Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


А.Құдиярованың «Педагог-просветитель Шакерим Кудайбердыулы»



бет15/20
Дата05.11.2016
өлшемі5,84 Mb.
#906
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

А.Құдиярованың «Педагог-просветитель Шакерим Кудайбердыулы» атты көлемді оқу құралының кіріспесінде Шәкәрімтанудың тарихына қысқаша шолу берілген [18]. Оның бірінші «Шәкәрімнің қоғамдық-ағартушылық қызметі» тарауында ақын-ағартушының дүниетанымының қалыптасуы мен орнығуының тарихи шарттары, оның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдың педагогикалық идеяларының генезисі, Шәкәрім мен Абай туралы сөз болады. «Дала ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық мұрасы» атты екінші тарауында ағартушы шығармашылығындағы рухани-адамгершілік тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу проблемалары, экологиялық ағарту ісі туралы, жетекшілік туралы ой-пікірлері баяндалған.

С.Қалиев пен Б.Иманбекованың «Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне пайдалану» оқу-әдістемелік құралы кіріспеден және екі тараудан тұрады [19].

Бірінші тарау «А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері»: А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық және саяси-әлеуметтік жағдайлар, А.Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының Ы.Алтынсарин идеяларымен үндестігі, А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік мүмкіндіктері анықталған; екінші тарау «А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі»: А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың маңызы, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары бойынша жасалған «Ахмет тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны, А.Байтұрсынов мұраларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары көрсетілген.



А.С.Қыдыршаевтың «Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы» атты әдістемелік құралының «А.Байтұрсынұлы әліппе және оқулықтарының әдістемелік негіздері» атты бірінші тарауында А.Байтұрсынұлының әдіскер ғалым ретінде қалыптасуына өз кезіндегі әдістеме ілімінің әсері, А.Байтұрсынұлы әліппелері мен оқулықтарына жалпы сипаттама және олардың әдістемелік негіздері мазмұндалған [20]. Ал «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми әдістемелік еңбектері» атты екінші тарауында А.Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерінің жазылу жайы, А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы екендігі және оның әдістемелік еңбектерінің бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығы көрсетілген.

Е.Қабдолқайырұлының қарастыруымен жарық көрген «Ағартушы Халел» атты жинақта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемдерінің бірі, әмбебап-ғалым, күллі Түркістанда оқу-ағарту, ғылым, баспа ісі және денсаулық сақтау салаларының ұйымдастырушысы Х.Досмұхамедов туралы баяндалған [21]. Ол қазақ тарихы, тілі мен әдебиеті саласында еңбектер жазған, тұңғыш медицина, биология, зоология, табиғаттану оқулықтарын қазақ тілінде дүниеге әкелген ағартушы болғаны айтылған.

С.Т.Сеңкібаевтың «Мағжан Жұмабаевтың тәлімгерлік тағылымдары» атты оқу-әдістемелік құралында М.Жұмабаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, оның көркем шығармалары мен педагогикалық мұрасындағы тәрбие мен оқыту мәселелері және оларды орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылықпен пайдалану жолдары көрсетілген [22].

Қ.Бөлеев пен А.Б.Мұратованың «Қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идея» атты оқу құралының бірінші тарауында педагогика ғылымындағы халықтық идеяның мәні мен маңызына, ал екінші тарауын қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қалыптасуына арналған. Үшінші тарау «Қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның оқушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы» деп аталып, онда Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев пен Халел Досмұхамедовтың шығармашылықтарындағы халықтық идеясының мазмұны ашылып, оны оқушылар мен білімгерлерге ұлттық тәрбие беруде пайдалану іс-тәжірибелері жинақталынған [23].

Р.С.Омарова мен М.Д.Есекешованың «Дарынды тұлға ілімі – өшпес мұра» оқу құралының бірінші «Телжан Шонанұлының педагогикалық идеяларының қалыптасуының тарихи-мәдени және дүниетанымдық негіздері» атты тарауында Т.Шонанұлының өмірі және педагогикалық идеяларының қалыптасуы, дарынды педагог мұраларының ерекшеліктері және оның тарихи-педагогикалық идеясына жалпы сипаттама; екінші тарау «Жастарға білім беру және тәрбиелеу туралы Т.Шонанұлы идеяларының педагогикалық жүйесінің іргетасы» деп аталып, онда Т.Шонанұлының ғылыми-педагогикалық еңбектерінің бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығы, оның қазақ мәдениеті мен әдеби идеяларын сақтауға қосқан үлесі және тарихи-педагогикалық идеяларын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары анықталған [24].

Ғ.Қабекеновтың «Нұғыман Манаевтың қоғамдық қызметі мен педагогикалық идеялары» оқу құралының бірінші тарауы «Нұғыман Манаевтың қоғамдық-ағартушылық қызметі мен педагогикалық көзқарасының қалыптасуы» деп аталып, онда Нұғыман Манаев және ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдай, Н.Манаев еңбектеріндегі ағартушылық-педагогикалық көзқарастар, ағартушының әлеуметтік тәрбие мәселелері жөніндегі ой-пікірлері; екінші тарау «Нұғыман Манаевтың мұраларындағы тәлім-тәрбие идеялары»: тәлімгердің шығармаларындағы адамгершілік пен имандылық мәселелері, ұстаздың қазақ тілі мен әдебиеті туралы еңбектеріндегі педагогикалық мәселелер, Н.Манаев мұрасын жоғарғы оқу орындарында пайдалану жолдары баяндалған [25].

А.Б.Елкееваның «Назипа Құлжанова – теоретик и организатор дошкольного воспитания в Казахстане» атты оқу құралы алғы сөзден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған көздер тізімінен тұрады [26].

Бірінші «Назипа Құлжанованың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік-тарихи алғы шарттары» атты тарауында Қазақстанда 20-ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар - Н.Құлжанованың педагогикалық көзқарастарының қалыптасу негізі, Н.Құлжанованың шығармашылық жолы мен өмірлік іс- әрекеттері, Н.Құлжанова – Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің теоретигі мен ұйымдастырушысы екені баяндалған.

«Назипа Құлжанованың педагогикалық көзқарастарының сипаттамасы» атты бөлімінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу – психологиялық-педагогикалық проблема екендігі, отбасылық тәрбие – бала дамуының басты факторы екендігі, педагогтың ойынға жалпы дидактикалық көзқарасы және тәрбиешінің жеке басы туралы сипаттамалар берілген.

А.Н.Ильясова мен Б.А.Есенбаеваның «Сұлтанбек Қожахметовтың педагогикалық идеялары» атты оқу-әдістемелік құралы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады [27].

Бірінші тарау «С.Қожахметовтың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал жасаған тарихи жағдайлар» деп аталып, онда ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстандағы педагогикалық көзқарастарының туындау негіздері, ал екінші «С.Қожахметов мұрасындағы оқыту және тәрбие теориясы мәселелерінің дамуы» атты тарауда С.Қожахметовтың көзқарастарындағы тәрбие теориясы мәселелері, оның мұраларындағы педагогикалық оқу құралдары мен дидактикалық идеялары және ол мұраны жоғары оқу орындарында пайдалану жолдары көрсетілген.



С.А.Ұзақбаева мен А.Садықованың «Служение родному народу» атты монографиясы қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық-ағартушылық қызметтері жан-жақты сөз болған [28].

Зерттеудің бірінші «Темірбек Жүргеновтың қоғамдық-ағартушылық қызметінің дамуының тарихи алғышарттары» атты тарауда Т.Жүргеновтың ағартушылық және қоғамдық қызметтерінің қалыптасуының жекелік факторлары, оның қоғамдық-ағартушылық қызметінің кезеңдік мәселелері, ал «Темірбек Жүргеновтың педагогикалық идеялары» тарауда оның ана тілінің маңызы, білім мен тәрбиенің мазмұны, жеке тұлғаны тәрбиелеудегі өнер мен әдебиеттің маңызы туралы педагогикалық идеялары және жоғары оқу орындарында Т.Жүргеновтың сол идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары көрсетілген.

Сонымен, жоғарыда талданған әдебиеттер болашақ мұғалімдерді қазақ ағартушылары мен ағартушы-педагогтарының педагогикалық мұралары арқылы ұлтжанды педагог болып қалыптасуына ықпал етеді және де оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің құралы ретінде пайдалануға болады.

Әдебиеттер тізімі:

1.Елемесова Ж.Т., Ахманов А.Р., Марданова Б.А. Ғұлама ағартушы-ғалым (Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл). - Алматы: Шапағат, 1991. - 60 б.

2.Шойынбаев Т. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог. - Алматы: ҚМБ, 1955. - 27 б.

3.Жұмағұлов Қ. Қазақ халқының ұлы демократ-ағартушылары. - Алматы: ҚМОҚБ, 1950.

4.Әсіпов С. Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы. - Алматы: Білім, 1989. - 22 б.

5.Сыдықов Ә. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. Монография. - Алматы: Мектеп, 1964. - 156 б.

6.Калкеева К.Р. Учебник И.Алтынсарина. Учебно-методическое пособие. – Жезказган: 2002.

7.Жарықбаев Қ. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. Оқу құралы. – А., 1965.

8.Игибаева А.К., Игисинова Н.Б. Из истории педагогической мысли и образования в Казахстане. Методические указания. - Усть-Каменогорск: ВКТУ, 2003. - 45 с.

9.Әлқожаева Н.С. Ыбырай, Абай, Шәкәрімнің имандылық идеялары. Оқу құралы. – Алматы, 2001.

10.Құнантаева К.Қ., Ұзақбаева С.А. Қазақ ағартушылары халықтық педагогиканың балалар мен жастардың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызы туралы. Көмекші оқу құралы. - Алматы: АлМУ, 1994.

11.Тәжібаев Т. Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы. Көмекші құралы. - Алматы: ҚМБ, 1954.

12.Шаймерденова К. Педагогические взгляды Абая Кунанбаева. Учебное пособие. – А.,1990.

13.Құнантаева К., Халитова І. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары. – А., РБК, 2001.

14.Елемесова А., Құдиярова А. Абай және рухани-имандылық тәрбие. Оқу құралы. – А. Білім, 2000.

15.Ізтілеуова С.Д., Алимбекова А.А. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары. Оқу-әдістемелік нұсқау. – Алматы: Тарих тағылымы, 2012-24 б.

16.Өмірәлиев Қ. Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. Көмекші құрал. – А., 1968.

17.Садықов Т.С. Абай тәлімі. Көмекші құрал. – Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 1995. - 27 б.

18.Кудиярова А. Педагог-просветитель Шакарим Кудайбердыулы. Учебное пособие. – А., 1998.

19.Қалиев С., Иманбекова Б. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне пайдалану. Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: Өлке, 2002. - 224 б.

20.Қалиев С., Иманбекова Б. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне пайдалану. Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: Өлке, 2002. - 224 б.

21.Ағартушы Халел. Жинақ / Құраст. Ғ.Қабдолқайырұлы. - Алматы: Арыс, 2004. - 272 б.

22.Сеңкібаева С.Т. Мағжан Жұмабаевтың тәлімгерлік тағылымдары. Оқу әдістемелік құрал. – Петропавл, 2001. - 110 б.

23.Бөлеев Қ., Мұратова А.Б. Қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идея. Оқу құралы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2009. – 136 б.

24.Омарова Р.С., Есекешова М.Д. Дарынды тұлға ілімі – өшпес мұра. Оқу құралы. - Ақтөбе, 2007.

25.Қабекенов Ғ. Нұғыман Манаевтың қоғамдық қызметі мен педагогикалық идеялары. А., 2007.

26.Елькеева А.Б. Назипа Кулжанова – теоретик и организатор дошкольного воспитания в Казахстане. Учебное пособие. – Алматы: Әрекет-Print, 2008. – 91 с.

27.Ильясова А.Н., Есенбаева Б.А. Сұлтанбек Қожахметовтың педагогикалық идеялары. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰУ, 2009. – 80 б.

28.Узакбаев С.А., Садыкова А. Служение родному народу. – Монография. – Алматы: ABILIT, 2009.
Аннотация. В статье дается содержательный анализ исследований казахских ученых-педагогов по педагогическому наследию казахских просветителей и просветителей-педагогов, проведенных в 1950-2012 годы. А именно анализируется педагогическое наследие И.Алтынсарина, Ч.Валиханова, А.Кунанбаева, Ш.Кудайбердиулы, А.Байтурсынова, Х.Досмухамедова, М.Жумабаева, М.Дулатова, Ж.Аймауытова, Т.Шонанулы, Н.Манаева, Н.Кулжанова, С.Кожахметова, Т.Жургенова.

Annotation. The article provides a meaningful analysis of studies of the Kazakh scientists and educators on pedagogical heritage of the Kazakh educators and educators-teachers, conducted in the years 1950-2012. And it analyzes the pedagogical heritage I.Altynsarin, Ch.Valikhanov, A.Kunanbaeva, Sh.Kudayberdiuly, A.Baitursynov, H.Dosmukhamedov, M.Zhumabayev, M.Dulatova, Zh.Aymauytova, T.Shonanuly, N.Manaeva, H.Kulzhanova, S.Kozhahmetova, T.Zhurgenov.
ӘОК 37.81:15

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
М. Джаксыбаева

49 мектеп – гимназия, Тараз қ.


Қазіргі кезде қоғамда түрлі экономикалық-әлеуметтік реформалар жүріп жатыр.Мұндай өзгерістерден орта мектептер де сырт қалмады,себебі бүгінгі күнде білім беру салаларынан тәрбиелі,ұлттық мәдениетті меңгерген,шығармашыл ойлай алатын жастарды даярлау талап етілуде. Осыған орай,мемлекет тарапынан білім беру салаларына реформалауға ерекше көңіл бөлінуде.

Елбасы Н.Назарбаев: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі,»-екендігін атап айтты. Сондықтан «...экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін» жас өскелең ұрпақты тәрбиелеп шығару оқушылардың ана тілінде шешен сөйлеуі мен өз пікірін жүйелі жеткізуіне байланысты.Ал мұның іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасында бастауыш мектепте бiлiм берудiң маңыздылығын атай келiп, орыс - қазақ тiлiн оқытудың басты ұстанымдарын: «Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға, оқу қызметiн бiлуге, оқу, жазу, санаудың берiк дағдыларын үйренуге, тiлдiң қарым-қатынастық қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-өзi шығармашылық тұрғыдан таныта бiлуге бағдарланады», - деп белгiленген.

Сөйлеу – адамзаттың даму эволюциясында қол жеткiзген жетiстiктерiнiң бiрi. Адамдарды басқа дүниеден ерекшелеп тұратын да осы- сөйлеу. Сөйлеу процесiнде адамдар бiр-бiрiнiң ойын түсiнедi, бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасайды. Сондықтан сөйлеу ерекшелiктерiн меңгеру адамның мәдени көрсеткiшi болып табылады. Сөйлеу тiлдiк заңдылықтардың негiзiнде тiлдiк тұлғалардың ерекше күйге түскен қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Тiлдiк тұлғалар тiл ғылымының зерттеу обúектiсi болып табылса, қатысымдық тұлғалар-тiл бiлiмiмен қатар психологияның да зерттеу обúектiсi. Тiлдi құрылымы жағынан анықтамақ болсақ, тiл-қатынас құралы ретiнде бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуге қажеттiлiгiнен туындайды. Сөйлеу, жарыққа шыққан ой адамдардың қарым-қатынас арқылы өзара түсiнiсуiнен туындайды. Тiл мен сөйлеудi алғаш рет тiл мен сөйлеу тұрғысынан қарастырған Ф.де Сюссер: «Разделяя язык и речь мы тем самым отделяем: социальное от индивидуального; 2) существительное от побочного и более или менее случайного», деп нақты көрсеткен. Ғалымның тiл мен сөйлеудi жiктеген концепциясы өзiнен кейiнгi ғалымдарға бағыт-бағдар көрсеттi. Бұл жөнiнде В.А.Звягинцев: «Такое разграничение истолковывается учеными по разному, но несмотря на это, она должна носить абсолютный характер», - деп, Ф.де Соссюрдiң көзқарасының дұрыстығын сөз етедi.

Ғалымдардың бiрқатары тiлдi кең көлемде қарастырып, сөйлеу тiлдiң тек бiр-ақ қыры деп түсiнедi:

а) с точки зрения функции языка: язык есть средство общения людей и, как таковое, есть средство формирования, выражения и сообщения мысли;

б) с точки зрения устройства (механизма) языка: язык есть набор некоторых единиц и правил использования этих единиц, т.е. комбинирования единиц:

в) с точки зрения существования языка: язык есть результат социального, коллективного навыка «деления» единиц их смыслом:

г) с семиотической точки зрения: язык есть система знаков, т.е. система материальных предметов (звуков), наделенных свойством обозначать что-то, существующее вне их самих:

д) с точки зрения теории информации: язык есть код, с помощью которого кодируется семантическая информация, и др.

Қазақ совет энциклопедиясында тiлдiң анықтамасы жоғарыдағы пiкiрге ұқсас, бiрақ мұнда тiлдiң негiзгi қызметi қарым-қатынас (коммуникативтiк) қызметi деп таниды.

«Тiл-адам қоғамының ең негiзгi қатынас құралы. Дыбысты тiл-адам қоғамымен бiрге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тiл - өте күрделi, сан-саналы құбылыс. Егер тiлдi функционалдық жағынан анықтағымыз келсе, оны қатынас құралы, адамдардың бiр-бiрiмен пiкiр алысып, өзара түсiнiсуiнiң құралы деймiз.

Тiлдi ой мен санаға қатынасын жасауға қажеттi материалдардың жиынтығы деп қараймыз. Тiлдi таңбалық сипатына қарай таңбалар жүйесi, семиотикалық жүйе деп анықтау да тiлдiң қоғамда атқаратын қызметiнiң мәнiне орай. Бұлардың iшiндегi ең негiзгiсi – тiлдiң функциясына қарай берiлген анықтама. Тiлдiң дамуы оның қатынас құралы болу қызметiне байланысты. Тiлдiң бұл қызметi коммуникативтiк функция деп аталады. Тiлдi адам өзiн қоршаған қауымнан, өмiрден үйренедi». Ал сөйлеуге мынадай анықтама бередi: «Сөйлесу – адамның тiл амалдарын пайдалану арқылы пiкiр, ой бiлдiру әрекетi. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердiң қатысуымен iске асқанымен, негiзiнен, кiсiнiң психикалық қабiлетiне, қоғамдық тәжiрибесiне сүйенедi.

Тiлдiк амалдар – сөз тудыру, сөз тiркестерiн, сөйлем құрау ережелерi көпшiлiкке ортақ, объективтi категориялар. Осы сипаты арқылы тiл жұрттың бәрiне бiрдей түсiнiктi қатынас құралы ретiнде қызмет етедi. Сөйлеудiң әр коммуникативтiк жағдайға сай ыңғайланған стилi болады. Мұнымен бiрге сөйлеу үстiнде әр кiсiнiң өзiне ғана тән (индивидуалды сөз жұмсауы, сөз тiркесiн, сөйлем құрау) ерекшелiктерi болады». Демек, тiл мен сөйлеудiң арасында мынадай байланыс бар:

1. Тiлдiк құралдар адамның сөйлеу процесiнде өзгеше күйге енiп, қатысымдық тұлғаларға айналады.

2. Тiлдiк тұлғалар мен қатысымдық тұлғалардағы заңдылық, екеуiне ортақ тұлғалар: сөз, сөйлем, мәтiн, тұрақты сөз тiркесi.

3. Тiлдiк тұлғалар мен қатысымдық тұлғалар тiл бiлiмiнiң заңдылықтары арқылы айқындалады.

Сөйлеу әрекетi қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Тiлдiк тұлғалар: фонема, сөз, морфема, сөз тiркесi, сөйлем, мәтiн жүйесi бойынша анықталса, қатысымдық тұлғалар:

Тұтас мағынаны, бүтiн ойды беретiн;

Iшкi мағынаны, бүтiн ойды бiлдiретiн;

Қарым-қатынас процесi кезiнде ғана жұмсалатын;

Қатысымдық заңдылықтарға бағынылатын қасиеттерге ие.

Тiлдiк қатынаста өзiндiк орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалары: сөз, фразеологиялық тiркестер, сөйлем және мәтiн. Қатысымдық тұлғалар тiлдiк қатынаста бiр-бiрiмен байланысып, бүкiл бiр ойды жеткiзедi. Қазақ тiл бiлiмiнде алғаш қатысымдық тұлғалардың теориялық негiзiн айқындаған ғалым-профессор Ф.Оразбаева. Ол сөйлеу процесiнде қатысымдық тұлғаларды қолдану үшiн оқушылардың сөйлеу дағдылары мен икемдiлiктерi болуы керек деп сөйлеу дағдысын сөйлеу процесiнде қатысымдық тұлғаларды шығармашылықпен қолдану қабiлеттiлiгiне жатқызады. Бастауыш мектеп оқушыларының тiлдiк қатынасым кезiнде жатық сөйлеу дағдылары мен iскерлiктердiң қалыптасуы үшiн қатысымдық тұлғалардың қолданылу заңдылықтары мен ережелерiн шәкiрттердiң меңгеруi қажет. Себебi бастауыш мектеп оқушыларының жатық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олар қарым-қатынас жасау барысында өз ойларын болжайды, жоспарлайды, даярлайды, орындайды, бақылайды және бағалайды. Демек, оқушы өз ойын қатысымдық тұлғалар арқылы өрнектегенде бiрiншi кезекте мақсатты белгiлейдi, жеткiзбек пiкiрiн ойша болжайды. Ол пiкiрдi қалай жеткiзудiң тәсiлдерiн ойластырады, тiлдiң сөз, сөйлем т.б. бөлшектерiн таңдайды да жинақтап тұтас мазмұнға бiрiктiру арқылы жарыққа шығарады. Сондықтан оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетiлдiруде сөз, сөз тiркесi, сөйлем, мәтiн туралы тiл бiлiмiнiң қол жеткiзген, дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады.

Тiл бiлiмінiң әр саласы өзiндiк дербестiкке ие. Бұл салаларды бiрiктiретiн, байланыстыратын – сөз. Фонетика ғылымы – сөздiң сыртқы қабыршағы дыбысты қарастырса, грамматика ғылымы – сөз бен сөздiң байланыстарын зерттейдi. Сөз – дыбыс пен мағынаның бiрлiгiнен тұратын күрделi тiлдiк, әрi қатысымдық тұлға, демек, сөз - дыбыс пен мағынаның бiрлiгiнен тұратын әрi тiлдiк, әрi қатысымдық тұлға.

Ф.М.Оразбаева сөздiң мынадай қатысымдық қасиеттерiн атайды:

1. Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз етедi.

2. Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйытқы болады.

3. Сөз өмiр шындығын нақтылы мағына арқылы түсiндiре келiп, адам ойын екiншi бiреуге жеткiзуге әсерiн тигiзедi.

4. Сөз адамдар арасындағы тiлдiк қатынасты жүзеге асыруға негiз болады. Демек, сөз мағынаны, ұғымды, сезiмдi, ойды бiлдiре келiп, тiлдiк қарым-қатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысымдық тұлға болып табылады [30.29].

Сөздiң осындай ерекшелiктерiн ескеру барысында бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда сөз ұғымын, оның мағыналық реңктерiн, мағыналық түрлерiн меңгеруге аса көңiл бөлу керек. Сөз мағынасын түсiндiру, ұғындыру сөздiң мағыналық реңктерi туралы, яғни оның тура және ауыспалы мағыналары туралы түсiнiк берудi талап етедi. Оқушыларға берiлген әрбiр тапсырма сөздiң жеке тұрған сөйлемде айтылған контекстiк пiкiрге негiзделiп өзгерген формасын ауыспалы мағынасы деп ұғындырылады. Оны лексика саласын оқытуда тапсырмалар арқылы оқушыларда бiлiмдiк дағды қалыптастырған орынды. Мысалы, сөздердiң бiр ғана дыбысын өзгертiп беру арқылы оқушыларда сөздiң мағынасын толық түсiну дағдылары жетiледi: Терек-зерек, кент-жент, көл-шөл-төл т.б.

Сөздердiң мағыналарын оқушылар iздену арқылы табады. Бұл сөздердiң мағыналары бiр ғана дыбыстың өзгеруi арқылы жасалғанын аңғаруға өздерi де осындай үлгiде сөздер ойлап табуға дағдыландырды. Сондай-ақ оқушыларға лексиканың омоним, синоним, антоним секiлдi құбылыстарын таныту арқылы олардың сөздердiң мағыналарын дұрыс түсiну iскерлiктерiн дамытады. Мысалы,

таза-...


жылы-...

мейiрiмдi-...

арзан-...

терең-... сөздерiне бiрiншi қарама-қарсы сөздер тапқызып, кейiнiрек тапқан сөздерге мағыналы сөздер тапқызу олардың сөз мағыналарын дұрыс түсiнуiне септiгiн тигiзедi. Сонымен, сөз мағынасын меңгерту барысында оқушылардың лексикалық дағдылары қалыптасады. Бұл әлi сөйлеу дағдысы емес. Сөйлеу үшiн тек сөздердiң жиынтығы жеткiлiксiз. Сөйлеу үшiн сөздер өзара мағыналық жағынан байланысып, сөз тiркестерiн, ал сөз тiркестерi өзара байланысып сөйлем құрауы қажет.

Бастауыш мектеп оқулығында сөз тiркесi – екi толық мағыналы сөздердiң байланысы деген анықтама берiлген. Оқулықта сөз тiркестерi туралы мағлұмат аз. Бiрақ оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшiн балалар сөздердi мағыналарына қарай тiркестiре алу бiлiктерiн игеруi қажет. Бұл үшiн сөздердiң бiр-бiрiмен тығыз байланыста болатынын әлiппе кезеңiнен бастап-ақ қарапайым түрде таныстыра берген жөн. Мысалы, кiтаптағы суреттер бойынша сұрақ - жауап әдiстерiн пайдалана отырып, сөйлемдегi сөздерге сұрақ қойғызып, оған толық жауап беруге үйретудiң үлкен мәнi бар. Мұғалiмнiң сұрағы оқушыларға тiрек болу керек. Сонда сұраққа толық жауап беру арқылы оқушылар ойын жүйелi айтып, саналы сөйлеу дағдысына үйренедi. Әлiппеде бұл жұмыстарға материал өте көп. Әлiппеден кейiн қазақ тiлi мен ана тiлi сабақтарында да сөйлемдегi сөздердiң байланысына, қатысатын сұраққа, сонымен – бiрге заттың атын бiлдiретiн сөздер мен қимылын бiлдiретiн сөздердiң байланысын ажыратуға көңiл бөлу жалғастырыла бермек. Сөйлемдегi сөздердiң байланысын айыра бiлу дағдысы түрлi жұмыстар жүргiзу нәтижесiнде қалыптасады, әрi балалар құрастырылған сөздердi тез байқай алатын болады. Сөйлемдегi сөздердiң байланысын үйрету грамматиканың барлық тарауларын оқыту үстiнде жүзеге асып отырады. Өзара заңды жолмен байланысқан сөздер сөз тiркесiн құрайтынын, олардың әр сыңары белгiлi бiр сөз табынан болатынын өтiлiп отырған тақырыпқа сәйкес түсiндiрiп кетудiң артықтығы жоқ. Сөз таптарын өтуде сөздердiң өзгеруi сөйлемдегi сөз тiркесiн табумен, оған талдау жүргiзумен тексерiледi. Мысалы, зат есiмдi өту барысында балаларға мынадай тапсырмалар беру арқылы оқушыларда сөздердi байланыстыра алу дағдылары қалыптасады. Алма, үстел, тақта, есiк деп өздерiне таныс сөздердi көрсете отырып, қызыл алма, үлкен үстел, қара тақта, кең есiк секiлдi сөз тiркестерiн құрату қажет.

Сөз тiркестерiндегi сөздердiң байланысын түсiндiру барысында грамматикалық ойындарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға бiр сөз берiп, оған мағыналық жағынан бiрнеше сөз ойлатып, тiркес жасатып (мысалы, үшiншi үй, үшiншi қабат, тәттi қауын, қызыл көйлек, таза үй, ащы алма) немесе кесте қағаздармен түрлi жұмыстар жүргiзуге болады. Сөйлем - тиянақты ойды бiлдiретiн қатысымдық тұлға. Балаларда орынды сөйлеу дағдылары сөйлемнiң жасалу жолдарын үйрету арқылы қалыптасады. Сөйлемдi дұрыс түзу дағдыларына ие болған оқушы тiлдiк қатынаста өз ойын нақты әрi түсiнiктi жеткiзе алады.

Бастауыш мектептерде сөйлемдердiң (хабарлы, сұраулы және лептi) түрлерi оқытылады. Бұл қарым-қатынас кезiнде сөйлемдердiң белгiлi бiр интонация арқылы сөйлеушiнiң қандай сезiмде тұрғанын тану жолдарын үйретуi қажет. Бұл туралы К. Аханов: «Интонация әр алуан субъективтi-модальдық мағыналарды бiлдiредi. Интонация тәсiлi сұраулық демеулiктермен ұштаса келiп, риторикалық сұрақпен айтылатын сөйлемдер жасалады да, олар әр түрлi эмоцияны бiлдiредi», - дейдi.

Демек, интонация арқылы оқушыларға хабарлы, сұраулы, лептi сөйлемдердiң өзiндiк ерекшелiктерi танытылады. Бұған қоса оқушылардың сөйлемдi дұрыс құрау даңдыларын қалыптастыру үшiн мынадай тапсырмалар орындату тиiмдi:

Бiрiншi сынып оқушыларынан алғашқы сөйлемнен соң кiдiрiс жасап отыру талап етiледi. Мәтiнде неше сөйлем барын, әр сөйлемде неше сөз барын таптыру арқылы сөйлемнiң екi немесе одан да көп сөздерден тұратынын, бiр нәрсе жайында хабарланатынын түсiндiру керек. Мұндағы басты мақсат - мәтiннiң бiрнеше сөйлемдерден тұратынын, әрбiр сөйлемнен соң нүкте қойылатынын, нүктеден соң бас әрiптен басталып жазылатынын үйрету, яғни сөйлемдердiң ара жiгiн ажырата бiлуге машықтандыру. Көп нүктенiң орнына керектi сөздердi таптырып, сөйлем көшiрту. Мысалы: . . . шықты, . . . жылынды, . . . ерiдi, . . . су аға бастады. Керектi сөздер: күн, көктем, арықтардан, қар. Оқушы мұндай жаттығуларды орындау арқылы сөйлемдегi сөздердiң қалай болса солай тiркесе бермей, логикалық байланыста болатынын игередi.

3.Мәтiндегi ара жiгi ажыратылмаған сөйлемдердiң тиiстi жерiне нүкте қойып, жаңа сөйлемдi бас әрiппен бастап жазуға дағдыландыру.

4. Сөйлемдердi көшiрту. Мұндағы басты мақсат - әр уақытта сөйлемнiң бiрiншi сөзiн бас әрiппен бастап жазу керектiгiн меңгерту.

Қатысымдық тұлғалардың iшiндегi ең күрделiсi-мәтiн. Мәтiн бiр адамның екiншi адамға айтатын ойын түгел жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.

Бастауыш мектепте мәтiндер құрылымы жеңiл болады, бұл оқушылардың жас ерекшелiктерiне, өзiндiк психологиялық қабiлеттерiне байланысты жасалған: «Мәтiн тiл үйренушiнiң жас ерекшелiгiне, түсiнiгiне, бiлiм деңгейi мен дүние танымына сай болуы қажет. Қазақ халқының мәдениетiмен, әдет-ғұрыптарымен, жетiстiктерiмен таныстыру қызметiн атқаруда мәтiндердiң оқушыны қызықтыратындай, тәрбиелiк мәнi күштi болуға тиiс.

Оқушы сабақ барысында көптеген әрекеттер жасайды, ал оқу әрекеттерiн сапаның қатысы арқылы жүзеге асырады. Бiрақ кейбiр қимыл-қозғалыстар сапасыз да атқарылады. Егер оқушы әрбiр iс-әрекеттiң қимыл, қозғалысын ой елегiнен өткiзiп отырса, алдына қойған мiндеттердi шешуде үлгере алмаған болар едi. Дағдыларға оқушы жаттығу барысында төселедi, оның нәтижесiнде бұрын қиын деп саналатын жұмыстар үйреншiктi амал-әрекеттерге айналады. Алға қойылған мiндеттердi жеңiл орындауға мүмкiншiлiк туады. Оқушы жеке әрекеттердi орындау дағдысын меңгерсе, iс-әрекеттер мiнсiз атқарылатын болды. Дағды - әрекеттi орындаудың қалыптасқан тәсiлi

Бастауыш мектеп оқушыларының жатық сөйлеу дағдысын қалыптастыруда пайданылған негiзгi әдiстер төмендегiдей:

1.Қатысымдық әдiс;

2.Интерактивтi әдiстер;

3.Оқытудың нақты жағдаяттар әдiсi(кейс стади)

Бұл әдiстердi жеке дара түрiнде емес, қайта бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бiрлiкте қолданылғаны нәтижелi болды. Қазақ тiлiн дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде қолданылатын негiзгi әдiстердiң бiрi – қатысымдық әдiс.

1. Қатысымдық әдiс – тiлдi жалаң заңдылықтар тұрғысынан меңгертуге емес, тiлдiк қарым-қатынас жасауға үйретуге арналған. Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде қатысымдық әдiстiң теориялық және әдiснамалық негiздерiн ғылыми тұрғыдан алғаш рет қарастырған ғалым ─ Ф.Ш.Оразбаева.

Қатысымдық әдiс – мұғалiм мен оқушы арасындағы тiлдiк қатынасты жүзеге асыратын, оқушылардың сөйлеу формаларын, тiл мәдениеттерiн жетiлдiретiн, тiлiн дамытатын, осы мәселелердi бiр арнаға тоғыстыратын оқыту әдiстерiнiң бiрi.



Интерактивтi әдiстер – қазақ тiлiн дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде қолданылатын негiзгi әдiстердiң бiрi. Интерактивтi әдiстер бастауыш мектеп оқушыларына сабақ үстiнде еркiндiк беруiмен құнды. Оқыту барысында оқушылар бiр-бiрiмен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседi және осы арқылы бiр-бiрiн оқытады, үйретедi. Интерактивтi сөзiнiң өзi ( латынша interaction ― интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етудi бiлдiредi. Бастауыш мектеп оқушыларының жатық сөйлеу дағдыларын интерактивтi әдiстер арқылы қалыптастыруда ― оқушылар сабақта белсендi iс-әрекеттер жасап, өтiлген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шештi, бiрiн-бiрi оқытты, үйреттi.Интерактивтi әдiстер арқылы өтiлген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсендiлiгiн артты. Онда төмендегi мәселелер ескерiлді:

а) Оқушылардың қимыл белсендiлiгiн арттыру жолдары:

Оқушылар түсiнбеген жерiн орнынан тұрып, екiншi оқушыдан еркiн сұрауы ;

Жақсы оқитын оқушы өзiнiң микротобындағы нашар оқитын оқушыларға үйретуi;

Оқушылар тапсырма бойынша бiр-бiрiмен (өздерiнiң микротоптарында) сөйлесiп, ақылдасып отыруы;

Оқушылардың тапсырманы орындап болғаннан кейiн өзара тексеруi керек.

ә) Оқушылардың әлеуметтiк белсендiгiн арттыру жолдары:

Оқушылар өзара оқушы-оқушы не мұғалiм-оқушы түрiнде бiр-бiрiне сұрақтар беруi;

Бастауыш мектеп оқушылары сабақта өзара пiкiрлесiп отыруы;

Қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары жауап беру еркiндiгi болуы қажет.

б) Оқушылардың танымдық белсендiгiн арттыру жолдары:

Оқушылар қарсы жақтың пiкiрiне өзiндiк пiкiр айта алуға;

Келiспеген жағдайда өзiнiң көзқарасын дәлелдеуге;

Өзiнiң микротобындағы жолдастарының сөздерiне қосымша не пiкiрге қосылатыны жөнiнде өзiндiк пiкiр бiлдiруге тиiс.

в) Оқушылардың қатысымдық белсендiгiн арттыру жолдары:

Сабақ барысында оқушылар бiр-бiрiмен еркiн тiлдiк қатынасқа шығуы;

Жауаптарын бiрге жоспарлауы;

Сөйлеген сөздерiн нақты әрi қысқа жеткiзуi;

Айтар ойларының әсерлi болуы;

Сөйлеген сөздерiнiң жаргон, диалект, паразит сөздерден таза болуы қажет;



Оқытудың нақты жағдаяттар әдiсi - Кейс-стади амал-тәсiлдерi ( метод конкретных учебных ситуаций) ХХ ғасырдың басында америка Құрама Штаттарының Гарвард университетiнiң бизнес мектебiнде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсiлдерi терминi алғаш рет америкалық ғалым Коплендтiң еңбектерiнде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсiлiн қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсәлi алғашқы кезде бизнес мектебiнде ғана қолданылып келсе, бүгiнде бұл әдiс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңiп , ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б. салаларда жемiстi қолданылуда. Қазiр кейс-стади амал-тәсiлiн педагогикалық оқыту үрдiсiне енгiзу әдiс-тәсiлдерiн: Л. Барис, К. Кристенсен,

Э. Хансен, А.И.Наумова, А.М. Зобина, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А. Полонский, Д. Эткинсон, Й. Уилсон, О.Г. Смоляниновалар қарастыруда.

Кейс амал-тәсiлiнде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзiндiк баға беруi, өзiнiң ой-пiкiрiн нақты әрi толық айтып беруi т.б. шәкiрттiң жеке тұлғалық қабiлеттерiн жетiлдiруге аударылады.

Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсiлiн қолдану ― қазiргi бiлiм беру талабына сай мұғалiм мен оқушының өзара тығыз белсендi әрекетiнен тұратын, оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын және оның жеке тұлғалық қабiлеттерiн дамытатын, нәтиженi плдын-ала жоспарлайтын педагогиканың жаңа инновациялық амал-тәсiлдер жүйесi. Жоғарыда айтылғандар нәтижесiнде бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын мынадай негiзгi белгiлерi айқындалды:

1. Оқушылар айтар ойларын қысқа әрi толық жеткiзуi. Бастауыш мектеп оқушыларының тiлiнде айтылатын ойға қатысты емес сөздер көптеп кездеседi. Кейбiр сөйлемдерде бiр сөз бiрнеше рет қайталанып, оқушының не айтайын деп жатқаны түсiнiксiз етедi. Мұндай кемшiлiктер баяншының сөйлеу дағдысының төмен екендiгiн көрсетедi.Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларының жатық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың айтар ойларын қысқа әрi толық жеткiзуi маңызды рөл атқарады. Бұл үшiн мынадай мәселелердi ескердiк:

Оқушыдан өз ойын қысқа айтып берудiң талап етiлуi,

Оқушылардың сұрақ-жауап әдiсi арқылы қысқа диалог немесе монолог құру жолдары;

Бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тiлiнен алған бiлiмдерi мен бiлiктерi.



2. Оқушылар тiлiнiң таза болуы. Бастауыш мектеп оқушыларында кездесетiн екiншi қателiк ― сөйлеген сөздерiнде басы артық сөздермен қатар, кiрме сөздердiң молынан кездесуi. Мұғалiм оқушылардың жатық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда осындай паразит сөздердi болдырмау, оқушыларға мұндай сөздердi қолдандырмау жағын ойлау керек. Оқушылар сөйлеген сөздерiнде жаңағы, сол, сол сияқты,келеатыр, баратыр, сосынғы, i-i-i-i т.б. паразит сөздер мен уже, вообще, ну деген сияқты кiрме сөздердi жиi пайдаланады. Мұндай қателiктер бақылау экспериментi кезiнде бастауыш мектеп оқушыларында жиi байқалды.Сондықтан оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мұғалiм төмендегiдей мәселелердi:

Оқушылардың сөйлеген сөздерiнде кездескен кiрме сөздердiң қазақша баламасын түсiндiрудi;

Оқушыларға асықрай, әр сөзiн орынды қолдану жолдарын,

Күнделiктi көшеде, қоршаған ортасында қолданылып жүрген жаргон сөздердiң зиянын айтып ұғындыру жүзеге асырылды.



3. Оқушылардың тiлдiк қатысымда орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң сақтауы. Оқушылар сөйлеген кезде орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң сақтауы қажет.Бастауыш мектеп оқушыларының сөздерiнде кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – оқушылар кiтапта не оқулықта қалай жазылса, сол түрiнде айнытпай оқиды. Бұл дұрыс емес. Мұндай жағдайда сөйлеген сөздiң нақышы кетедi. Осыған байланысты оқушылардың орфоэпиялық дағдыларын қалыптастыруда арнайы жұмыстар жүргiзiлдi. Сөйтiп, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда олардың орфоэпиялық заңдылықтарына сәйкес оқу дағдылары жетiлдiрiлдi.

4. Оқушылар тiлiнiң әсерлiлiгi. Оқушылардың сөйлеген сөздерiнде, тiлiнде кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – күнделiктi сөйлеу тiлiнде жауыр болған, әбден ести-ести құлаққа түрпiдей тиетiн дайын формаларды пайдалануы.Сонымен бiрге тiлдерiнде мақал-мәтелдердi аз қолдануы. Негiзiнен бастауыш мектеп оқушылары мақал-мәтелдердiң мағынасын түсiнiп тұрса да, оны тiлдерiнде пайдаланбайды. Мұндай кемшiлiктер бала тiлiнiң әсерлiгiн бәсендетiп, олардың сөйлеу тiлiнiң әдеби тiлдiң нақыштары мен көркемдегiш құралдарынсыз күнделiктi, ауызекi формада ғана дамуына ықпал етедi.Сонымен қатар оқушылардың жатық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың сөйлеу әуендерiне де назар аударылды. Әрбiр ойдың, сөйлеген сөздiң өзiне тән әуенi болады. Мысалы, сұраулы сөйлем мен лептi, хабарлы сөйлемдердiң әуендерi бiрдей болмайтындай, айтылатын ойға қарай сөйлеу тiлiнiң де өзiндiк әуенi болады.

5. Оқушылардың өз ойын, пiкiрiн жан-жақты дәлелдеуi. Оқушылардың сөйлеу тiлдерiнде кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – олардың өз ойын дәлелдi айтып бермеуi. Мұндай кемшiлiктiң болуына үш түрлi фактор әсер етедi.Бiрiншiсiне – оқушылардың жұрт алдында сөйлеу дағдыларының болмауы, яғни олардың басқа адамдардың арасында ұялуы, қысылуы , екiншiсiне – оқушылардың тiлдiк норманы сақтамауы, сөйлеген сөздерiнде әдеби , диалект, жаргон сөздердi араластырып, сөйлемдерiн дұрыс құрамауы, үшiншiсiне – балалардың тiл байлығының төмен болуы, бұл жерде сөздiк қорында неше сөз бар деген мәселе емес, бала тiлiндегi мақал-мәтелдердiң, тұрақты тiркестердiң, әдеби тiлдiң көркемдеуiш құралдардың аз болуы жатады.

Сондықтан оқушылардың жатық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда бұл мәселе басты назарда болды. Нәтижесінде оқушылардың жатық сөйлеу дағдысының төрт деңгейі анықталды.



1. Қатысымды - ақпаратты деңгей ― оқушылардың тiлдiк қатынаста ақпараттарды дұрыс игеруiн, сөз мағыналарын дұрыс түсiнуiн қалыптастыратын қатысымды-ақпаратты деңгейдiң мақсаты -оқушыларға тiлдiк заңдылықтардың өзiндiк ерекшелiктерiн меңгертуге үйрету. Осы деңгейде қолданылатын тапсырмалардың, әдiс-тәсiлдердiң сабақтың мазмұнына - сұрақ-жауап әдiсi, баяндау, мазмұндау әдiстерiне лайықталған тапсырмалар жатты. Оқушылардан сабаққа қатысуы, өтiлген материалдарды бiлуi талап етiлдi. Басым бөлiгi репродуктивтi әдiспен жүрдi. Оқушыдан өтiлген тапсырманы игерiп, үйге берiлген тапсырманы орындап келу талап етiледi. Мұғалiм сабақта өзi түсiндiрiп, өзi оқушылардың тапсырманы орындағанын, орындамағанын бақылап, iс-әрекетi активтi болды

2. Қатысымды - шығармашыл сөйлеу деңгейде бастауыш мектеп оқушылары сөйлеген сөздерiнде сөздердi орынды қолдануға, сөздердi мағыналық реңктерiне орай дұрыс пайдалануға, сөйлемдердi, мәтiндердi дұрыс құрауға дағдыланды. Сабақ үстiнде оқушылар дайын үлгiге қарай мәтiн құрастырды, мәтiннiң мазмұнын жалғастырды. Мәтiннiң мазмұнын оқушылар өз тiлiмен айтып бердi, дайын үлгiге қарап тақпақтар, қарапайым жұмбақтар, жаңылтпаштар шығарды. Сабақта проблемалық жағдайлар қойылып, оқушылардан осы проблеманы шешу талап етiлдi.Алдарына қойылған проблеманы шешу барысында оқушылар шығармашылықпен жұмыс iстедi. Бұл деңгейде сабақ типтерi- проблемалық сабақ түрiнде болды.. Iшiнара пiкiрталасқа және дидактикалық ойындарға құрылған сабақтар да қолданылды. Мұндай сабақтарда оқушылар шығармашылық, iзденiмдiк әдiс арқылы әрекет жасады.

3. Қатысымды - жатық сөйлеу деңгейде оқушыларда басқа бiреудiң айтқан ойын жалғастыратын, бiтпей қалған ойды бiтiретiн жатық сөйлеу дағдылар қалыптасты. Бұл деңгейге арналған тапсырмаларды оқушылар дайын үлгiсiз мәтiн құрастырып, монологты және диалогты сөйлеу дағдыларын жетiлдiрiлдi. Оқушыларға арнайы дайындалған үлгiде тапсырмалар берiлдi. Оқушылар сабақта шығармашылықпен жұмыс iстедi. Диалогтық оқыту технологиясына сәйкес түрлi тапсырмаларды шешуге белсене қатысты.

4. Қатысымды - шешен сөйлеу деңгейде оқушыларда көпшiлiк алдында қысылмай, саспай сөйлеу, өз сөзiн дәлелдi жеткiзу дағдылары қалыптасты. Оқушылардың сөйлеу дағдысын жетiлдiруге арналған тапсырмалар берiлдi. Сондай-ақ сабақ үстiнде оқушылардың өзiндiк пiкiр айтуына, сөйлеген сөздерiн анық және толық жеткiзуге арналған тапсырмалар берiлдi. Сабақ барысында оқытудың нақты жағдаяттар әдiсi қолданылды. Оқушылар берiлген кейстiк тапсырмаға сәйкес жағдаяттарға талдау жасады, өзiндiк пiкiр айтты, өз ойын дәлелдедi.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi:

1.Маженская Т.А. Методика развитие речи на русском языке. М, Прометей 2010г..

2.Ақбаева Қ. Оқу орыс тiлiнде жүретiн мектептiң бастауыш сыныбында оқушының сөздiк қорын байыту әдiстемесi. п.ғ.к., ғылыми атағын алу үшiн дайындалған диссертация. А., Ғылым .2001

3.Ильясов Г.И. Методика обучение лексической системы родного языка. А.:2011г.


Аннотация. Блок гуманитарных предметов занял и продолжает сохранять свое достойное место в базисном учебном плане. В числе первых образовательных областей стоит филология, компонентами которой являются русский язык как государственный, языки и литература. Значение изучения языков как русского, казахского, так и иностранных, уже ни у кого не вызывает сомнения. Усилился интерес к различным аспектам языковой подготовки и речевого развития детей.

Аnnotation. Block humanities took and continues to maintain its rightful place in the basic curriculum. Among the first educational areas worth philology, the components of which are Russian as a state, languages ​​and literature. The importance of studying languages ​​as Russian, Kazakh and foreign, already, no one doubts. Increased interest in various aspects of language training and language development of childrenBlock humanities took and continues to maintain its rightful place in the basic curriculum. Among the first educational areas worth philology, the components of which are Russian as a state, languages ​​and literature. The importance of studying languages ​​as Russian, Kazakh and foreign, already, no one doubts. Increased interest in various aspects of language training and language development of children.

ӘОЖ 37:173

Д 64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМНІҢ НЕГІЗІ
Ж. Досыбаева

12 Әуезов атындағы тірек мектебі, Жамбыл обл., Жуалы ауд.


Қазіргі кезде мектептерге тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және оқушылардың патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Жалпы Қазақстанда тұратын халықтардың қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде негізгі бағдар болады. Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.

Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазірде Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын қазіргі озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаматтық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады.

Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдерінің негізінде азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.

Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпыадамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл Адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен, белгілі бір ұлттың өкіліне сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан- ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер , бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз.

Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз. Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын үмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.

Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Жалпы,патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымызүшін,дін–адам болуымыз үшін,салт-дәстүр–ұлт болуымыз үшін қажет.

Мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:



  • оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

  • жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

  • ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет