«Тарихи ескерткіштер, ұлттық келісім және демографиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы»



бет8/13
Дата08.02.2022
өлшемі47 Kb.
#123696
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
10 саб

КИЕЛІ ДОМБАУЫЛ ЕСКЕРТКІШІ

Домбауыл кесенесі, көптеген ғалымдардың ортақ пікірінше, Орталық Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіштерінің бірі. Сонымен де ерекшеленеді. Бірқатар деректерге сүйенсек, бұл кесене, тіпті, ғұндар заманында тұрғызылған. Сонау ерте заманда ғибадатхана ретінде пайдаланылған көрінеді. Кесене Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ғимараты биіктігі бес метрден асатын шошақ пішінді төртбұрышты негізге қойылған, тас плиталарынан құрылған. Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Есігі сопақшалау етіліп, оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған. Бұған жалпы биіктігі 1,2 метр болатын төрт баспалдақ арқылы кірелі. Кешеннің еденіне тас аралас тапырық жайып, оның үстіне жалпақ тақта тастар төселген. Қабырғалары 3 метрге көтеріліп барып, көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінен бергі ежелгі дәстүрінен алынған. Осы дәстүрді кешеннің төбесін жабу кезінде де қолданған. Кешен ұзақ уақыт жақсы сақталып, бертін келе біршама қираған. Ескерткіштің дәл мерзімін анықтайтын дерек әзірге жоқ. Қазақстан жеріне тән сыртқы тұрқына қарап, ғалымдар оны ислам діні дендеп ене қоймаған кезеңге жатқызады. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал ол кісінің өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. Мәселен, ауыз әдебиетте Сыпыра жырау туралы мағлұмат бар. Кейбір деректерге сүйенсек, Сыпыра жырау 120 жас, немесе 180 жас жасапты. Оның Тоқтамыс ханға айтқан толғауын, қазақтың ауыз әдебиетінде былай деп жеткізген:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет