпей тәрелке артына пышақтарға перпендикуляр сабын сол қаратып десертті шанышқыны қою.

  1. кезең. Оң қолға қол орамалмен шанышқылар мен десертті қасықтар салынған әзірлеу подносын алып, үстел бойымен солдан оңға қарай сағат тіліне қарсы қозғалып, сол жақтан сол қолмен дастарқанға шанышқыларды мына ретпен қойып шығу: алдымен ас шанышқысы (декоративті тәрелкеге жақын), содан кейін балық және тісбасарлық шанышқы (6-сурет). Келесі орынға өтпей

тұрып, десертті шанышқының қасына десертті қасықты сабын оң қаратып қою (7-сурет).

Дастарқанға аспаптарды қойып болған соң, пышақтар мен шанышқылар бір-біріне парраллель және қатаң түрде отыратын орынға қарсы орналасу керек (8-сурет).



  1. кезең. Дастарқанға шыны ыдстарды қою кезінде суға арналған фужерлерден бастау керек. Қалған бокалдар мен рюмкаларды «орган түтікшелері» принципі бойынша оңға және төмен қарай қояды – биік болса алысырақ, аласа болса, жақынырақ,мяғни аласа ыдыстарды биік ыдыстар алдына қояды.



    1. сурет. Шанышқыларды дастарқанға қою



    1. сурет. Десерттік аспаптарын үстелге қою

Қол орамал ілінген сол қолға төмен қаратылған 5 фужерді алып, алтыншысын оң қолға ұстап, қонақтың оң жағынан үстелге шыны адыстарды қою (8-сурет). Үстел бойымен сағат тілімен қозғалып, әр фужерді тісбасарлық тәрелкенің орталығының артына қойып шығады.



    1. сурет. Үстелге негізгі асханалық аспаптарды қою



    1. сурет. Үстелге суға арналған фужерді қою

Содан кейін шампанға арналған бокалдар, қызыл және ақ шарапқа арналған бокалдар сәйкесінше қойылады. Соңынан арақ рюмкаларын қойып шығады. Бокалдарды орналастыру нұсқасы 10–суретте келтірілген.

  1. кезең. Дастарқанға майлықтарды қояр алдында, оларды қосалқы үстелде бүктеп алып, әзірлеу подносына жинайды.



    1. сурет. Үстелге бокалдарды қою нұсқалары

Майлықтар салынған подносты сол қолға алып, оң жақтан оң қолмен әрбір бүктелген майлықты тісбасарлық тәрелгеге қойю керек, бұл кезде сағат тілі бойымен қозғалу керек (10-сурет).



  1. кезең. Дастарқан жаюды аяқтау үшін үстел ортасына майшам түпқоймасын, татымдықтар аспабын және бір күлсалғыш қояды.

Аксессуарларды бір қолмен үстелге бір қырмен тұрып қойып шығады (11- сурет).

Тапсырманы орындауға дайындық кезеңі 15 минуттан аспау керек, тапсырманың өзін орындау 20 минуттан аспау керек.





  1. сурет. Үстелге майлықтарды қою




  1. сурет. Бір қонаққа арналған дастарқан жаюдың соңғы нұсқасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет