Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет5/20
Дата05.11.2016
өлшемі5,84 Mb.
#906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Әдебиеттер тізімі:

1.Валеологический процесс в педагогике как фактор воспитания личности // Наука и образования Южного Казахстана. Шымкент, 2006. №4 (53), с.26-28.

2.Предпосылки формирования здорового образа жизни. Международная научно -практической конференции на тему: «Актуальные проблемы педагогического образования». Шымкентский социально- педагогический университет. Шымкент, 2006. С. 206-208 .

3.Некоторые вопросы о готовности учетеля к реализации инновационных технологий. Международная научно-практическая конференция “Инновационные технологии формирования ЗОЖ в современных условиях”, 2011г. , г.Шымкент


Аннотация. Вопросы формирования здорового образа жизни, как одного из приоритетных направлений развития современного общества является актуальным. Формирование здорового образа жизни учащихся должны стать одним из основных направлений современной системы образования.

Аnnotation. The considered problems of formation healthy way of life, as one of priority a direction of development modern society causes scientific-theoretical and practical researches in the field of its preservation, formation and development. Formation of a healthy way of life of pupils should become one of the basic directions of a modern education system. One of the ways of the decision of the put forward problem use is conducted by the means of healthysafe technologies, approaches of development healthysafe technologies in formation of a healthy way of learners’ life

ӘОЖ 43.21:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ

ЗАҢДАРЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
А. Рахимбаева

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Деректану ғылымының талаптарына сай, тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды жазба дерек көздерінің бірі болып табылатын заңнамалық актілердің пайда болуының объективтілігі мен алғышарттарын анықтау, олардан тарихи оқиғалар немесе қоғамдық құбылыстар туралы шынайылық деңгейі жоғары мәлімет ала білу қажеттілігігінен туындайды. Басқа да деректер немесе дерек көздері сияқты нақты заң актісі немесе заңнамалық актілер де қоғамдық қажеттіліктен немесе белгілі бір объективті оқиғалардың, құбылыстардың және процестердің салдарында пайда болады. Сондықтан, олар өз бойында сол өздерінің пайда болуына әсер еткен қоғамдық сұраныстар немесе оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер сақтайды.

Бұл, басқа да функцияларымен қатар, тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының дерек көздері міндетін де атқара алатын заң актілеріне де қатысты аксиома. Өйткені тәуелсіздік тарихы, басқа да дерек көздерімен қатар, заң актілерінде де бейнеленген. Демек, өзіндік ерекшеліктері бар жазба құжаттық дерек көздері ретінде заңнамалық актілердің пайда болуының объективтілігі мен алғышарттарын анықтау, тәуелсіз Қазақстан Республикасының шынайы тарихының осы бастан дұрыс бағытта зерттеліп, жазылуының басты факторларының бірі болып табылады. Сөз жоқ, тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды жазба дерек көздерінің бірі ретінде пайда болған заңдардың немесе заң актілерінің пайда болуының объективті негізі, ол Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы болса, негізгі алғышарты КСРО деп аталған алып империяның күйреп, еліміздің өз тәуелсіздігін алуына байланысты, сол тәуелсіздікті нығайту, жаңа құқықтық мемлекет құру арқылы тәуелсіздігімізді баянды ету болған. Сондықтан, нақты заң актілерінде немесе заңнамалық актілерде Қазақстан Республикасының пайда болуының алғышарттары, пайда болуы, қалыптасу және даму тарихы туралы аса құнды мәліметтер сақталынған. Демек, нақты заңдардың немесе заң актілерінің пайда болуының объективтілігін және алғышарттарын анықтап, не себептен және қалай қабылданғандығына, яғни заңдардың дерек көздері ретінде жасалу және қабылдану процесіне талдау жасау, Қазақстан Республикасы тарихының әр түрлі кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтай түсуге, жалпы алғанда ел тарихының осы жылдар аралығында жүріп өткен жолын нақтылай түсуге мүмкіндік берері анық.. Әрине, заң ең алдымен қоғамдағы әлеуметтік қатнастарды реттеуші механизм ретінде пайда болып, қоғамдық тұрақтылықты сақтаушы міндетін атқарады. Әсіресе, қоғамдық қатнастарды демократияландыру арқылы құқықтық мемлекет құруға бет алған Қазақстан халқы үшін заңның маңызы күннен күнге арта бермек. Сондықтан да, қоғам мүшелері үшін заңды білудің және заңдылықты сақтаудың маңызы өте үлкен. Әр бір қазақ үшін, өзін Қазақстандықпын деп есептейтін әр бір азамат үшін жалпы заңды, әсіресе

Конституцияны білудің, оның талаптарын орындаудың қаншадықты маңызды екендігі туралы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев, ХҮІІІ ғасырдың аса ірі мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алуға арналып, 1993 жылғы мамырдың 28-інде Ордабасыда өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: “Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты. Құқықтық мемлекетке, демократиялық қоғамға тән заңдылық қағидсын қатаң сатай алсақ қана, ол борышты адал ақтап, ол мақсатқа қапысыз жете аламыз. Конституцияны білу, заңдылықты сақтау – құқықтық мемлекет құрудың бірінші шарты. Әз Тәукенің тұсындағы қазақ қауымының дәуірлеуі ең алдымен осы заңға жүгінуге байланысты болғанын ұмытпағанымыз жөн. Заңды жетік білмейінше, оны сыйламайынша, берік ұстанбайынша, біз өмірдің қай саласында да қиыншылықтан арыла алмаймыз” деді.. Дегенмен, заң, тек құқықтық мемлекет құрудың құралы ғана емес, сонымен қатар, сол құқықтық мемлекет құру тарихының дерек көзі міндетін де атқарады. Өйткені, біздегі құқықтық мемлекет құру тарихы, ең алдымен, сол заңдарда бейнеленген. Бұл ретте біз тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихына қатысты заң актілерінің пайда болу алғышарттарының бұрынғы КСРО қойнауында пісіп жетілгендігін ерекше айтуымыз керек. Өйткені, КСРО сияқты алып империяның күйреп, басқа да бұрынғы Одақтас республикалар сияқты Қазақстанның да өз тәуелсіздігін алуына мүмкіндік берген заңдық негіздер, сол КСРО-ның кезінде дүниеге келген болатын. КОКП-ның 1985 жылғы сәуір пленумынан кейін басталған қайта құру, жариялылық және елді демократияландыру процестері барысында қабылданған “ССРО Конституциясына (Негізгі заңға) өзгерістер мен қосымшалар енгізу” және “ССРО халық депутаттарын сайлау туралы” заңдар КОКП-ның да, КСРО-ның да күйреуінің басы болды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңдық негіздері де, сол КСРО қойнауында қалыптаса бастады және бірнеше кезеңдерден өтті. Мысалы, 1988 жылы 1977 жылғы КСРО конституциясына өзгерістер мен толықтырулар негізу туралы заңға сәйкес, жаңа жоғарғы билік жүйесі - халық депутаттарының съезі және тұрақты жұмыс істейтін КСРО Жоғарғы кеңесі қалыпасты.

Баламалы сайлаудың заң түрінде бекітілуі елдің саяси өміріндегі жаңа құбылыс болды. Жаңа конституциялық күші бар заң актілерінің негізінде 1989 жылдың көктемінде өткізілген халық депутаттарының бірінші съезіне сайлау мен халық депутаттарының бірінші съезінде-ақ үлкен өзгерістер болды. Съезде саяси биліктегі КОКП-ның монополиясын жою туралы сөз болып, ССРО Конституциясының жаңа жобасын жасау туралы шешім қабылданды. Бұл, тек, елді демократияландыру бағытында жасалынған алғашқы нақты қадам ғана емес, сонымен қатар, ол КСРО-ның күйреп, Одақтас республикалардың өз тәуелсіздігін алу бағытында да жасалынған алғашқы нақты қадам болды. Өйткені, елді заңдық негізде демократияландыру процесі экономикалық дағдарыстың күннен күнге тереңдей түсу мен КСРО халқының саяси белсенділігінің күннен күнге арта түсу жағдайында жүргізілді. 1989 жылы КСРО халық депутаттарының бірінші съезі тұрақты жұмыс істейтін екі палаталы парламент құрды. Бірақ, ол бұрынғысынша КСРО Жоғарғы Кеңесі деп аталынды. Дегенмен, Съезд және Жоғарғы Кеңес мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы болып табылды. 1989 жылдың күзіне қарай КОКП-ның басқарушы және бағыт беруші саяси күш ретінде өз мүмкіндігін толық тауысқандығы айқын болды. 1990 жылы КСРО халық депутаттарының үшінші съезі, бұрынғы КСРО халықтарының тарихында бірінші рет, кең көлемдегі өкілеттілігі бар КСРО президенті деген лауазымды енгізді. Сол съезде КСРО конституциясындағы КОКП-ның басқарушы және бағыттаушы құқығы көрсетілген 6-шы баптың күші жойылды. Ол елдегі бірпартиялық жүйенің жойылуын білдірді. КСРО көлемінде жүргізілген мұндай түбегейлі өзгерістердің бәрі де, сол мемлекеттің құрамдас бөлігі ретінде, Қазақстанға да тән болды.

Елдегі экономикалық және саяси дағдарыстың тереңдегені соншалықты, КСРО-ның саяси және экономикалық негіздерін өзгерту туралы пікір кең етек ала бастады. 1990 жылдың 14 наурызында қабылданған “Президенттік қызмет енгізу және ССРО Конституциясына (Негізгі заңға) өзгерістер мен қосымшалар енгізу” туралы заң мемлекеттің саяси және экономикалық негіздеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Заңға сәйкес елде Президенттік қызмет енгізіліп, меншіктің көптүрлі формасы мойындалды және де, ең бастысы, КОКП-ның монополиясы жойылды. Жоғарыда айтқанымыздай, КСРО көлемінде жүріп жатқан мұндай түбегейлі өзгерістердің бәрі де Қазақстанға да тікелей қатысты болды. Ол туралы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Әділеттің ақ жолы” атты кітабында: “Бұл процестердің бәрі де белгілі бір дәрежеде Қазақстанға да тән еді, оның өмірінің алуан түрлі салаларында өз көріністерін тапты” деп жазса, Президент қызметінің енгізілуі туралы “Мемлекеттік өкімет билігінің іргесі шайқалған құрылымын нығайтуға бағыттылған алғашқы әрі негізгі қадам елімізде Президент қызметінің енгізілуі, содан соң Министрлер кабинетінің құрылуы болды. Бұл бағытты республикалар да қолдады” деп жазды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің заңдық негіздерін қалыптастырудың алғышарттары осылай қалыптаса бастады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігінің заңшығарушылық іргетасының қалыптасуы бағытында жасалынған маңызды қадамның бірі 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Қазақ ССР-ның, Қазақ ССР-інде мемлекеттік биліктің жоғарғы органы Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесі болып табылады деп көрсетілген “Казақ ССР-і Конституциясына (Негізгі заңға) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы болды.

Заңға сәйкес Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне сайлау тәртібі өзгертіліп, Жоғарғы Кеңес Президумының мүмкіндігі шектетілді. Осы уақыттан бастап егеменді Қазақстанның жаңа конституциялық заңшығарушылықғының қалыптасу процесі басталды. Мысалы, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақстанда Президенттік қызмет енгізу туралы заң қабылданып, Қазақ ССР-нің тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Осы заңның негізінде республиканың мемлекеттік және қоғамдық құрылысында түбегейлі өзгерістер енгізілді, өйткені, Президенттік қызметтің енгізілуі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің монополиялық билігінің жойылуы және мемлекеттік құрылыста билік тармақтарын ажырату принципін бектіу жолында жасалынған алғашқы нақты қадам болып табылатын еді. Сонымен қатар, осы заңмен КОКП-ның басшылық рөлі жойылды. Саясаттаушы С. Барбосов пен К. Жаулин қазақ қоғамындағы түбегейлі саяси өзгерістердің бастауы болған “Қазақстанда Президенттік қызмет енгізу туралы” Заңның қабылдануының алғышарттары туралы:

“Біріншіден, Кеңес Одағының ыдырау жағдайында оның құрамындағы ұлттық аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды да, биліксіздену құбылысы жайлай бастады. 80-ші жылдардың аяқ шенінде басталған биліксіздену 90-шы жылдардың бас кезінде тіптен қауіпті шекке жетті...

Екіншіден, Қазақстанда биліктің жаңа түрі – президент институты елдің терең экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты. Әсіресе, экономикалық дағдарыс салдарынан ел халқының 50 пайыздан астамы кедейшілік пен қайыршылық деңгейіне түсті...

Үшіншіден, өкілді органдар мен жергілікті атқарушы билік органдары дағдарысқа төтеп беретіндей қызмет ете алмайтындықтарын көрсетті. Жоғарғы Кеңестің жұмысында митингілік, дау-дамайлық сипат басым болды...

Төртіншіден, Қазақстандағы саяси және экономикалық жүйенің алмасуы жағдайында өркениетті, демократиялық елдердің тәжірибесіне сәйкес келетін жаңа тұрпатты саяси жүйені қалыптастыру қажеттілікке айналды. Осындай кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін де Қазақстанға президенттік билік қажет болды...

Бесіншіден, елдің полиэтностық құрылымының, этнодемографиялық ахуалының күрделілігі Қазақстан халқын жалпымемлекеттік ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында топтастыра алатын, ұйытушылық қасиеті бар саяси биліктің болуын талап етті” деп, елдегі Президенттік қызмет туралы Заңның қабылдануының бес түрлі алғышарттарын атай келе, заңның пайда болуының объективтілігі туралы: “Тарихи саяси ахуал және экономикалық даму талаптары Қазақстанды президенттік билік жүйесіне алып келді. Сондықтан Қазақстанға Президент қызметін өмірдің объективті даму талаптарынан туған құбылыс деп айта аламыз” дейді.

Осылай, КСРО-да ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары орын алған терең экономикалық және саяси дағдарыстар Қазақстан тарихында да түбегейлі өзгерістердің орын алуына алып келді. Атап айтқанда, ел тарихындағы саяси биліктің жаңа формасы – Президенттік билік жүйесінің дүниеге келуіне негіз болған аталған Заң актісінің, тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының дерек көзі ретінде пайда болуының объективтілігі тікелей сол өзгерістерден туындады. Республикада орын алған осындай түбегейлі өзгерістер процесінің заңды нәтижесі 1990 жылы 25 қазанда “Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы” Декларацияның қабылдануы болды. Онда ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы, мемлекет территориясының тұтастығы, бөлінбейтіні және ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтіндігі және басқа да Республиканың принципті саяси-экономикалық құқықтары жарияланды. Тәуелсіздік тарихының аса маңызды дерек көздерінің бірі болып табылатын құжаттың қалай пайда болғандығы туралы, сол құжаттың негізгі авторларының бірі С. Сартаев: "Қазақ ССР-ның мемлекеттік егеменділігі туралы" қабылданған Декларация Қазақстандағы саяси-қүқықтық өмірдің жарқын беті ретінде алғаш рет дүниеге келді. Оны дайындауға Президенттік Кеңестің мүшесі С.С. Сартаев (топ жетекшісі), З.Л. Федотова, Н.И. Акуев, Т.С. Қабдрахманов секілді ғылым-қоғам қайраткерлері тікелей атсалысты. Декларацияның жобасын дайындауда Президенттік Кеңестің, Республика министрлер Кеңесінің және басқа да бірқатар қоғамдық үйымдар тарапынан түскен үсыныстар жан-жақты ескерілді. Сөйтіп, жоба 1990 жылдың 16-шы қыркүйегінде бүкілхалықтық талқылауға республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Оны жасаушылар, бәрінен бүрын, Қазақ ССР-ның сол кездегі аумақтық кеңістігіне қол сүғуға, оны бөлуге және оның өз келісімінсіз пайдалануға болмайтынына, сондай-ақ Қазақ ССР-ның басқа елдермен шекарасының өзгеруі тек сол елмен екі жақты келісім бойынша ғана жүргізілетініне баса көңіл бөлді” деп, еске алады. Дегенмен, “Қазақ ССР-ның мемлекеттік егеменділігі туралы” Декларация жобасын талқылау мейлінше күрделі жағдайда өтті. Декларацияның талқыланған мәтінінің соңғы нүсқасын әзірлеу үшін де депутаттардың келісімдік тобы қүрылды. Тек, содан кейін ғана, Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесі отыз күнге созылған талқылаудан соң 1990 жылдың 25-ші қазанында “Қазақ ССР-ның мемлекеттік егеменділігі туралы Декларацияны” қабылдады.

Декларацияның қаншалықты маңыздылығын, оның қандай жағдайда қабылданғандығын ҚазМ¥У-нің студент-жастарының “Өркен” газетінде жарияланған хатынан-ақ байқауға болады. Онда жастар ел Президенті Н. Ә. Назарбаевқа рахмет айта отырып: “Сессия жүмысы басталған алғашқы күндерде көкейімізге әлдеқандай күдіктің ұялағанын жасырғымыз келмейді. Бірақ кейін - Декларацияны талдау үстінде Ж. Әбділдин, С. Зиманов, Ө. Жолдасбеков, С. Сартаев, Ө. Жәнібеков, Ә. Кекілбаев секілді депутаттарымыздың терең ойлы, дәйекті, әрі ғылыми негізделген сөздерінен соң басқа да халық қалаулыларының оны қолдайтынына сенген едік. Дегенмен, кейіннен болған жүмыс тобындағы одан соңғы сессиядағы талқылаулар жағдайдың әлі де күрделі екендігін танытқандай еді. Талқылаудың алдында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың барынша негізделіп, мейлінше тұжы-рымдалып айтылған сөздері парламент мүшелерінің қай-қайсысының да жігерін жандырғандай болды.

Шынында да үзақ жылдар бойы қырғын-сүргіннен көз ашпайған қазақ халқы өз жерінде азайып кеткеніне өзі кінәлі ме еді. Сондықтан да біз қазақ халқын өз егемендігін алғаннымен қүттықтай отырып, еліміздің Президенті Нүрсүлтан аға Сізге, жүректері халқым деп соққан парламент мүшелеріне бүгінгі шын мәніндегі тарихи жеңіс қүтты болсын дегіміз келеді” - деп ҚазМҰУ-нің Ғ. Мүсірепов, Ж. Тәжиев, Р. Есенбеков бастаған 20-дан астам студенттері өз қуаныштарымен бөліскен. Өкінішке орай, 2007 жылы жарық көрген “Көркемсуретті Қазақстан тарихының” төртінші томында аталған Декларация тарихына қатысты бірнеше принципті қателіктер жіберілген. Біріншіден, кітаптың “Кеңес Одағының ыдырауы” деген тақырыппен берілген бетінде: “...Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін салтанатты түрде мәлімдеді” деп жазылса, келесі бетінде: “Декларация қабылданған күн – 25 желтоқсан “Республика күні” ретінде тойланады” делінген.

Біріншіден, егеменділік пен тәуелсіздіктің мағнасы екі басқа, олар синоним сөздер емес. Сондықтан, “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі” емес, “Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі” болуы керек еді. Екіншіден, “Республика күнінің” 25 желтоқсан емес, 25 қазан екені белгілі. Әрине, мұндай қарапайым қателіктің байқаусызда жіберілгендігі анық. Дегенмен, әңгіме Қазақстан Республикасы тарихының маңызды датасы туралы болып отырғандықтан оған көңіл аудармауға болмады. Елімізде қазіргі заңшығарушылықтың екінші кезеңінің басталуы ретінде Қазақстанның өзінің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын жариялаған 1990 жылдың 25 қазанын алуға болады.

Егемендік туралы декларацияда республикалық заң шығарудың басым тұстары көрсетілген арнайы бөлім енгізілді. Соның негізінде Қазақ КСР-ін өзгертіп, мемлекеттің атын Қазақстан Республикасы деп атау туралы және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заңдар қабылдады. Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 7-ші сессиясында М.М. Әуезов, С.З. Зиманов, А. Түрғанбеков, В.А. Брынкин секілді халық депутаттары Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атау туралы ұсыныс жасады. Ал, көптеген депутаттар Қазақ Республикасы деген атауы дүрыс деп табатындарын айтты. Мысалы, С. С. Сартаев: “Біздің республикамыз 1920 жылдың 4-ші қазанында өткен Қазақстан Кеңестердің бірінші қүрылтайында Қазақ Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасы болып жарияланған болатын. Барлық тарихи қүжаттарда республикамыз Қазақ Республикасы деген атауға ие. Сондықтан, мен республикамыздың жалпы аталуына нүқсан келтірмейтін нүсқаны үсынғым келеді, ол атауға идеологиялық үғым беріп түрған “Кеңестік Социалистік” деген екі сөзді алып тастап, Қазақ Республикасы деген атаумен аталуын үсынамын. Сонда бүл біздің барлық талаптарымызға сай болып шығады” - деді. С. С. Сартаевтың бұл ұсынысын халық депутаттары И.Н. Аймағамбетов, У.А. Жолдасбеков, Ж.М. Әбділдин, Н.И. Акуев, Н.М. Оразалиндер қолдады. Алайда дауысқа салғанда дауыстың үштен екісіне ие болған Қазақстан Республикасы атауы қабылданды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдағаны белгілі.

Мұндай маңызды Конституциялық заңның қажеттігі мен оның пайда болуының объективті алғы шарттары туралы С.С. Сартаев өзінің Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 7-ші сессиясында сөйлеген сөзінде: “Бұл күндері бұған дейін ешуақытта да күйремейді делініп келген империя тірегі, алып мемлекет Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жермен-жексен болғанына бүкіл әлем куә болып отыр. Оның құрамынан шыққан Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзербайжан, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан республикалары өздерінің егеменділігі жолына түсті. Ал, Ресей, Украина, Белоруссия жаңа тәуелсіз елдер достығын құрды... Осымен байланысты КСРО-ның аса ірі және адамзат тарихындағы жазалау жүйесін жүзеге асырып келген соңғы мемлекет болғанын және оның күйреуі біздің еліміздің халықтарын да шынайы демократияға, шынайы мемлекеттік пен мемлекет тәуелсіздігіне жол ашып түрғанын дәлелдеп жату керек пе? Бүкіләлемдік өркениет тәуелсіздікті елдің өз аумағында заң шығару, атқару және сот жүйесі жүмыстарын ешбір шетелдік биліктің ықпалынсыз жүргізу және халықаралық қатынастарда шет мемлекеттердің билігіне бағынбау деп түсінеді. Бір сөзбен, мемлекет тәуелсіздігі әрқашанда толық және үзілді-кесілді шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болуы керек...

Қандай мемлекет болмасын өз тарихында тәуелсіздікке қол жеткізген екен, оны әлем мемлекеттеріне жария етуі тиіс. Айта кетуіміз керек, әлі күнге дейін егемендігін жарияламай, құлаған КСРО-ның қүрамында отырған біздің республикамыз ғана. Сондықтан өз мемлекетіміздің егеменді ел екенін әлем жұртшылығына жариялаудың сәті де түсіп, уақыты да жетіп түр ғой деп ойлаймын” деді. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заңның қабылдану сәтін жұртшылық үлкен қуанышпен қарсы алды. Өйткені бұл қазақ халқының тарихындағы ең бір салтанатты және мәңгі ұмытылмас сәт еді. Осы бір жүрек тебірентер сәтті “Қазақстан Кеңесі” газеті: “... өмірдің өзі үлы драматург, оның қандай оқиғаны, қандай қисындар мен қайшылықтарды алдымыздан шығаратыны әрқашанда жүмбақ. Сөйткенмен де 16-шы желтоқсан күнгі алматы уақыты бойынша 18 сағат 14 минут қазақ халқының есінде ел егеменділігі жарияланған уақыт болып мәңгі сақталып қалды!!! Сессия жүмысының қайталанбас сәті. Жоғарғы Кеңес қаншалықты мәртебелі орган болғанымен де тәу-елсіздіктің мәртебесі одан да жоғары. Депутаттар орындарынан түрып салтанатты осынау жүлдызды сәтке қүрметтерін көрсетті... Электронды таблода дауыс беру қорытындысы жарқ етіп, жария болды. Президент Нүрсүлтан Назарбаев мінбеге көтерілді. Ол парламентті, республиканың барша тұрғындарын республика тағдырын анықтайтын Заңның қабылданғанымен құттықтап, депутаттардың асқан жауапкершілік танытқандарына ризашылық сезімін білдірді” деп бейнеледі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мүсірепов Ғ., Тәжиев Ж., Есенбеков Р. Т.б. Ашық хат // Өркен. -1990. - 27 қазан.

2.Көркемсуретті Қазақстан тарихы. - 4 том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007 - 312 б.

3.ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң. // Қазақстан Кеңесі. – 1991. - 26 қазан.

4.Нурпейсов Д. К. Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий. -Астана: Елорда, 2010.

5.Сартаев С. Елбасының ерлігін елі білсін. // Егемен Қазақстан. – 2005. - 15 желтоқсан


Аннотация. Испокон веков в любом государстве возникала необходимость регулирования общественных отношений, в связи с чем принимались соответствующие правовые решения. Наиболее важные и устойчивые общественные отношения регулировались законами, занимающими ведущее место в правовой системе. Исторически закон пришел на смену правовому обычаю (законы Хаммурапи в древнем Вавилоне, законы XII таблиц в древнем Риме, и др.).

Аnnotation. From time immemorial, in any state was necessary to regulate social relations , and therefore , appropriate legal solutions . The most important and stable social relations regulated by laws , occupying a leading position in the legal system . Historically, the law has replaced the legal tradition (the laws of Hammurabi in ancient Babylon, the laws of XII tables in ancient Rome , etc.).


ӘОЖ.215.6

САЛЫҚТЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ
Н.Н. Тулекова, К.Р. Абдурахманова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкелеп соғады мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжрибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптилистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезенде жарияланған негіздер жасау мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болды.

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жұйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Мемлекеттің мемлекетті басқару және және өзін- өзі басқару функцияларын жүзеге асыру барысында бюджет жүйесінің рөлі өте маңызды. Қазақстан Республикасында заңдық негізде ұлттық мемлекеттік бюджеттік жүйе құрылып даму үстінде. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде бюджет жүйесінің 85 %-ын салықтар құрайды. Кез келген мемлекет өзінің қаржылық негізінің болған кезінде ғана өмір сүреді.

Салықтар, баждармен қатар мемлекеттің өзіне ақша тауының ертеден келе жатқан әдісі болып табылады.



  1. Салық – бұл мемлекеттің бекітімі. Теке мемлекет қана азаматтардың салық салу режимін енгізе алады, оларға ақшаның белгілі бір сомасын бергізуге міндеттейді. Қазақстан Республикасында салықтарды төлеу міндеті азаматтардың конститутциялық міндеттері аясында белгіленген. Осы орайда мемлекет өзінің саяси билік субъектісінің өкілеттігіне сүйене отырып әрекет етеді. Белгіленген субъектісінің белгісі ретінде салық кез келген мемлекеттік емес міндетті төлемдерден айрықшаланады.

  2. Салық арқашан құқықтық нысанда ғана болады. Салықты қандай да бір заң, жарлық, дектер шығармайынша алу мүмкін емес. Бұл құқықтық акт жазбаша түрде жасалып, тиісті қолдар қойылы, мөрленіп заңдық күшке енеді. Салықтың құқытық нысаны оны төлемдердің, аламдардың, жарналардың кез келген түрінен ерекшелейді.

  3. Салық – бұл заңды белгіленген төлем. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарды заңда белгіленген салықтарды төлеуге міндеттейді. Азаматтар заңсыз белгіленген салықты төлемейді, ал төлеуге болматын салық болуы мүмкін емес.

  4. Салық мәжбүрлеу сипатына ие. Салықтың мәжбүрлеушілік кезі екі жағдайда көрінеді.Біріншіден, салық төлеушінің тілегі мен күшіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өзінің салықтық міндетін өз еркімсен орындамаса, одан ақшаны мемлекет күшпен немесе сот арқылы алады. Салықты алудың мәжбүрлі сипаты оны қайырылымдықтан, еркін қарыз беруден, мемлекеттік банктерде салымдар ашу, т.б. кез келген түрінен айрықшалайды.

  5. Салық міндетті төлем болып табылады. Шағын және орта бизнес экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы болып табылады. Сол себептен де оны мемелекет тарапынан қолдау ел экономикасың көтерілуіне жағдай жасайды. Салық саясатында шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесі салық Кодексі күшіне енген кезден бастап қолдау тапты. Атап айтар болсақ салық заңы бойынша еліміздегі шағын бизнес субъектілеріне, шаруа қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі қолданылады. Салықтар – бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.

Салықтың белгіленуімен сәйкес салық төлушіде мемлекет алдында нақты қаржылық міндет туындауы керек. Ол мұнда ақшаның белгілі бір сомасын мемлекеттке береді, ал шынай салық кещзінде өнімнің жарты бөлігін береді. Осы міндеттерді орындамау, біріншіден, осы ақшаларды мәжбүрлеп алуға, екіншіден осы субъектіні белгіленген жауапқа тартуға әкеп соғады.

Салықты төлеу міндеті оның төлемін қабылдау міндетімен сәйкестендірілген.

Салықтың экономикадық белгілері:

1. Салық – бұл материалдық төлем., яғни салықты төлеу әрқашанда салық төлеушінің мүлігін мемлекет пайдасына алуды көздейді.

Әдетте, әдебиеттерде салық ақшалық төлем ретінде сипатталады. Бұл қазіргі салықтық жүйелер үшін сөзсіз дұрыс, онда шынында да салық міндеттеріның заты ақша болып табылады. Алайда заттай салықтар да кездеседі. Ал табыс салығы субъектіні өсірілген, өндірілген, табылғандардың бөлігін мемлекетпен бөлісуді мәжбүрлеуден басталады. Мысалы, салық төлеуші мемлекетке өсірілген бидай өнімінің оныншы бөлігін беруге міндетті болған. Алайда , табыс салығының қазіргі кездегі құрылымдарында оның салық салу объектісі ақша түріндегі кіріс болып табылады, ал салықтың өзі де ақшамен төленеді. Барлық қалған салықтар бойынша да соны айтуға болады. Өкілеттік органның мемлшекет салығы бойынша берешегін өтегенде борыш қор млігіне өндіріп алу жасалуы мүмкін болаған жағдайда да салықтың ақша табиғатын өзгертпейды. Қзақстан Республикасының салық заңы да салықты төлеудің заттай түрін есепке алған. Жер қойнауын пайдаланушылардың тапқан өнімдерінің бөлігін мемлекет пайдасына өндіріп алу осыған мысал бола алады. Алайда, осы құрылымның біліктілігі салықтық негізде қате болып табылады. Осыған сәйкес шарт арқылы берілетін жер қойнауын пайдаланушының тапққан өнімінің блігін салық төлемі деп тану де қате болып табылады.

Бұл орайда, айтып отырғанымыз, «өнімді бөлу туралы шарт» деп аталған келісім. Бұл келісімнің шарты – жер қойнауын пайдалану құқығын бергені үшін төлем нысаны ретінде алынған өнімнің жатысын мемлекетке беруге міндетті екендігі.. Бұл орайда, келісім өзінің заңдық табиғаты бойынша кешенді түрдегі азаматтық-құқытық келісім-шатттарға жатады. Бұл келісімде мемлекет жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалардың иесі бола отырып, салық қатынастарына тән саяси биліктің субъектісі ретінде емемс, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 111-бабында қарастырылған азаматтық-құқықтық субъектінің рөлінде болып шығады. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар мемлекеттің меншігі болып табылатындығын да есепке алу қажет. Жер қойнауы, заң тілімен айтқанда «миниралдық шикізат» екі бөлікке бөлінеді: бір бөлігі жер қойнауын пайдаланушының өзінің меншігіне жатады, екіншісі – мемлекетте. Заттай салық кезінде салық төлемнің негізі заттар түріндегі мүлік болып табылады. Жеке анықталған зат төлем негізі бола алмайды, оны салық түрінде алу салықтың құқық қатынастарының тоқтауына әкелген болар еді.

Федералды бюджет кірістерінде екінші орынды алып тұрған ол - әлеуметтік сақтандырудын аударымдар. Еуропа мемлекеттеріндегідей аударымдарының басты бөлігі жұмыс берушіге жүктеледі. АҚШ-та ол жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшылар арасында теңдей бөлінеді. Салықтық қойылымдар жыл сайын бюджетті қалыптастыру кезеңінде өзгереді.

Кейбір штаттар, мысалы, Калифорния іскерлік бейсенділікке де салық салады. Ол салық 2 элементтен тұрады, яғни кәсіпорынның жалпы жылдық айналымына 1-2,5% шамасында салық және жалақы қорына 1,6% шамасында салық және жалақы қорына 1,6% шамасында салық. Яғни, жоғары да айтылғандай, штаттардың қаржысы азаматтардың табысына салықтан, корпорацияларға салықтан, саудаға салықтан және іскерлік белсенділікке салынатын салықтардан құралады.

АҚШ-та кейбір Еуропа елдеріндегідей, федералды салықтар федералды бюджетке, жергілікті салықтар – жергілікті бюджетке, аймақтық салықтар аймақтық бюджетке түседі. Қаржының ресурстарды қайта бөлістіру жоғарға деңгейлі бюджеттерден төмеңгі деңгейлі бюджеттерге субсидия, дотация, субвенциялар есебінен жүргізіледі.

Келесі, Германияның тәжірибесін қарастырсақ, Германияда үлкен көлемді салықтық түсім көздері бірден ікі немесе үш бюджетті қалыптастырады. Жеке тұлғалардан табыс салығы бұл- мемлекеттік кірістің негізігі көзі. Ол келесіде бөлінеді: түсімдерін 42,5%-ы федералды бюджетке, 42,5%-ы сол территорияға сәйкес бюджетке, ал қалған 15% жергілікті бюджетке түседі. Корпорацияға салықтың 50% федералдық бюджетке, ал қалған 50% тереториялды бюджетке түседі. Ал кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың 50% жергілікті бюджетке, ал қалған 50% федералды бюджетпен территориялды бюджетке түседі. Саудаға салынатын салықтар да үш бюджет арасында бөлінеді. Ал бірақ та олардың бөлінуіндегі қатынастар әр түрлі болуы мүмкін. Сауда салығы түсімдерді реттеу көзі ретінде қазмет етеді. Солардың есебінен территориялды бюджет пен федералды бюджеттердің қаржылық жығдайын теңестіру жүргізіледі.Әр 2-3 жыл сайын федералды және территриялды үкіметтің қаржылық органдару сауда салығын бөлістіру жөніндегі өзара келіссөздер жүргізіліп отырады.


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет