Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері



бет84/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
психология 14, Types of interface testing, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025
75. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері
ХХ ғасырдың басында Ресейде жаңа кезең басталды. Әсіресе, саяси өмірде. Қоғамды баурай бастаған революциялық қозғалысты, наразылықты тежеу, елді, жалпы, қамтыған энтузиазмды басқа арнаға бұру арқылы патшалық билік жаңа әдіс-айлаға көше бастады. Мысалы, 1905 жылғы қанды жексенбіден кейін патшалық билік елде демократиялық еркіндікті кеңейту, бұқараның пікірін білу, халыққа еркін пікір білдіру құқын беруге әрекет ете бастады. Солайша, патша Ресейде мемлекеттік Думаны, яғни Ресей парламентінің шақырылатындығын хабарлады. Империя өміріндегі осындай үрдіс қазақтың да құлағына жетті. Осы кезде Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене араласа бастады. 1905 жылы ел жайлауға шыққан кейін Қазақстанның түрлі аймақтарында патшаға арыз-тілек айту процесі басталып кетті. Ол туралы Ә. Бөкейханов 1905 жылдың жазын «арыз-тілек айту, петиция жасау жазы» деп атады. Жетісу аймағында, Солтүстік, Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстан аймағының түкпір-түкпірінде, жайлаудағы жәрмеңкелерде қазақ зиялылары орыс үкіметіне өздерінің арыз-тілектерін білдіріп, құжаттар жолдап отырды. Арыз-тілек, петицияда қазақ қоғамына ортақ проблемалар көтерілді. Әрине, ең алдымен, ауызға алынғаны жер мәселесі. Арыз-тілек иелері ХІХ ғасырдың соңына қарай сипат алған қоныс аударуға қарсылық көрсетті. Әсіресе, қазақ жеріне дендей еніп келе жатқан орыс переселендерінің толқынын тоқтатуды талап етті. Өйткені, бұл кезде, ХХ ғасырдың 1905-06 жылдары Қазақстанның әрбір өңірінде облыстық, уездік переселен мекемелері ашыла бастады. Олар қазақтың жарамды жерлерін алып, ішкі Ресейден келген қоныс аударушыларға беру ісімен айналысты. Яғни бұл кезде қазақтың жарамды жерлерден біржола айырылып қалу қаупі туды. Қазақ зиияллары «Қазақ даласын басқарудағы»17-бапты өзгертуді талап етті. Көтерілген арыз-тілектердің қатарында ең өзектісі ағарту мәселесі еді. Патшалық режимнің қатал, тар болғандығы соншалық, қазақтар мектеп ашу үшін, мешіт салуға міндетті түрде жергілікті орыс билігінен рұқсат алуға тиіс болды. Әрі орыс билігі дін мәселесіне шектеу қойды. Тіпті қазақтарды топ-тобымен христиан дініне өтуге мәжбүрледі. Соған жағдай туғызды. Түрлі экономикалық-саяси тетіктерді пайдаланды. Қазақ балаларына еркін, жүйелі түрде білім алуға кедергі жасап бақты. Қазақ тілінде білім беретін мектептер ашылмады. Ашылғандары – орыс-түзем мектебі деп аталды. Оларда сабақ негізінен, орыс тілінде жүріп, қазақ балалары өз ана тілінде замана талабына сай білім ала алмады. Білім жүйесінің қалыптаспауы мен түрлі шектеулерге байланысты қазақ балаларының көпшілігі сауатсыз болды, яғни жазу-сызу білмеді. Қазақ қоғамындағы саяси билік түгелдей орыс әкімшілігінің ықпалында болды. Ал қазақ қоғамындағы ең төменгі буын – болыстық билік орыс әкімшілігінің қолындағы қолжаулығы болды. Орыс әкімішілігінің еркін білдіруші, айтқанын орындаушы басқару тетігі болды. Міне елде осындай ахуал орын алып тұрғанда арыз-тілектерде осындай бағдарламалық мәселелер қойылды. 1906 жылы бүкіл Қазақстанда Мемлекеттік Думаға сайлау процесі жүрді. Алғашқы мемлекеттік депутаттардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов сияқты депутаттар болды. Әрине, алғашқы Думаға депутат сайлауда әділетсіздік орын алды. Әр аймақтың қазағынан бір-ақ депутат сайлану керек деп, олардың құқықтары есепке алынбады. Соның салдарынан Ә. Бөкейханов Петербургқа І Мемлекеттік Думаның жабылуына бірнеше күн қалғанда ғана жетті. Әрі І Думаның жұмысына белсенді араласа алмады. Ахмет Бірімжанов бел шеше жүріп атсалысып, І Думаның мінберінен Жер мәселесі туралы айта алды. Сондай-ақ ерекше тоқталып өтер мәселе – Орынбор губерниясынан сайланған депутат, түбі – казак, Ахмет Байтұрсыновтың досы, ескі танысы бірқатар депутатпен бірігіп Ресей үкіметіне арыз-тілек беріп, Қазақстандағы жер мәселесін, яғни Қазақстандағы аграрлық мәселенің дұрыс қойылып, оң шешілуін көтерді. Ақиқатында І Дума өзі де ұзақ жұмыс істеген жоқ. Оған себеп болған патшалық жүйені батыл сынға алуы еді. І және ІІ Мемлекеттік Думада қазақ зиялылары белсене араласты.Ұлт-азаттық көтеріліс басшысы Әлихан Бөкейханов Мемлекетік Думаның пайдалылығын тура түсінген қайраткер-ді. Сондықтан, ол кісі өзінің кейінгі естеліктерінде: «Біз Мәскеу, Петрбор жоғары оқу орындарында оқитын қазақ жастарына елге барарда «жазда, каникулда ауылда, ел арасында жүргенде уақытты босқа өткізбей, елге, ұлтқа қатысты өзекті мәселелерді зерделеп, материалдар мен деректер жинап, каникулдан қайтқанда Петербургтағы мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясына жеткізіңдер» деп тапсырма бергендігін» оған жастардың көп жағдайда белсенді түрде атсалысқандығын айтады. Мұстафа Шоқай Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен, Петербургта білім ала жүріп, 1913–17 жылдары Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясының хатшысы болды. Бұл Мұстафа Шоқай үшін де бұл үлкен сасяи қызметте үлкен бір мектеп болғаны сөзсіз деп тоқталып өтті ғалым. М. Шоқай өзінің кейінгі естелігінде: «Әрине, қазақ зиялылары белгілі бір дәрежеде ол кезде тәжірибесінің аздығына байланысты аса сенгіш еді. Олар көп жағдайда адасты. Көп жағдайында алданып қалды» дейді. Мұстафа Шоқайдың бұл пікірімен белгілі бір дәрежеде келісуге болады. Шын мәнінде қазақ зиялылары белгілі бір дәрежеде Мемлекеттік Думаға мүше бола отырып, белгілі бір дәрежеде жұмыс істей отырып, қазақ қоғамының негізгі проблемаларын шеше аламыз деген түсінікте болды. Әсіресе, Мемлекеттік Думаның алғашқы жылдарында. Әрине, Мемлекеттік Думаның ролі, маңызы үлкен. Бірақ, Мемлекеттік Дума арқылы қазақ қоғамының барлық проблемаларын көтеріп, шешуге болады деген, ол әрине, балаңдықтың белгісі болатын. Бірақ, дегенімен, пайдалы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет