Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет14/20
Дата05.11.2016
өлшемі5,84 Mb.
#906
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Список использованной литературы:

1.Концепция 12-летнего среднего общего образования в РК// 12-летнее образование. 2010.- № 8.

2.Методические рекомендации по организации учебно-воспитательного процесса в общеобразовательной школе: Методическое  пособие. Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2009.- 32 с.

3.Шмырева Г.Г., Нестерович С.М. Развитие познавательных интересов учащихся // М. , Прометей – 2010г.

4.Шахгулари В.В. Подготовка будущих учителей к творческой деятельности в школе. – Алматы: НИЦ «Гылым», 2002. – 192с.
Аннотация. Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда.

Аnnotation. Important role in the development of children playing their addiction to different classes, which often serves as an indicator of the gifted child in a certain area. Giftedness - a complex phenomenon. It is associated with the implementation of certain human activity, that is genius consists of various abilities. Giftedness - a" peculiar combination of qualitative and abilities, on which depends the possibility of achieving a greater or lesser success in one or the other activity.


ӘОЖ 37.01

Б 44

«ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН

САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
А.С. Берденова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында балаға жан–жақты тәрбие берудің ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты. Бала тәрбиесі көшпелі малшы жанұяның күнделікті тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты болды. Содан да болар баланы жұбатса да, жақсы көріп аяласа да, оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекше жақсы қасиеттеріне, сұлу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп “Құлыншағым, құлыным, ботам, ботақаным, қозыдай момақаным” – деп еркелетеді.

Халық өзінің кең жазира даласына табиғаттың таңғажайып әсем көріністеріне, оны мекендеген құстар мен жануарларға, басқа да табиғи байлықтарға деген мақтаныш сезімін көркем образды сезімдермен, өнегелі істермен, ынта – ықыластармен, тілек – мақсаттармен араластырылып, балалардың санасына жеткізіп отырады және оларды қорғауға, сақтай білуге үйретті. Халық “Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар” деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім – тәрбиенің құралы ретінде пайдаланып келген. Салт – дәстүр халықтың белгілі бір әдет – ғұрыптармен байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары. Мұны тұрмыс салт – дәстүрлері деп атайды.

Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына “әдепті бол” дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, “ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол” дегенді, бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап, құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден,кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе қарып-қасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, аяғы ақсақ т.б.) бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет дегенді ерінбей, жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.

Бұл мақсатта өмір тәжірибесін халық қажеті үшін жұмсаған адамдарды үлгі-өнеге етіп ұсынады. Бұл бейнелер халық ертегілерінде сипат алған. “Ер Төстік” ертегісіндегі өзінің ақылды, білгірлік істермен жарына айнымас дос, ақылшы бола білген Кенжекейді немесе аңыз әңгімелердегі ханның залымдығын даналығымен әшкерелеп, жеңіп отырған Жиренше шешенді, оның ақылды жары Қарашашты мысал етуге болады. Халық ертегілері мен аңыздарында ақылды, парасатты, ойлы болуға, халыққа қызмет етуді, әділдік жолында күресуді уағыздаған.

А.Байтұрсынов: “Ертегілер көбінесе ішкері мағынасымен өнегелі келеді, жақсылық, жамандық, достық, қастық, адалдық, батырлық, аңқаулық тағы сондай жақтан өнеге беру, тәлім-тәрбие беру мақсатымен шығарылған әңгімелер екендігі сезілер” – деп өте орынды түйін жасайды.

Қазақ халқының әдет-ғұрпынан, салт-санасынан туған ойын-сауық кештерінде өлең-жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, сөйтіп жиналған жұрттың көңілін көтеру, жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Жастар ән шырқап, күй шертісіп, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өнер сайысына түскен. Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы талап қойған. Оны шешіп, сертке жеткен ақылды жігітке тұрмысқа шығатын болған. Бертін келе жұмбақ ақындар айтысынан ерекше орын алған.Жұмбақ айтысу жастардың логикалық ой-өрісін дамытады. Академик жазушы М.Әуезов: “Жұмбақ – халық шығармашылығының ішіндегі ең ескі түрінің бірі. Жұмбақ – өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенің тамаша құралы. Ол бүгінгі біздің дәуірімізде де өзінің керектілік қасиетін жойған жоқ” – деген болатын.

Жастардың тілін ұстартудағы тәрбиенің бір түрі – жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтуда көзделетін мақсат, біріншіден, жиналғандарды күлдіріп, көңіл көтеру болса, екіншіден, әр сөзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл ұстартуға үйрету көзделеді. Қазақтың салты бойынша, ойын-сауыққа келген жастардың бәрі ән салып, күй шертіп, өлең айтуға тиіс. Ал өнерден құралақан жастарға жаза ретінде ойын басқарушы жаңылтпаш айтқызған. Егер ол адам жаңылтпаштың сөзін орамына келтіре алмай, бұзып айтса, жұрт оған күлген. Жаза ретінде ән – күй айтуға міндетті болған. Мұның өзі - өнерді халық қадірлеп, жастарға дарытқанын аңғартады.

Көрген білгенді ой елегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта – жігерді, зор күшті,қажыр қайрат пен талапты керек етеді. Сондықтан, халық өмір тәжірибесіндегі көрген –білгенін өнеге етіп, Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал – мәтел етіп ұрпаққа қалдырып отырады. Ол ақылыңа ақыл қосатын, жарқын болашаққа дұрыс бағыт сілтейтін асыл ойдың көркем жиынтығы. Халық “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені”, “Кішіпейілділіктен кішіреймейсің” деп кішіпейілділікке, “Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер” деп бала тәрбиелеуші ата – аналардың өнегелі болуын талап еткен.

Мақал – мәтелдер алуан түрлі тақырыпқа арналған және адамгершілік – имандылық тәрбиесін беруде маңызды орын алады.

“Білім – азбайтын тон

Ақыл таусылмайтын кен” - деп, оқу – білімге шақырса,

“Ата - асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ” - деп бауырмалдыққа

“Аққуды – атпа,

Досыңды сатпа” - деп адал дос болуға.

“Еңбек ердің көркі,

Ер – елдің көркі” - деп еңбексүйгіштікке, ерлікке шақырған.

Қазақ халқының дәстүрлі ырымдар мен тыйымдарында, ғибрат, өнеге боларлық мәдениеттілік пен тазалыққа баулитын шек қоюлар аз емес. Мысалы, “Сыпыртқыны тұрғызып қойма”, “Адамы жоқ болса да, үйге сәлем беріп кір ”, “Түнде суға барма” т.б. Ертедегі дәстүр бойынша жастардың қолын қусыртпайтын, екі кештің арасында жатқызбайтын, керегені кергізбейтін, қос қолын төбесіне қоюға, дауыс шығарып есінуге тыйым салатын.

Үлкен кісілер ұрысса,онымен сөз жарастырып тайталасу көргенсіздік саналатын. Ата – анасына тілі тиген, жасы үлкен туысына қол жұмсаған жастардың бетіне күйе жағып, қара өгізге, не есекке мінгізіп, жетектеп ауыл-ауылды аралатып жазалаған. Бұл жаза кінәлі жасқа қатаң тиіп, басқалар оңдайдан қашатын болған. “Баланы әуелі мейір – шапағатқа, одан соң ақыл – парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы” – дейді халық. Осы қағидаға орай бабамыз Бұқар жырау: “Баланы туғаннан 5 жасқа дейін хандай көтер, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан кейін досыңдай сыйлас ” деген екен.

Осындай асыл, ғасырдан – ғасырға ұласып, екшеуінен өтіп, мол да шексіз қазына болып қалыптасқан асыл мұрамыз халық педагогикасының лайланбас тұнығын, тот баспас асылын әрбір баланың зәруі етіп сіңіру, бүгінгі күннің өзгеден еңселі міндеті. Олай болса, халқымыздың сан ғасырлар бойы жинаған маржанын шашып алмай, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде қолдануымыз маңызды іс болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:

1. Алиева Д.А. Педагогические идеи в историческом наследии М.Х.Дулати. Учебное пособие. - Тараз: ТарМУ, 2008. - 133 с.

2. Пірәлиев С.Ж., Керімов Л.К. Таным және студент. Оқу құралы. - Алматы: Санат, 2007.

3. Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2010. - 158 б.


Аннотация. Воспитание – это важнейший фактор в формировании человека как личности. Все виды воспитания усваиваются в едином целом педагогическом процессе и в семье.

Annotation. Upbringing - a crucial factor in the formation of man as a person. All kinds of upbringing are assimilated in a single whole pedagogical process and in the family.

ӘОЖ 371
ОРТАҒАСЫР ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ - ТӘРБИЕЛІК МҰРАЛАРЫ
Қ. Бөлеев, Л.Қ. Бөлеева, П.Қ. Бөлеева

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстанда ортағасыр ойшылдарының тәлім-тәрбиелік мұраларын зерттеу соңғы кезде проблемалық өзекті мәселеге айнала бастады. Қазақ ғалым-педагогтарының ұлы ойшылдардың тәлім-тәрбиелік мұраларын зерттеу бойынша көптеген еңбектер жарық көрді. Оларды үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану бүгінгі оқу орындарының басты міндеті. Өйткені олардың тәлім-тәрбиелік мұралары жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде мәні және маңызы айрықша. Сондықтан сол еңбектерге мазмұндық талдау жасауды жөн көрдік.

С.Пірәлиев пен Л.Керімұлының «Таным және студент» оқу құралы он үш параграфтан тұратын Қазақстанда ежелгі Сақ және Ғұн империясындағы, Үйсін-Қаңлы мемлекеттеріндегі тәлім-тәрбиелік идеяларды мазмұндаған тұңғыш тарихи-педагогикалық еңбек [1].

Құралда білім беру және педагогикалық ойлар тарихының мақсат-міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері; Еуразия даласындағы алғашқы қауымда тәрбиенің пайда болуы; Еуразия құрлығындағы Сақ империясындағы тәлім-тәрбие; Ұлы Даладағы Ғұн империясы мен Үйсін-Қаңлы мемлекеті дәуіріндегі тәлім-тәрбие; Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі Шумер тәлім-тәрбиесі; Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі мектептер мен тәлім-тәрбиенің өзара ықпалдастығы; Таяу және Қиыр Шығыстағы ортағасыр мемлекеттеріндегі (Араб халифаты, Үндістан және Қытай) білім беру мен педагогикалық ойлардың дамуы; Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пікірлер; Ортағасырлық Византиядағы ағарту ісі және педагогикалық тәлім-тәрбиесі; Орхон-Енисей жазулары мен Қорқыт-ата, әл-Фараби шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік тағылымдар; Ж.Баласағұн және М.Қашқари шығармаларындағы тәлім-тәрбие тағылымдары; Қ.А.Иассауи және А.Иүгінеки шығармаларындағы тағылымдар, тәлім-тәрбие ғибраты; Ортағасыр ғұламаларының педагогикалық ойларын оқу-тәрбие дәрісіне ендіру жайы қарастырылған.



Б.Иманбекованың «Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы» оқу құралы жоғары оқу орындарының «Педагогика және психология» мамандығына арналған. Оқу құралында ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі педагогикалық ойлар мен білім берудің тарихы жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастырылған [2].

Оқу құралында б.д.д 1500-2000 жж. - ҮІІІ ғ. кезеңіндегі тәлімдік ойлар, IX - XIV ортағасыр заманындағы тәлім-тәрбиелік ойлар, XIV- XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойлар, XIX ғасыр мен XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі кезеңдегі педагогикалық ойлар, XX ғасырдың 20 жылдары мен 90-жылдар аралығындағы педагогикалық ойлар мен білім берудің дамуы, Егемен Қазақстандағы педагогика ғылымы мен білім берудің дамуы мазмұндалған.



С.Е.Жанболатов «Ертедегі Қазақстан жеріндегі көрнекті тұлғалардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері» атты әдістемелік құралында б.д.д. VII - б.д. V ғасырларда қазақ даласынан шыққан көрнекті тұлғалар – Анахарсис, Алып Ер Тоңға, Қажы-Құсырау, Мөде қаған, Аттила, Ерке хан, Құдыс, Томиристің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері баяндалған [3].

Т.Ә.Қоңыратбаеваның «Қорқыт жырларының ғибраты» атты оқу-әдістемелік құралында «Қорқыт ата кітабындағы» он екі оғыз батырлары туралы жырлардың тәлім-тәрбиелік тағылымы ашып көрсетілген [4].

А.Көбесовтың «Педагогическое наследие аль-Фараби» атты монографиясы кіріспеден, төрт тараудан және қорытындыдан тұрады [5].

Кітаптың бірінші «әл-Фараби педагогикасының философиялық, әлеуметтік-этикалық алғышарттары» тарауында әл-Фарабидің философиялық көзқарастары, әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастарының әлеуметтік-этикалық алғы шарттары анықталған.

«Әл-Фарабидің жалпы педагогикалық идеялары» атты екінші тарауында әл-Фараби бойынша тәрбиенің мазмұны, формалары мен әдістері, рухани, интеллектуальды тәрбиенің мәселелері қарастырылған.

Үшінші «әл-Фарабидің дидактика проблемалары» атты тарауында оқыту тәртібі бойынша әл-Фарабидің ғылымдар классификациясы, оқытудың мазмұны мен құралдарын анықтау мәселелері, әл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабының» дидактикасы және теориялық ғылымдардың құрылу әдісі және түсіндірілуі проблемалары баяндалған.



«Әл-Фарабидің математикалық еңбектеріндегі педагогикалық идеялардың қолданылуы және жүзеге асуы» атты төртінші тарауда математика мәселелерінің әдіснамасы мен әдістемесі, геометрияның негізгі ұғымдарын негіздеу және түсіндіру мәселелері, «Евклидтің сыны» және әл-Фарабидің «Алмагестіне» комментарий – оқу-педагогикалық шығарма екендігі сөз болған.

Ә.Н.Көшербаева «Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы гуманистік идеялардың дамуы: әдіснамасы, теориясы, практикасы» монографияда түркі ойшылының педагогикалық көзқарастары Қайта Өрлеу (Ренессанс) тұрғысынан жан-жақты қарастырылып, Баласағұнның идеялары өзекті гуманистік тұжырымдама ретінде негізделген [6].

Т.Ә.Ахметовтың «Жүсіп Баласағұни тағылымы» атты оқу құралының бірінші тарауы «Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» педагогикалық дастанының дүниетанымдық және ғылыми негіздері» деп аталып, онда «Құтты біліктің» жазылуының тарихи-әлеуметтік, мәдени және психологиялық-педагогикалық алғышарттары, Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің рухани бастаулары және поэмадағы жетекші педагогикалық идеялар, бірінші тарау бойынша тұжырым жасалынған. Ал екінші «Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларының бүгінгі ғылыми педагогиканың және тәрбие тәжірибесінің дамуындағы маңызы» атты тарауда «Құтты біліктегі» адами құндылықтар жүйесіндегі «Текті, парасатты кісі» бейнесі, Жүсіп Баласағұни мұрасындағы отбасы тәрбиесі мәселелері, «Құтты біліктің» қазақтың халықтық педагогикасымен сабақтастығы, «Құтты біліктегі» психологиялық мәселелер, екінші тарау бойынша тұжырым берілген [7].

Б.Әбдікәрімұлы мен Қ.А.Сарбасованың «Әл-Фараби педагогикасы» атты оқу құралы кіріспеден және мынадай жеті тақырыптан тұрады: ұлттың ұлы ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығу тегі туралы, фарабитану мәселелері, әл-Фараби – педагогиканың негізін салушы, әл-Фарабидің педагогикалық мұрасындағы ізгілендіру идеялары, әл-Фараби еңбектеріндегі білім беру философиясы мәселесі, әл-Фараби дидактикасы, әл-Фараби тәрбие теориясы. Сондай-ақ, тест сұрақтары, ұлттың ұлы ұстазы, ғұлама ғалым әл-Фараби туралы не білесіз және реферат тақырыптары берілген [8].

Б.Әбдікәрімұлы мен Қ.А.Сарбасованың «Ж.Баласағұни педагогикасы» оқу құралы кіріспеден және келесі сегіз тақырыптан тұрады: Кемеңгер ойшыл Ж.Баласағұнидің өмірі мен оның Отаны – Баласағұн қаласы туралы, Ж.Баласағұнидің атақты еңбегі - «Құтты білік» дастаны, Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегі – қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі, Ж.Баласағұни тәрбие мақсаты туралы, Ж.Баласағұни еңбегіндегі негізгі педагогикалық ұғымдар және ізгілендіру мәселесі, Ж.Баласағұни дидактикасы, Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясы, Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының сабақтастығы. Сондай-ақ құралдың соңында тест сұрақтары, кемеңгер ұстаз, данышпан ғалым Жүсіп Баласағұни туралы не білесіз және реферат тақырыптары берілген [9].

Б.Әбдікәрімұлы мен Қ.А.Сарбасованың «М.Қашқари педагогикасы» оқу құралы кіріспеден және төмендегідей алты тақырыптан тұрады: данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз М.Қашқаридің өмірі мен оның атақты еңбегі - «Диуани лұғат-ит-түрк» («Түрік сөздігі»), Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» («Түрік сөздігі») атақты еңбегі бойынша зерттеулер, М.Қашқаридің «Түрік сөздігі еңбегі» – қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі, М.Қашқари еңбегіндегі тұлға мәселесі, М.Қашқари еңбегіндегі тәрбие мазмұны, М.Қашқари дидактикасы. Құралда тест сұрақтары, кемеңгер ұстаз, данышпан ғалым М.Қашқари туралы не білесіз, реферат тақырыптары берілген [10].

С.Н.Құрбанқожаның «Йассауй тағылымы - тәлім-тәрбие ғибраты» атты монографиясы алғы сөзден, бес бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады [11].

Бірінші бөлім «Түркілердің Тәңірлік дүниетанымы және оның болашағы туралы» деп аталып, онда түркілердің тіл, дін, жазу, әруақтар туралы, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлеріндегі дүниетанымы сөз болған. Екінші бөлімде исламдық дүниетанымға жаңаша көзқарас, төртінші бөлімде бүгінгі таңдағы ғылыми дүниетаным және бесінші бөлімде ғылыми сабақтастық мәселелері қарастырылған.

Ал еңбектің үшінші «Қожа Ахмет Йассауй дүниетанымы» атты бөлімінің «Йассауй еңбектеріндегі этнопедагогика мәселелері» тарауында Қожа Ахметтің «Диуани хикмет», «Мунажатнама», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы» еңбектеріндегі педагогикалық, психологиялық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және дидактикалық мәселелері мазмұндалған. Сонымен қатар Йассауйдің өмірі желісімен жазылған ауызекі жиналған хиқаяттар мен аңыз әңгімелердің тәлім- тәрбиелік мәндері ашылып көрсетілген.

«Түркі халықтарының этнопедагогикасының қалыптасуына Йассауй еңбектерінің тигізген әсері» атты тарауда Йассауйдің түркі әлеміне тигізген үш қызметі: «Түркішенің жандануы», «Исламның түркілер арасында тарауы», «Тура мұсылмандық түсінігі» және оның дүниетанымындағы жеті принципі: «Алланы сүю», «Ықлас және шын жүректілік», «Адам сүйіспеншілігі», «Білім», «Асқа құрмет», «Әйел-еркек жұптылығы», «Жақсы көру (дінге, тілге, ұлтқа, жынысқа бөлмеу)» тәлім-тәрбиелік тұрғыдан баяндалған. Бөлімнің үшінші тарауында «Түркі халықтарының этнопедагогикасының қалыптасуына Йассауй еңбектерінің тигізген әсері» дәрістігінің бағдарламасы, оның құрылымы мен мазмұны жасалынған. Бағдарлама алғы сөзден, бес тараудан тұрады, әр тарауда қарастырылатын мәселелер жеке-жеке мазмұндық сипатталынған. Сол бағдарламаға сай қосымша оқу құралының мазмұндық сипаттамасы да берілген. Ал төртінші тарауда Йассауй еңбектеріндегі этнопедагогикалық мәселелерді халықтық педагогика дәрісінде өтудің рухани, мағнауи қажеттігі сөз болған.



Қ.Бөлеев пен Т.Қ.Бөлеевтің «Великие мыслители Востока о воспитании» атты оқу құралында ортағасыр ойшылдары Қорқыт атаның, әл-Фарабидің, Ибн Синаның, Абу Рудакидің, Омар Хайямның, Д.Румидің, Ахмет Ясауидің, Саадидің, Джамидің, Ж.Баласағұнидің, Наср Хысраудың, Р.Хорезмидің шығармаларына талдау жасалып, олардың педагогикалық идеяларының маңызы, оның қазақ халқының тәлім-тәрбие дәстүрлерімен байланысы сипатталған [12].

Б.А.Азтаева, Қ.Бөлеев, Т.Қ.Бөлеевтің «Педагогические взгляды Ибн-Сины» атты әдістемелік құралында Ибн-Синаның өмірбаяны, Ибн-Сина – педагог, болашақ нәрестенің денсаулығын сақтауға Ибн-Синаның көзқарасы, Ибн-Сина бойынша адамның жасерекшелігін кезеңдерге бөлу, кіші жастағы балалардың тәрбиесіне Ибн-Синаның көзқарасы, жас бала тәрбиесіне Ибн-Синаның кейбір педагогикалық көзқарастары ересек және жасөспірім балалардың тәрбиесіне Ибн-Синаның көзқарасы, дене және гигиеналық тәрбиелерге Ибн-Синаның көзқарасы туралы баяндалған [13].

А.Н.Көшербаеваның «История педагогической мысли в эпоху Центрально-Азиатского Ренессанса» атты оқулығында ІХ-ХІV ғасырлар аралығындағы педагогикалық ойлардың қалыптасуы мен дамуы зерделеніп, Орталық Азиядағы тәрбие мен білімнің алатын орны ерекшеленген. Оқулық төрт тараудан тұрады. Оларда гуманизм - Ренессанс дәуірінің басты принципі, Жүсіп Баласағұни- Шығыс Ренессанс дәуірінің көрнекті тұлғасы, қазақтың педагогикалық ой-пікірлері тарихындағы Жүсіп-Баласағұнидің гуманистік бағыттары, Орта Азиялық Ренессанс ойшылдарының (Конфуций - әл-Фараби - Баласағұни; әл-Фараби - Ибн Сина - Баласағұни; Баласағұни - Омар Хайям - Ахмед Яссауи; Орта Азия және Еуропа ойшылдары) гуманистік көзқарастары салыстармалы-тарихи контексте қарастырылған [14].

Қ.Бөлеев және М.Шауенованың «У.Кайқаустың этнопедагогикалық мұрасы» оқу құралының бірінші «Кайқаустың дүниеге көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен тарихи және әлеуметтік-мәдени жағдайлар» атты тарауында Кайқаус заманындағы тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің қысқаша сипаттамасы оның өмірі және оның шығармашылығындағы педагогикалық көзқарастарының идеялық бастаулары анықталған.

«Кайқаустың «Қабуснамасындағы педагогикалық идеялар» атты екінші тарауда «Қабуснамадағы» жалпы педагогикалық идеяларға сипаттама, отбасылық, имандылық-адамгершілік, салауатты өмір салты, ақыл-ой, құқықтық тәрбие, еңбек және кәсіби тәрбиелер туралы, және ізгілікті ел билеу өнері мен мемлекеттік қызметтерге қатысты ой-пікірлері баяндалған [15].



Қ.Б.Жарықбаев пен К.Ж.Ибраеваның «Этнопедагогика тюркоязычных мыслителей» атты оқулығы кіріспеден, 12 тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады [16].

Кіріспеде этнопедагогика ғылыми білімнің саласы екендігі оның пәні мен проблемасы, этнопедагогика және халықтық педагогика, этнопедагогика курсының негізгі міндеттері арқылы дәлелденген.

Бірінші тарау «ХІ-ХІV ғасырларда Қазақстандағы мәдени-ағартушылық өмір» деп аталып, онда қазақ жерінде ортағасыр кезеңінде ағарту ісі мен мәдениет дамуының көкейкесті проблемалары және халықтық тәрбиелік дәстүрлердің рухани бастамасы; екінші тарауда ортағасырдағы ғалым-энциклопедистердің педагогикалық идеялары; үшінші тарауда ортағасыр ғалымдарының көзқарастарындағы халықтық педагогика мен психологияның пайда болуы; төртінші тарауда ойшылдардың халықтық-поэтикалық шығармашылықтарындағы халық педагогика; бесінші, алтыншы және жетінші тарауларда Жүсіп Баласағұнидің шығармасындағы жеке адам идеалы, адамгершілік және азаматтық мәселелері, оның эстетикалық көзқарастары; сегізінші тарауда түрік ойшылдарының шығармаларындағы мақалдардың тәрбиелік маңызы; тоғызыншы тарауда Сайфи Сараидің «Гулистан бит турки» және Реванди Хорезмидің «Махаббатнаме» шығармаларындағы гуманистік идеялар; оныншы тарауда ұлттық мектеп, білім берудің этнопедагогикалық аспектісі; он бірінші тарауда жоғары оқу орындарында этномәдени жеке тұлғаны қалыптастыру; он екінші тарауда көп ұлттық ұжым – тәрбиелік әсердің айрықша нысаны екендігі қарастырылған.

К.Ж.Ыбраеваның «Х-ХІV ғғ. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің дамуы» атты монографиясы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады [17].

Бірінші «Х-ХІV ғғ. түркі тілдес елдерде тәлімдік ой-пікірлердің қалыптасу тарихы» атты тарауда түркі жұртының мәдени-рухани, тарихи дамуы, түрік ғұламаларының педагогикалық ойларының философиялық негізі және Х-ХІV ғғ. тәлім тәрбиелік ойлардың туындауымен ілім-білімдерінің ілкі бастауылары мазмұндалған.

Екінші тарау «Х-ХІV ғғ. педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуы» деп аталып, онда орта ғасыр ойшылдардың еңбектеріндегі халықтық педагогика, Х-ХІV ғғ. ғұламаларыдың еңбектеріндегі халықтық психологиясы және түркі ғұламаларының мұрасындағы кісілік-гуманизм идеялары баяндалған.

«Орта ғасырдағы түркі еліндегі педагогика, психология мәселелері» атты үшінші тарауда Х-ХІХ ғғ. ғұламалар мұрасындағы имандылық тәрбиесі, түркі халқының этникалық педагогика мен психологиясының қазіргі педагогика ғылымымен сабақтастығы және Х-ХІV ғғ. педагогикалық ойларды жоғары оқу орындарында қолдану әдістемесі қарастырылған.



Қ.Жарықбаевтың «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты монографиясының бірінші бөлімі «Ілкі бастау, түп-төркіндер» деп аталады. Бұл бөлімде қазақ жерінің ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидың тәлім-тәрбие, педагогика, психология саласындағы толғаныстары, көне түркі жазба ескерткіштеріндегі тәлімдік сөздер («Құдатғу білік», «Диван лұғат ат-түрк») баяндалады. Екінші бөлімде ұлттық психологиямыздың ілкі сілемдері («Халықтық психология») халқымыздың өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүр-салтының мақал-мәтелдердегі бейнелену жайы айтылса, бұдан кейінгі тарауларда қазақ халқының өз алдына дербес ел болып, тарихи аренаға шыққан кезі, яғни XV ғасырдан қоғам дамуына түбегейлі, жаңа бетбұрыс жасаған XIX ғасырдың ортасына дейінгі үлкен аралықтың есепсіз мол, тәлім-тәрбиелік мұрасының жекелеген беттері талдауға алынады. Дәлірек айтсақ – осы бөлімнің алғашқы тарауында XV-XVII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет) өр рухты, жауынгерлік пафосқа толы толғауларынан туындайтын көшпенді ата-бабаларымыздың өзіндік психологиясы, тәлімдік мәні зор дана сөздері жайлы сыр шертіледі. Бөлімнің келесі тарауларында XVIII ғасырдағы қазақтың қоғамдық өмірінің өкілдері (Ақтамберді, Шал, Бұқар жырау), сондай-ақ, XIX ғасыр­дың бірінші жартысындағы қоғамдық ой-пікір қайраткерлері (Махамбет, Дулат) творчестволарында көтеріліп отырған көзқарастарға сол кезең тұрғысынан баға беріліп, бұлардың қай-қайсысының да қазіргі заман талабымен үндес жақтары жұртшылық назарына ұсынылады [18].

Қ.Т.Атемованың «Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы» атты монографиясы алғысөзден, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады [19].

Бірінші бөлім «Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуын зерттеудің әдіснамалық негіздері» деп аталып, онда түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуын зерттеуге әдіснамалык тұрғыдан сипаттама, ортағасырдағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуына қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың ықпалы, тәңірлік кезеңдегі және ислам дінінің келуіне байланысты түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері анықталған.

Екінші «Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының ғылыми-педагогикалық негіздері» атты бөлімінде түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесін ұйымдастырудың мемлекетті басқарудың құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырылуы, ұлы ғұламалар мұраларындағы отбасы тәрбиесі жағдайында кемел адам тұлғасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеялары, түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесінің мазмұны баяндалған.

Үшінші бөлім «Түркі ғұламаларының мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қазақ отбасы тәрбиесіндегі сабақтастығы» деп аталып, онда түркі ғұламаларының мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қазақ халықтық педагогикасындағы көрінісі, ортағасыр мұраларындағы отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлердің қазактың ақын-жыраулар еңбектерімен сабақтастығы, түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қазақ ағартушылары мен зиялылары еңбектерінде орын алу сабақтастығы және түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларын бүгінгі күн тәжірибесіне пайдаланудың жолдары анықталған.



Т.Әлсатовтың «Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік идеялары (ХV-ХVІ ғғ.)» атты оқу құралы толықтырылып, «Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы» деген атаумен монография болып шықты. Оны кіріспеден, төрт тараудан және қорытындыдан тұратын, бір дәуірдің педагогикалық ой-пікірін қамтитын сүбелі еңбек деуге болады [20].

Бірінші тарауы «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ елінің саяси-экономикалық мәдени-рухани жағдаяттары» деп аталып, онда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдаяттары жайлы қысқаша мағлұмат, осы кезеңдердегі елдің рухани дамуы, «Кейінгі ортағасырлық қазақ ойшылдарының тәлім-тәрбиелік және психологиялық көзқарастары (ХV-ХVІІІ ғғ.)» атты екінші тарауында Ө.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати және Қ.Қ.Жалайырдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері, үшінші «Жыраулардың тәлім-тәрбиелік тағылымдары» атты тарауында жыраулардың философиялық көзқарастары туралы бірер сөз, Асан қайғы жырау мен Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері, ал төртінші «Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары» атты тарауында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері анықталған.



Д.А.Әлиеваның «Педагогические идеи в историческом наследии М.Х.Дулати» атты оқу құралы кіріспеден, төмендегідей үш бөлімнен тұрады: М.Х.Дулатидің философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуының тарихи шарттары және М.Х.Дулатидің педагогикалық идеялары анықталған. Оқу құралының үшінші бөлімінде қазіргі зерттеулердегі М.Х.Дулати мұрасы, қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі оның педагогикалық идеялары, «М.Х.Дулатидің тарихи мұрасының жастарды тәрбиелеудегі рөлі» атты арнайы курс бағдарламасы бойынша оқушыларға арналған сабақтардың мазмұндары жасалынған [21].

Сонымен, ортағасыр ойшылдарының тәлім-тәрбиелік мұраларына арналған еңбектер – монография, оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыныс түрінде жарық көргені анықталынды.


Әдебиеттер тізімі:

1.Пірәлиев С.Ж., Керімов Л.К. Таным және студент. Оқу құралы. - Алматы: Санат, 2007.

2.Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2010. - 158 б.

3.Жанболатов С.Е. Ертедегі Қазақстан жеріндегі көрнекті тұлғалардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері (б.д.д. VII- б.д. V ғасырлар). Әдістемелік құрал. – Шымкент, 2009. – 59 б.

4.Қоңыратбаева Т.Ә. Қорқыт жырларының ғибраты. - Қызылорда, 1992. - 29 б.

5.Кубесов А. Педагогическое наследие аль-Фараби. Монография. -Алматы: Мектеп, 1989.

6.Көшербаева Ә.Н. Жүсіп Баласаұнның педагогикалық мұрасындағы гуманистік идеялардың дамуы: әдіснамалық теориясы, практикасы. Монография. - Алматы, 1995.

7.Ахметов Т.Ә. Жүсіп Баласағұни тағылымы. Оқу құралы. - Қостанай: ҚМПИ, 2004. - 184 б.

8.Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Әл-Фараби педагогикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ, 2008.

9.Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Ж.Баласағұни педагогикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: 2008.

10.Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. М.Қашқари педагогикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: 2008.

11.Құрбанқожа С.Н. Йассауи тағылымы – тәлім-тәрбие ғибраты. Монография. - Түркістан: 2005..

12.Болеев К., Болеев Т.К. Великие мыслители Востока о воспитании. Учебное пособие. - Жамбыл, 1994. - 38 с.

13.Азтаева Б.А., Болеев К., Болеев Т.К. Педагогические взгляды Ибн-Сины. Методическое пособие. - Тараз: ЖамУ, 1997. - 30 с.

14.Кошербаева А.Н. История педагогической мысли в эпоху Центрально-Азиатского Ренессанса. Учебное пособие. - Алматы, 2010.

15.Бөлеев Қ., Шауенова М.У. Кайқаустың этнопедагогикалық мұрасы. Оқу құралы. – А., 2012. - 216 б.

16.Жарыкбаев К.Б., Ибраева К.Ж. Этнопедагогика тюркоязычных мыслителей. Учебник. - Астана: КазАТУ, 2009. - 290 с.

17.Ыбраева К.Ж. Х-ХІV ғғ. Қазақстандығы педагогикалық ой-пікірлердің дамуы. Монография. - Астана: ҚазМАТУ, 2005. - 266 б.

18.Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. Монография. - Алматы: Қазақстан, 1980. -120 б

19.Атемова Қ.Т. Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы. Монография. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 328 б.

20.Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы (ХV-ХVIII ғ.ғ.). Монография. - Алматы: Ғылым, 1999. - 198 б.

21.Алиева Д.А. Педагогические идеи в историческом наследии М.Х.Дулати. Учебное пособие. - Тараз: ТарМУ, 2008. - 133 с.


Аннотация. В статье изложено педагогическое наследие средневековых мыслителей Востока на основе содержательного анализа исследований проведенных казахстанскими учеными-педагогами.

Annotation. In the article pedagogical heritage of medieval thinkers of East is expounded on the basis of rich in content analysis of researches conducted by the Kazakhstan scientists-teachers.

ӘОЖ 37+396.11 (574)
ХХ ҒАСЫР АҒАРТУШЫ - ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ

ТӘЛІМ - ТӘРБИЕЛІК ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қ. Бөлеев, Л.Қ. Бөлеева, П.Қ. Бөлеева

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақ ағартушылары мен ағартушы-педагогтарын тәлім-тәрбиелік мұраларын зерттеу соңғы кезде проблемалық өзекті мәселеге айнала бастады. Өйткені олардың тәлім-тәрбиелік мұралары қазақ педагогикасының теориялық негіздерін жасауда, әсіресе жас ұрпаққа бүгінгі таңда ұлттық тәрбие беруде алатын орны мен маңызы айрықша. Сондықтан сол мұралар бойынша қазақ ғалымдарының зерттеу жұмыстарын мазмұндық талдауға алып, мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдер оларды оқушыларды тәрбиелеуде басты құралдар етіп пайдалануға болады.

Ж.Т.Елемесова, А.Р.Ахманов және Б.А.Марданованың «Ғұлама ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 150 жыл толуына» атты еңбекте жаңашыл ағартушы ұстаздың ғалым, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері ретіндегі жұмыстарына шолу берілген [1]. Ғұлама-ғалымның туған халқының қамы, әлеуметтік даму тұрғысында сіңірген еңбектерінің өз заманындағы қазақ зиялыларымен үндестігі баяндалған.

Т.Шойынбаевтың «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог» кітапшасы қазақ халқының ұлы орыс халқымен достығының мәні, Ыбырай – ағартушы-педагог, оның ақындығы мен жазушылығының педагогикалық мақсатқа қызмет етуі, ұлттық мектеп ашу ісіне әзірлігі, орыс педагогтарынан үйрену жолы [2]. 1864 жылы 6-қаңтарда ашылған тұңғыш мектеп, мектепте қазақ тілі үшін орыс алфавитін қолдануы, «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» атты кітаптарының мәні, қазақ қыздарына арналған тұңғыш мектептің ашылуы, жастарды оқыту, тәрбиелеу туралы ойлары, мұғалімнің қызметін бағалауы, отырықшылық және еңбек туралы ойлары айтылған.

Қ.Жұмағұловтың «Қазақ халқының ұлы демократ-ағартушылары» атты лекторға арналған кітапшасы төмендегідей үш бөлімнен тұрады: Шоқан Уәлиханов [3]. Оның Омбы қаласындағы өмірі, алдыңғы қатарлы орыс адамдарымен достық қарым-қатынасы. Қашқар сапарының мақсаты және оның ғылыми маңызы. Ғылыми еңбектері; Ы.Алтынсарин. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі, ұлы педагогтар еңбегімен таныстығы жөнінде деректер. Оқушылар семинариясын, қолөнер мектебін ашу жолындағы күресі. Жазған кітаптары мен мақаларына шолу жасаған; Абай Құнанбаев. Абай шығармаларын шоли отырып, оның қазақты оқуға, ғылымға, өнерге шақыруы туралы мәселелерді сөз етеді. Өлеңдерінен үзінділер келтірілген.

С.Әсіповтың «Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы» кітапшасында Ыбырайдың қазақ даласында мектептер ашуы, оған жергілікті және патша әкімдерінің қарсылықтары, мектептер ашудағы қиыншылықтары туралы оның жазған хаттарының мазмұны, Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің жарыққа шығуы, оның Торғай облысы мектептеріндегі инспекторлық қызметі, оның Торғайда қазақ балаларына арналған тұңғыш қолөнер училищесін ашып, кәсіптік білім берудің негізін салғаны, қазақ даласында алғашқы кітапханаларды ашқаны, Қостанайда ауылшаруашылық мектебін ашуға өзіне әкесінен қалған 500 десятина жерді өсиет еткені, Ыбырай әңгімелерінің ағартушылық мазмұндары туралы баяндалған [4].

Ә.Сыдықовтың «Ы.Алтынсариннің педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі» атты монографиясы алғы сөзден және төмендегідей алты тараулардан тұрады: Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивтік рөлі [5]. Патша үкіметінің «ағартушылық саясатының» түрлері; ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық көзқарастар, оның Ы.Алтынсаринге әсері. Осы дәуірдегі ағартушылық қозғалыстың өкілдері. Ана тілі мен орыс тілі жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер. Н.И.Ильминский, К.Д.Ушинскийдің идеялары туралы; Алтынсарин – өлкедегі орыс-қазақ мектептерінің, бірінші халықтық мектептердің негізін салушы. Ыбырай Алтынсариннің мектептегі оқу жұмысы, оқылатын пәндер, оқу әдебиеттері және педагог кадрлар әзірлеу жөніндегі ойлары. Болыстық, ауылдық мектептер. Қазақ қыздарына арналған интернаттар. Қазақ балаларына арнаулы білім беру мәселесі; Алтынсариннің педагогикалық идеялары. В.В.Катаринскийге жазған хаты. Қазақ балаларына орыс тілін үйрету мәселесі. Методикалық әдебиеттер, оқу пәндерін педагогикалық талдау, оқу жұмысын ұйымдастыру, кітапхана жайы. Пәндерді оқыту. Тәрбие және оның әдістері. Алтынсариннің ағартушылық идеялары; Алтынсарин мұғалімнің рөлі туралы. Оның методикалық көзқарастары. Ана тілін оқыту жолдары. Орыс графикасы негізіндегі алфавитті тұңғыш қолдануы. Орыс тілін үйретудің методикалық нұсқаулар; Орыс-қазақ мектептерінің Алтынсариннен кейінгі халі. Реакцияның зардабы. Ауыл мектептері. Мұғалімдер семинариялары. Большевиктер партиясының халық ағарту және ұлттық мектеп жолындағы күресі. Алтынсарин – педагог-теоретик, оның Қазақстан педагогикасындағы орны.

Қ.Р.Калкееваның «Учебник И.Алтынсарина» атты оқу-әдістемелік құралының бірінші тарауында Ы.Алтынсариннің оқулықтары құрылуының әлеуметтік-тарихи және ғылыми-педагогикалық алғышарттары, екінші тарауында Ы.Алтынсариннің оқулықтарын құрылымы, мазмұны және ғылыми-педагогикалық негіздері жасалынған [6].

Қ.Жарықбаевтың «Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы» атты кітапшасында Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы, Ш.Уәлихановтың дүниетанымдық көзқарасы, оның оқу, ағарту саласына байланысты пікірлері, орыс тілі мен орыс оқуы туралы, өз халқының мәдениеті мен әдебиеті, әдет-ғұрпы мен психологиясы жайындағы жоғары пікірлері; Ы.Алтынсариннің философиялық, саяси-әлеуметтік көзқарасы, оның ұлттық мектеп ашу, программалар жасау және оқулықтар жасаудағы рөлі, орыс халқының мектеп жүйесі тәжірибесін пайдалануы [7]. Орыс тілін меңгерудегі мақсат туралы, оқу-тәрбие процесінің басты міндеттері, тәрбие мақсатындағы еңбектері, Ы.Алтынсарин психологиясы, жанұя тәрбиесі, ана тәрбиесі жайындағы пікірлері; А.Құнанбаевтың философиялық көзқарасының қалыптасуындағы үш қайнардың әсері, тәрбие жөніндегі басты пікірлері, еңбек тәрбиесінің өмірдегі маңызы, жанұя тәрбиесі, жастардың оқу, білім негіздерін меңгеру мәселесі жөніндегі ойлары, білім алудың мақсаты, білім негіздерін меңгерудің психикалық жақтары, ғылымды үйренудің мақсаты мен жолдары. Білім жолындағы зор мақсат жайы, өзін-өзі тәрбиелеу және оның жолдары, ерік-жігер туралы, оқу-тәрбие жұмысының маңызы жөнінде айтылған.

А.К.Игибаева мен Н.Б.Игисинованың «Из истории педагогической мысли и образования в Казахстане» атты әдістемелік нұсқауында Қазақстанда ІХ-ХІV ғасырларда педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы, ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ жырауларының шығармаларындағы білім беру мен тәрбиенің проблемалары, ХІХ ғасырда Қазақстандағы қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлері, ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Қазақстанның педагогикалық ой-пікірлері мен мектебі, ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер мен ағарту ісі баяндалған [8].

Н.С.Әлқожаеваның «Ыбырай, Абай, Шәкәрімнің имандылық идеялары» атты оқу құралында Ыбырай, Абай, Шәкәрімнің имандылық идеяларының дамуына қосқан үлесін сөз ете отырып, идеяның шығу генезисін айқындайды [9].

Бірінші тарау «ХІХ ғ. екінші жартысында имандылық идеялардың дамуы» деп аталып, онда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда имандылық идеялардың ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейі, имандылық идеясының генезисі, имандылық ұғымына Ыбырай Алтынсаринның көзқарасы мен Абай және Шәкәрімнің имандылық туралы ой-пікірлері баяндалған.



Екінші «ХІХ ғ. екінші жартысында ағартушылар мұраларындағы имандылық идеяларды мектептерде пайдалану жолдары» атты тарауда бүгінгі Республика мектептерінде ағартушылардың имандылық идеяларын пайдалану тәжірибесі, олардың мұраларындағы имандылық идеяларды мектеп тәжірибелерінде пайдалану формалары мен әдістері және сол идеяларды оқу-тәрбие процесінде мұғалімдерге, жеткіншек - оқушыларға меңгерту жолдары қарастырылған.

Қ.Құнантаева мен С.Ұзақбаеваның «Қазақ ағартушылары халықтық педагогиканың балалар мен жастардың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызы туралы» көмекші оқу құралында авторлар қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің және Абай Құнанбаевтың саяси-қоғамдық, ағартушылық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысын айта келіп, халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық талғам деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білген, эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтқанын олардың шығармаларын талдау жасай отырып, көрсеткен [10]. Оны құралдың «Ш.Уәлиханов қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық көзқарастары», «Ыбырай Алтынсариннің қазақтың халықтық педагогикасын эстетикалық тәрбие беруде пайдалану» және «Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық көрініс – Абай шығармаларының арқауы» атты тараулардан көруге болады.

Т.Тәжібаевтың «Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы» кітапшасында патша үкіметінің Қазақстандағы ағарту саясаты, Абайдың дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, оның психологиялық көзқарастары, оның творчествосындағы ағартушылық мақсаты, ғылым, білім туралы көзқарастары, білім алу жолдары жөнінде, тәрбие және оның интернациональдылығы, тәрбие орындары туралы баяндалған [11].

Қ.Шаймерденованың «Педагогические взгляды Абая Кунанбаева» атты оқу құралының «Абайдың педагогикалық мұрасы» атты тарауында білім беру және ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, еңбек және дене тәрбиесі, отбасылық тәрбие мәселелері, отбасында әке мен ананың рөлі, жастарды некелік өмірге дайындау мәселелері Абайдың шығармаларына мазмұндық талдау негізінде ашып, көрсетілген [12].

К.Құнантаева мен І.Халитованың «Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары» атты оқу құралының бірінші тарауы «Абай Құнанбаев мұрасы арқылы мектепте тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырудың педагогикалық мәселелері» деп аталып, онда А.Құнанбаев шығармаларының мектептегі тәрбие жұмысында қолданылуы тарихы, мектепте тәрбиелік тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда А.Құнанбаев мұрасын қолданудың әдістемелік сипаты, А.Құнанбаевтың қара сөздері мен шешендігін мектептегі тәрбиелік жұмыстарға енгізудің мәні; екінші тарауында «А.Құнанбаев мұрасы арқылы мектепте тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырудың жолдары» А.Құнанбаев мұрасы арқылы мектепте тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері, А.Құнанбаев мұрасы арқылы мектепте тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырудың жолдары; үшінші «А.Құнанбаев мұрасы арқылы мектепте ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны» атты тарауда Абай шығармалары арқылы мектепте тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырудың бағдарламасы, А.Құнанбаев шығармалары бойынша мектепте ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралардың мазмұндық сипаты, А.Құнанбаев шығармалары арқылы мектепте ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралардың қолданбалы жоспары ұсынылған [13].

А.Елемесова мен А.Құдиярованың «Абай және рухани-имандылық тәрбие» атты оқу құралының бірінші тарауы «Абай Құнанбайұлының рухани-имандылық ой-пікірлерінің қалыптасуы» деп аталып, онда Абай Құнанбайұлының рухани-имандылық ой-пікірлерінің қалыптасуының педагогикалық көздері, «Иман», «Имандылық», «Имандылық тәрбиесі» ұғымдарының шығу төркіні жайлы және «Ақылақ» ұғымын енгізу жөнінде сөз болған [14].

Екінші «Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбиенің мазмұны мен негіздері қағидаттары» атты тарауда Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары, иманигүл - Абай имандылық тәрбие идеяларының шыңы және «Әділеттілік» - Абай құқықтық тәрбие идеяларының негізі қарастырылған.



С.Д.Ізтілеуова мен А.А.Алимбекованың «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» атты оқу-әдістемелік нұсқаулығында ұлы ағартушының өмірбаяны, оның шығармашылығындағы рухани-адамгершілік, ақыл-ой, экологиялық, эстетикалық, елжандылық құқықтық тәрбиелер ашылып көрсетілген [15].

Қ.Өмірәлиевтің «Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану» атты мұғалімдерге көмекші құралының «Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану» туралы бөлімінде V-ІХ кластарда өтілетін Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде кездесетін нақыл сөздерді оқушыларға қалай таныту және оларды басқа ақын-жазушылардың шығармаларымен қалай байланыстыра оқыту керектігі, екінші бөлімде ақынның нақыл сөздерін, үшінші бөлімінде Абайдың афоризмдеріне оқу-тәрбие ісінде пайдалану туралы әдістеме жасалынған тұңғыш еңбек [16].

Т.С.Садықовтың «Абай тәлімі» атты еңбегінде Абай әлеміне зерделі оймен, зерек көзбен үңіліп, ақын мұрасынан жаңаша бір сырлар ұққан автордың ой-толғамдары түзілген [17]. Онда ұлы ақын өмір сүрген заманның сипатына, әлеуметтік шындыққа қатысты ойлар ортаға салынады, әсіресе Абайдың өз ұлтын өркендетудің жолдары, патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты жағдайындағы астарлы ойлары жөнінде дәлелді де қызғылықты тұжырымдары жасалады. Сонымен қатар Абай жырлары мен қарасөздеріндегі философиялық түйіндер, имандылыққа, адамгершілікке, оқу мен білімге, мәдениет пен еңбекке шақыру, адамзат баласына деген махаббат мәселелері туралы да жан-жақты талдаулар ұсынылған.

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет