Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет11/20
Дата05.11.2016
өлшемі5,84 Mb.
#906
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Используемые литературы:

1. Құсайынов А Қазақстандағы патриоттық тәрбие беру идеологиясы. Алматы, 2003

2. Концепция патриотического воспитания в Республике Казахстана. Астана, 2006

3. Коновалов А. Управление национальными процессами. //Мысль. 2004 №4

4. Ананьев Б.Г О проблемах современного человекознания. М: Наука, 2004

5. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы туралы. Астана, Ақорда 2006



Аннотация.Мақала жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу мәселелеріне арналған. Тәрбиенің өзегі-патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелеудің әлеуметтік және педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған.

Annotation.This article is devoted to the problems of the national education. The social or pedagogical importance of national education is described in it. Some sources of Kazakh autyors were used in this article.

ӘОЖ 517.24: 38
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Р. Айдосова

7 бала-бақша, Тараз қ.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге тән. Жас мемлекеттің болашағы – балабақша бүлдіршіндері. Олардың жас ерекшеліктеріне сай талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін қайта қарау, білім беру мәселелерін алдыңғы қатарлы елдердің деңгейінде жабдықтау қажеттілігіне тоқталған. Сол сияқты Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында педагогика қызметкерлері балалардың алған білімдерінің мемлекеттік стандарттан төмен болмауына күш салуға, олардың өзіндік жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен даму үшін жағдай жасауға міндетті деп атап көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу қазіргі педагогикалық зертеулер нәтижелері көрсетіп отырғандай жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процессінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екеніне келіп тіреледі. Өйткені, дәстүрлі оқу үрдісінің нәтижесінде білім заңы талап етіп отырғандай, әр баланың мемлекеттік стандарттан төмен болмайтын білім алуын, олардың міндеттері мен құқықтарын қамтамасыз ету мүлдем мүмкін емес. Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласында жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын алайда, соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады. Бүгінгі күні әр түрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғаны байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің рөлін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерінәртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелермен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен жәгне әртүрлі атаулармен енгізіледі де , олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалаудың демократияландыру және ізгілендіру ұстанымдары оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелік жүйесінің, яғни оқыту және тәрбиелеу мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен құралдарының біртұтас және жүйелілік өзгеруін көздейді. Осындай мазмұнды әдістемелік жаңартудың негізінде дәстүрлі «үйретуші» балабақшасының орнына шығармашылық пен жасампаздыққа негізделген жаңа мектепке дейінгі мекеме модельі өмірге енуі тиіс. Білім мазмұнын қалыптастырудың осындай жаңа жолдарын қолдану нәтижесінде балаларды мектепке даярлауды интенсивтендіру мен оңтайландыруға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістерінің үйлесімділігі артып, оқытудың тиімділігі күшейеді. Сондықтан да, балалардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана сезімін дамытып,алғыр тұлғаны қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде инновациялық технологияларды қолдану үлкен жетістіктерге жетелеуде.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде – білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Бұл міндетті шешу үшін әр бір балабақша ұжымы, әр педагог тәрбиеші күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарынодан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарыніздестірулері қажет. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелеріміздің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелер басқада білім беретін институттар сияқты қоғамдық қатынастарда жұмыс істегендіктен, оның жағдайы көптеген сыртқы факторлармен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының сипатымен анықталады. Қоғамымыздағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, педагогтардың және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еріндік берді. Педагогтардың алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттарымен сұраныстарына жауп беретін, жоғары деңгейде баланың жан-жақты дамуына әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр. Осындай тарихи кезеңде адам мен мемлекеттің қарым-қатынасының мәні өзгереді. Нарықтық жағдайда ол жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігінің өсуне қызмет етуге бағытталды.

Мектепке дейінгі педагогика адамзаттың сұраныстарынан қалмауға тырысады, оқыту мен тәрбиенің қиындығы мен қайшылықтарын алдын-ала білуге ұмтылады, сонымен бірге білім беру жүйесінің жүйесінің дамуына қоғамдық мүдделер негіз болады. Қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер әлеуметтік тапсырысты құрайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқытудың мәселесін қарастыра отырып В.Никитин былай атап өтеді: «егер мектептерді мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің баланы мектепке дайындау деңгейі қанағаттандырса, енді инновациялық мектептердің пайда болуы баланың жеке тұлғалық, танымдық, ойлау белсенділігі түрлі қызметтерде өздігінен сауалдарды шеше алатын сапасы жаңа талаптарды ұсынады».

Бұл өз кезегінде білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде жаңа технологиялармен жұмыс істеу бағытының өзгеруін қажетсінеді. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында тәрбиешілердің оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін жаңартуды түсіндірудің және ынталандырудың ерекше маңызы, мәні келесі ұғымдарды ашуда болып отыр.

Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын Отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданған жоқ. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Білім берудегі кез-келген техниканың өзегі Я.А.Коменскийден кейінгі педагогикалық технология элеметтерін Г.Песталоций еңбектерінен кездестіруге болады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетеді. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымының энциклопедияларда да, сөздіктерде де әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.

Инновация ұғымы жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте «новация – бір нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандайда бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық » ретінде пайымдалады.

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып «жаңарту», «өзерту», «жаңашылдық», «жаңалық» деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану. Бұл ұғымдар К.Ангеловский, В.Загвязинский, В.Ляудис, Л.Подымова, М.Поташник, А.Пригожина, В.Сластенин, Т.Шамова, Н.Юсуфбекова сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен ашылған.

Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Н.Нұрахметов.Ғалым «инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Ал, Қ.Құдайбергенова «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп төменднгідей аудармалар жасаған «инновация» - жаңалық, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «новшество» - жаңалық, «инновационныйпроцесс» - жаңарту үдерісі. Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғалымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория жуырда ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде. Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.

Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:



  1. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зеттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.

  2. Ойлап табу кезеңі, яғни қандайда бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.

  3. Жаңалықты енгізу кезеңі,мұнда ойлап табылған жаңалық іс жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады.

Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынандай кезеңдер орын алады:

  1. Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңіненқолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.

  2. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі,мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.

  3. Жаңалықтың қолдану аясын қысқарту кезеңі,мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитығынан көрінеді

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), инструменталдылығы (басқарылғыштығы), инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде инновациялардың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді: білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар.

Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы экзогенді (жүйеге сырттай қатысты) факторлармен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады деп нақты айта аламыз.

«Білім беру»- оқыту нәтижесі. Тура мағынасында ол оқып-үйретілетін пән туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат пен қоғам жайындағы ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.

Технологиядеп әдетте алдын ала берілген қасиеттерге ие материал алу мақсатында бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін айтады. Көптеген ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология болады, не болмаса өнер болады деп атап өтеді. Өнер интуицияаға негізделсе, ал технологияғылымға негізделеді. Технология деген сөздің өзі грек тілінен туындап, «tache» - өнер, шеберлік, «logos» - ғылым,заң дегенді білдіреді. Сонымен біз «инновация», «білім беру», «технология» ұғымдарының мәнін ашып көрсете отырып, өз тұрғымыздан осы үш ұғымның бірлігінде «инновациялық білім беру технологияларына білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін қамтамасыз ететін арнайы жобаланған, әзірленген жаңа енгізілімдерді оқу үрдісінде іске асыру біліктерінің жүйелі жиынтығы» деген анықтама бердік. Сондай-ақ «инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де толық жасалмағандықтан, біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева және Қ.Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалптастыру, қолданылу, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір тәрбиеші үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық болса басқа тәрбиеші үшін өтілген материал тәрізді. Инновациялық мәселелермен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларынқарастырып, талдай келе бізбұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үдерісіті «жаңа әідістеме құралы» деп ұғатын боламыз.

Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады. Дамудың жетекші факторына байланысты технологияларды төменднгінше бөлуге болады.


  • психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратын – биогендік технологиялар;

  • жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне, оқып үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын – социогендік технологиялар;

  • даму нәтижесі адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысты анықталады дегенді жақтайтын - психогендік технологиялар;

  • жеке тұлға және оның қасиеттерін материя емес деп ұғындыратын - идеалистік технология;

Жаңа технологияны оқып үйренудегі әрекет түрлерінің психологиялық аспектілері:

  • Заттық (материалданған әрекет)

  • Дауыстап сөйлеу

  • Іштей сөйлеу

  • Үйреншікті әрекет кезеңі

Инновация білім деңгейінің көтерлуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңдегі ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Н. Апатова, М. Поташкин, В.Я. Ляудис т.б. ғалымдар тәрбиешінің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы – мектепке дейінгі мекеме жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен, тәрбиешінің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде педагог суъект динамикалық үдерісі тәрбиешіден шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, тәрбиешінің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектепке дейінгі мекеме, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл - тәрбиеші педагог арасында қарама-қайшылық туындайды. Қазіргі кездегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын білгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Әдебиеттер тізімі:

1.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010ж.

2.ҚР «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.

3.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.

4.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2007.
Аннотация. В статье рассматриваются психолого-педагогические основы использования инновационных технологий в учебно-воспитательном процессе детских дошкольных учреждений.

Аnnotation. The article examines the psychological and pedagogical foundations use of innovative technologies in the educational process of preschools.

ӘОЖ 37.022:37
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ, Ж. БАЛАСАҒҰНИДІҢ, М. ҚАШҚАРИДІҢ ТӘЛІМ - ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ
Е. Асатова

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Тәуелсіз Қазақстандағы жаһандану үдерісі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар алдына түбегейлі реформалау міндетін қойып отыр. Әлемдік өркениетке ену жағдайында түбірлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің негізінде ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғыртудың мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қажеттілігі туындап, педагогика ғылымын әрбір халықтың ұлттық ерекшелігіне сай жетілдіру мәселесін қарастыру көзделуде.

Кеңес дәуірінде педагогика ғылымы шектен шыққан идеологиялану нәтижесінде үлкен дағдарысқа ұшырағанын жоққа шығаруға болмайды. Педагогиканың идеологиямен етене теңестіріліп, түгелінен мемлекеттік бола түсуі әлеуметтік шындықтың нақты қайшылықтарын сыни және объективті түрде талдау мүмкіндігін шектеді. Педагогика ғылымының тұжырымдамаларын қоғамдық өмірдің ағымын өзгертуге болатын әлеуметтік технология ретінде қолдану бұрынғы кеңес заманындағы педагогикалық білімнің тиісті деңгейде дами алмауына себепші болды.

Педагогика ғылымы саласындағы дағдарыстың себебі болатын тағы бір құбылыс рухани мәдениеттің бедерсізденуі болып табылады. Бұл үрдістер қазақ халқының ұлттық дүниетанымының өзіндік қайнар көздері мен түп-тамырларын елемеуге әкеліп соқтырды. Педагогикалық ілімдер тәрбиенің абстрактылы, қайшылықсыз үлгілері ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайлар ресми мәдениеттің идеологияланған кеңістігінде ғана қалыптасуы мүмкін еді. Ал нақты өмірде, әсіресе қазақ халқының бай рухани әлемімен және ұлттық психологиясымен түйіскенде бұл теориялар әр түрлі қайшылыққа толы қорытындылар жасайтыны айғақталды. Сырт көзге дұрыс болып көрінетін абстрактылы қағидаттар халықтың тіршілік әлемінен, тәрбие ортасынан оқшау тұрғандықтан, өзінің дүниетанымдық маңыздылығы мен әлеуметтік құндылығын жоғалта бастады.

Педагогикалық теорияның мемлекеттік идеологияның ықпалында болуы, ұлттық рухани мәдениеттің ерекшеліктерін елемеушілігі отандық педагогикалық ілімнің әлемдік педагогикалық бірлестіктен оқшаулануына алып келді. Әлемдік педагогикалық мектептердің негізгі бағыттарымен идеялық текетірестік жағдайында болу өзара тиімді дүниетанымдық және әдіснамалық үнқатысуды жүргізу мүмкіндігін шектей түскен болатын. Біздің педагогиканың томаға-тұйықтығы тәрбие мен білім беру мәселелерінің практикалық шешімін іздеуде догматизм мен әдіснамалық әлсіздікке әкеліп соқтырды. Екінші жағынан, педагогика ғылымындағы осындай қайшылықтардың тамырлары әлеуметтік жаттану үдерістерімен астасады. Бұл адамның меншіктен жаттануы, өзінің ұлттық тарихы мен халықтық педагогикасынан жаттануы, тіпті адамның өз мәнін, тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін жатсынуы болып табылады. Соның салдарынан адамдар әлеуметтік үдерістердің қарапайым құралы мен объектісіне айналды. Сондықтан қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында халқымыздың рухани ахуалына сәйкес педагогика ғылымы өз мазмұнын әлеуметтік жаттануды еңсеру жолдары мен ерекшеліктерін анықтауға бағыттауы тиіс. Мұның өзі біздің ұлттық болмысымызға сай қазақ педагогикасының әдіснамасын жасауды қажет етеді. Қазақ педагогика ғылымы әлемдік педагогика тұрғысынан қазақтың ұлттық рухы, менталитеті мен тәрбие ерекшеліктерінің қалыптасуы мен даму тарихын тұжырымдай отырып, өз бойында әлемдік мәдениеттің жетістіктерін жинақтап, жалпыадамзаттық тәрбие тәжірибесін танытатын ғылым болуы тиіс.

Педагогика ғылымының әдіснамасы философия заңдылықтарына сүйенетіні белгілі. Философиялық ғылымдар педагогикаға тәрбиенің мағынасы мен мақсатын анықтауға, адамзат болмысы мен ойлауының жалпы заңдылықтарының әрекетін дұрыс түсінуге көмектеседі, ғылым мен қоғамда болып жатқан өзгерістер туралы шұғыл ақпарат бере отырып, тәрбиенің бағытын нақтылауға жәрдемдеседі. Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Педагогика материалистік диалектиканың қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы және терістеуді терістеу сияқты негізгі заңдарын тәрбие, білім беру және оқыту процестерінде шығармашылықпен пайдалануды көздейді.

Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай халықтық педагогика мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз қазақ педагогика ғылымын дамыту барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек, қателесетініміз анық. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, қазақ педагогикасын шығыс педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру деңгейіне қол жеткізуіміз керек.

Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, «жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деген халық даналығын санасына ұлы қағида ретінде түйген зиялы ойдың иелері қазақ халқының этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар екендігін барша әлемге мойындату үшін күш жұмсауда. Қазақ халқының арғы тегі Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі түркі халықтарының әлемдік руханиятқа үлес қосуына Еуразия құрлығындағы Ұлы даланы мекендеген халықтардың көшпелі мәдениеті мен тәрбие тәжірибесі, ислам дінінің озық тәрбиелік идеялары, ежелгі түрік, византия, араб, парсы, үнді, қытай мәдениеттері тоғысқан Түркістан жеріндегі Қарахан мемлекетінің саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлары әсер етіп, барлық адамзат баласын талай ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан адам мен оның тәрбиесі туралы ілімнің қыр-сырын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпы адамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды.

Әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі...». Осы анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. әл-Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын «білім беру» ұғымы да қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы» деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы «білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып-үйренілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара байланыс табады.

Қазіргі кезде педагогиканың негізгі ұғымдарына «тұлғаны қалыптастыру» ұғымы да жатқызылады. Себебі, бүгінде білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты, бірінші кезекке оқушыларда пәндік білім, білік, дағдыны емес, оның тұлғасын қалыптастыру қойылып, тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыру көзделуде. Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама әл-Фараби былай анықтайды: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады». Ізгілендіру әл-Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлерімен айқындап кеткен. Міне, бүгінгі таңда әл-Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр.

Әл-Фараби еңбектерінде дидактикалық принциптердің тұжырымдалуына да орын берілген. Дидактикалық принциптердің оқытудың жалпы мақсаты мен заңдылықтарына сәйкес оның мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайтын негізгі қағидалар екендігі қазіргі педагогика ғылымында белгілі. Әрбір дидактикалық принцип белгілі бір әдіснамалық ұстанымға сәйкес келеді. әл-Фарабидің педагогикалық жүйесіндегі бір ерекшелік — ол әдіснама мен әдістеме мәселелерін тығыз байланыстырып, тұтастырып отырады. Мұндағы оның ұстанған дидактикалық қағидасы: «білімнің бастамасы — болмыстың бастамасына сай келу» туралы қағида. Бұл қағида логикалық ойлау әдістерімен тығыз байланыста теориялық ғылым жасауға, оны дидактикалық түрде орналастыруда жаңа ғылыми-педагогикалық әдісті тудыруға мүмкіндік береді. Осындай әдіс арқылы әл-Фараби кез келген пәнді әдіснамалық тұрғыда дұрыс баяндау үшін оның негізгі принциптерін - бастамаларын ашып көрсетуді бірінші кезекке қояды. Әл-Фараби еңбектерінде ғылым мен философияны оқып-үйрену үшін жекелеген әрекеттерден, тәсілдерден тұратын оқыту әдістері нақты тұжырымдалып, білім беру, оқыту және адамдар арасындағы ой алмасу үдерісі кезінде танымдағы тіл мен тәжірибенің маңызды ролін ашып көрсету арқылы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерінің мәні анықталады, сонымен бірге музыка, сөз өнері, философия және басқа да ғылым салаларын оқытудың құралдарына мазмұндық сипаттама беріліп, олардың атқаратын қызметі ашып көрсетіледі. Сонымен әл-Фарабидің еңбектерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талдау, оның тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірлерін жинақтап, қорыту ғұламаның педагогика ғылымының барлық салаларын қарастырғанын айқындайды. Мұның өзі ұлы ұстаз, кемеңгер ғалым, ғұлама ойшыл әл-Фарабиді педагогика ғылымының негізін салушы деп атауға толық негіз бар екендігінің шынайы дәлелі болып табылады.

XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: 1) «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; 2) әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; 3) ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан-дүниесіне рухани күш дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. Ғұламаның «Кітап атын «Құтадғу білік» қойдым – Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың» деген ой-пікірі дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша түседі.

«Құтты білік» дастанында кейіпкерлердің символикалық сипаттары арқылы берілген төрт жетекші педагогикалық идеялардан өрбитін тағылымдық құндылықтар тәрбие мақсатына қол жеткізудің көзі болып табылады. Олар: әділдіктің бейнесі Күнтуды Елік патша арқылы берілген бұлжымас әділ заң мен тура жол; патшаның уәзірі Айтолды бейнесімен берілген бақ-дәулет, ырыс-байлық; уәзірдің баласы Өгдүлміш арқылы берілген ақыл мен парасат; уәзірдің жұрағаты тақуа жан Одғұрмыш бейнесі арқылы берілген қанағат, ынсап, барға риза болу, сабырлылық. Тұлғаның үйлесімді дамуы осы төрт құрылымдық компоненттің өзара бір-бірімен тепе-теңдігінен көрінеді – «төрт құбыласы тең». Осы төрт құбыланың біреуі бұзылған жағдайда немесе олардың дамуында тепе-теңдіктің болмауынан тұлға тұтастығының үйлесімділігі болмайды. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни тұлғаның осы қасиеттері халқына адал қызмет етіп, елінің ертеңін ойлайтын азаматтарға тән болу керектігін көрсетеді. Бұл тәлімдік идеялар қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыру мақсатымен өзара байланысып, бүгінгі таңда маңыздылығы артып отыр. Осы тұжырымдама қазақ халық даналығындағы «сегіз қырлы, бір cырлы» нақыл сөзімен байланысып төрт құбыланың (психологиялық-физиологиялық, әлеуметтік-нормативтік, когнитивтік, рухани-адамгершілік) қиылысуы мен ажырамастығын бейнелейтін тұлғаның сегіз қырын ашып көрсетеді.

Дастанда оқытудың теориялық негіздері (дидактика) сол уақыттың талабы тұрғысынан өте жоғары деңгейде айқындалған. Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, білік, дағды ұғымдарының мәні ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеяларында көрініс тауып, өзіндік мағына мен мазмұнға ие болады. Оны 1-кестеден көруге болады.



Кесте 1

Ж.Баласағұни еңбегіндегі «білім, білік, дағды» ұғымдарының анықтамалары


Білім

«Білім – інжу, түбінде – анық, қойма сан»; «Ақыл, білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер болса, істет, ұшып көкке шық»; «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, нұрын саған шашатын»; «Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас, еш қарақшы, ұрыға да тоңалмас!», т.б.

Білік

«Ақылды-ұлы, біл, білімді-білікті, екеуі ұлы етер, қонса, жігітті»; «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса, сол білікті болады»; «Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, білімді сөз-шырын, жанның құнары»; «Білік мәнін біл, не дейді білген ер: білім білсең, бәле жүрмес іргеден», т.б.

Дағды

«Білік берді – адам бүгін жетілді, ақыл берді – талай түйін шешілді»; «Оқу-тоқу берер – білім, парасат, оның бәрі ақыл емес, қарасақ»; «Біліп сөйлеп, біліммен бу тіліңді, ұғып іс қыл бастағы ақыл-піріңді», т.б.

Ж.Баласағұни ардақтаған асыл қасиеттің бірі ақыл болса, дастанда білімнің мәні ақыл арқылы жинақталатын жанның қоры ретінде анықталады, яғни білімнің ең басты белгісі адамда ізденудің арқасында пайда болып, ақыл-естің қызметімен толысатын рухани қазына болып табылады. Білім дастанда бар жақсылықтың көзі саналады. Кісі құдіреті мен қасиеті таныммен десек, таным оқып-үйрену, білім алу барысында қалыптасады. Оқу мен білім алу адамның ең асыл танымдық әрекеті, өйткені білім адамды ізгілікке, адамшылыққа үйретіп, оның бойында адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Білімнің адам болудағы қасиетті көрінуі оның таным көзі болуымен байланысты. Дастанда білімнің мәні осы тұрғыдан терең ашып көрсетіледі, себебі, адам өмірі мен тіршілігінің мәні танып-білумен құнды болып есептеледі. Әрбір адам өзі мен дүниені танумен ғана өмірін мәнді етіп, арман-мұратына жетеді. «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» дей отырып, ғұлама бақытқа жетудің жолы білім екендігін баса айтады. Ж.Баласағұнидің педагогикалық тұжырымдамасынан оның білімге әр қырынан сипаттама бергенін айқындауға болады. Білімнің тағы бір сипаты ретінде ғұлама оның адамды құрметті, абыройлы ететіндігі, яғни адам білімімен беделді, құрметті бола алады деген тұжырым жасайды. Дастанның өн бойында білімнің құрмет көзі екендігі жиі айтылып тұрады. Бұл жерде ғұламаның өзі таныған ақиқатты жастардың санасына сіңіру қажеттілігін көздеп отырғаны анық байқалады.

Ж.Баласағұнидің еңбегінде дидактиканың көкейкесті мәселесі білім беру мазмұны қарастырылады. Білім беру мазмұны арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, білік пен дағдының қалыптасуы, ақыл-ойы мен сезімінің дамуы, таным арқылы көзқарастарының қалыптасуы жүзеге асырылады. Ж.Баласағұни білім беру мазмұнын білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет, дүниеге және қоршаған адамдарға қатынас құрайтынын негіздеп, мұның өзі дүниенің бейнесін қалыптастырудың әдіснамалық негізін, мәдениетті қайта жаңғырту мен сақтауды, мәдениетті дамытуды, еңбекке, оның нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін тұжырымдайды.

Ж.Баласағұнидің педагогикалық теориясын терең оқып-үйрене отырып, оның педагогика ғылымының шыңында тұруға лайықты ғұлама екендігіне көз жеткіздік. Ғұламаның адамзат қоғамы алдындағы маңызды үлесі - тұлғаны тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі бойынша барлық құндылықтарды игере отырып, ізгілендіру идеясына негізделген педагогикалық ілімді жасауы. Педагогика ғылымының қайнар көзі болып табылатын оның ілімі өзі өмір сүрген қоғам үшін де, қазіргі қоғам үшін де, болашақ үшін де өміршең, ешқашан құндылығын жоймайтын, аса бағалы еңбек болып табылады.

Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегін оқып-үйрену және теориялық тұрғыдан талдау бұл тек сөздік, немесе тілтану мәселелерін ғана қарастырған еңбек еместігін, онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі бойынша тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық тұжырымдамасы негізделгенін айқын көруге болады. Ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеялары өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған. Сондықтан оның педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі - орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі - «ұлылыққа ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», «біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақлақты насихатын ұстанған» ірі тұлға. Зерттеу барысында қазіргі педагогика ғылымындағы тәрбие мазмұнының М.Қашқари ілімінде тұжырымдалуы ашып көрсетіліп, теориялық тұрғыдан негізделді.

М.Қашқаридің педагогикалық тұжырымдамасының негізін дидактика мәселелері құрайды. Ғұлама арнайы «дидактика» терминін қолданып, оны педагогика ғылымының саласы – оқыту теориясы ретінде анықтамағанымен, оның еңбегінің өн бойынан дидактикалық мазмұн айқын көрініп тұрады. Дидактиканың қазіргі кезде арнайы ғылым саласы ретінде анықталып, оның заңдылықтары мен негізгі зерттеу мәселелері айқындалып отырған бүгінгі таңда М.Қашқаридің еңбегіндегі дидактиканың көрініс беруін аңғару қиын емес. М.Қашқари дидактикасын екі деңгейде қарастыруға болады: жалпы дидактика және дербес дидактика. Жалпы дидактика тұрғысынан алып қарасақ, біріншіден, ғұлама білім беру, оқыту, үйрету, пайымдау сияқты дидактиканың негізгі ұғымдарына анықтама берген, екіншіден, білім беру мазмұнын, оқытудың принциптерін, әдістері және құралдарын айқындаған. Білім беруді ғұлама адамзаттың жинақтаған тәжірибесін, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі деп біліп, соған сәйкес барлық материалдарды өз еңбегіне арқау етеді. Оқытудың мұғалімнің басшылығымен іске асырылатын іс-әрекет, соның нәтижесінде адамның жан-жақты дамуы, білім, білік, дағдыны игеруі көзделетінін анықтайды. Мұның дәлелі ғұламаның оқыту, білім беруге берген түсініктемелері мен ой-тұжырымдары болып табылады:

Ерендер озған еді (өткен еді),

Таудай білікті, өнерлі бектер еді;

(Олар) көп насихат - өсиет айтты,

Көңілім содан сара болады.

Өсиет алғын білге ерен сөздерінен,

Ізгі сөз қастерлесе ділге сіңер!

Иемді мақтармын,

Білікті топтармын;

Көңілді түптермін,

Үстіне өнер үйілер.

М.Қашқари еңбегінде ғылымның әр саласынан білім беру көзделген, егер білім берудің басты қызметі алдыңғы ұрпақ өкілдерінің жинақтаған тәжірибесін жеткізу болса, ғұлама ең алдымен, білім берудің осы қызметін іске асыруды мақсат етіп қойған. «Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған «Диуани лұғат-ит-түрк» деген ат бердім» дей отырып, өз оқырманына түркі өркениетінің тарихы, тілі, әдебиеті, географиясы, қоғамы және өмір салты туралы білім беруді көздейді.

Қазақ халқы өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып, қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан қазіргі жаһандану дәуірінде көненің көзіндей болып, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен педагогикалық мұраларымызды өзара ықпалдастық пен тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырудың маңызы өте зор. Біз зерттеу барысында әлемдік мәдениеттің көшбастаушылары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің және М.Қашқаридің еңбектеріне жан-жақты, әрі терең тарихи-педагогикалық талдау жасау негізінде олардың педагогикалық ой-пікірлерінің арасында өзара ғылыми үндестік пен мазмұндық ықпалдастықтың бар екенін анықтадық. Оның дәлелі әл-Фарабидің трактаттарының, Ж.Баласағұнидің «Құтты білігінің», М.Қашқаридің «Түрік сөздігінің» мазмұнына арқау болған педагогиканың басты ұғымдары, жалпы педагогиканың негіздері, тәрбие теориясы мен дидактика мәселелері болып табылады. Ғұламалардың педагогикалық теорияларындағы өзара ықпалдастық педагогика ғылымының тамыры тереңге жайылғандығын аңғартады.

Ақыл-парасат жалғастығының көрінісі әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ой-тұжырымдарының өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл ағартушылардың тәлім-тәрбиелік идеяларымен үндестік табуы болып табылады. Қазіргі қазақ педагогика ғылымының тарихы тұрғысынан алып қарастырсақ, ғұламалардың негізгі тәлім-тәрбиелік идеяларының өзара түйісіп, бір-бірімен сабақтасатын тұсы адамшылық, адамгершілік және ізгілік принциптеріне негізделген тәрбие мазмұнының көрінісі екені анық. Жалпы түркілік дәстүрге, ерекшелікке сәйкес келетін тәрбие мазмұнының ізгілендіру идеясына сүйенуі заңды құбылыс. Өйткені, ізгілендіру идеяларын Орхон-Енисей жазбаларынан да, Қорқыттың аңыздарынан да, кемеңгер әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари педагогикасының мазмұнынан да, олардан кейін өмір сүрген шығыс ойшылдарының, қазақтың ұлы ағартушыларының, алаш қайраткерлерінің еңбектерінен де табуға болады. Сондықтан әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларын кейінгі дәуірлердегі ойшылдардың көзқарастарымен сәйкестендіре, салыстыра қарастырғанда этикалық принциптерге назар аударуымыз орынды деп есептейміз. Жалпы, этикалық принциптердің Шығыстық менталитетте жетекші роль атқаратынын ескерсек, қазақ педагогикасының құдіретті күші өскелең ұрпақтың бойында адами құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған даналыққа, парасаттылыққа деген құштарлық болып табылатынын баса айтуға болады.

Мемлекетiмiздiң ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуi қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы мен дамуына байланысты жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдалануға ұсынылған жаңа оқу құралдары мен тың зерттеулердің нәтижесінде жасалынған арнайы курс бағдарламаларының дүниеге келуіне себепші болды. Олардың мазмұнын оқып-үйрену және талдау әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық мұрасы бойынша педагогика тарихының мазмұны толықтырылғанымен, әлі де болса олардың педагогика тарихында алатын орны нақты анықталмай отырғандығын аңғартады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Білікті маман даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп. - 2006. - №7. - Б.11-13.

2.Әл-Фараби – қазақ педагогика ғылымының негізін салушы // Қазақстан және Ресей: ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен білім беру интеграциясы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Т.1. – Көкшетау, 2006. - Б.201-205.

3.Ж.Баласағұни тәрбие мақсаты туралы // Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- Т.2. – Тараз, 2007.

4.Әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі негізгі ұғымдар // Қазақстан жоғары мектебі. - 2007. - №1.

5.Махмұт Қашқаридің педагогика ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі // Ұлт тағылымы. -2007. -№1. - Б.29-32.


Аннотация. Сегодня, когда Казахстан на пороге социально-экономических обновлений и политической демократизации, назрела необходимость анализа истории становления и развития казахской педагогической науки. Обращение к истоку современной казахской педагогической науки, ценностям мировой цивилизации предполагает преемственность развития современной науки, соотношение культурного развития каждого народа с развитием всего человеческого сообщества..

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет