«Тарихи ескерткіштер, ұлттық келісім және демографиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы»



бет10/13
Дата08.02.2022
өлшемі47 Kb.
#123696
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
10 саб

АЛАША ХАННЫҢ КЕСЕНЕСІ

Бұл мазарды ұсталар ХІ-ХІІ ғасырларда Алаша ханға арнап тұрғызыпты-мыс. Оның есімі қазақ халқының үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандағы ең атақты мазарларының бірі Қаракеңгір өзенінің сағасында, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Малшыбай ауылының жақын маңында орналасқан.

Қазақ халқының этногенезін зерттесек, ІХ ғасырдың бірінші жартысы мен Х ғасыр көлемінде бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі халық өздерін Алаш деп атаған. Алаша хан, аңыз бойынша, Ұлы далада көшіп жүрген алты негізгі рулардың басын қосып, Сарыарқада мемлекеттіліктің негізін қалаушы болған. Қазақтың ауыз әдебиетінде оны дана билеуші, қайсар батыр, әділ би, көреген саясаткер ретінде сипаттайды. Ұлттық санада Алаша хан бейнесі ерекше рольге ие. Көшпенділер оны ортақ бабамыз деп есептейді.

Рашид әд-Дин және Әбілғазы Алаша ханның тұрған өлкесі – Дешті-Қыпшақтың орталық бөлігі деп жазған. Шоқан Уәлиханов жазып алған ауыз әдебиетінің эпостарында Тұран даласының ханы Арыстан ұлды болыпты-мыс. Бірақ, туған сәбидің денесі алапесті болыпты. Хан өз ұлын жақтырмаған көрінеді. Сөйтіп, қасына бірнеше нөкерін ертіп, далаға, алысқа жөнелтеді. Денесі түгелдей алапес болғасын, баланы да Алаша деп атап кетіпті. Сыртта жүрген Алаша, есейген кезінде алғырлығымен, табандылығымен елдің көзіне түседі. Аз уақыт ішінде Алашаның жанына көптеген көшпелі тайпалар біріге бастапты. Олардың арасында үлкен беделге ие болған Алашаны хан сайлап, ақ киізге отырғызыпты деген деректер бар. Көшпенді түркілердің басын қосып, Ұлы даладағы алғашқы мемлекет – «Алашты» құрған сол данагөй алапес бала еді деген әңгімелер айтылады. «Алты алаш» - Оғыздың алты ұлынан тараған алты рулардың ортақ атауы. Алтын Орда ыдырағаннан кейін «Алаш!» көшпелі қазақтарды біріктіретін ұранына айналған.

Белгілі тарихшы Ж. Артықбаев «Қазақтардың билік басындағы үйдің» тарихына жинақталған материалдар» кітабында Алаша хан туралы көптеген аңыздарды топтастырып, ең толық әрі шындыққа жанасатын нұсқасы М. Көпеевтікі дейді. Ол «Алаша ханға дейін Қазақстан тұтас ел ретінде, мемлекет ретінде қабылданбаған. Өзге мемлекеттер көшпенділерді мойындаған жоқ. Ал, алапес баланы өзінің көсемі еткен халық жорыққа шыққанда оның есімін ұран етіп алған. Жауға шапқанда «Алаш» деп айқайлаған. Ал, шайқас даласында бұл ұранды айтпағандар жауға теңеліп, өлтірілген деседі. Көне заманнан бері біздің ата-бабаларымыз: «Алаш – алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда, үйіміз шаңырақ болып көтеріліп, Алаштың атын ұран қылып, үш жүздің баласы Қазақ атандық», - деген аңыз жазып алған. Поэтикалық киял ортасында Алаша хан бейнесі тұтас ұлт үшін аса маңызды оқиғалар ортасында жүрген ұлы тұлға ретінде есте қалған. Киелі Ұлытау жері де қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын, алғашқы мемлекеттігіміздің тарихын зерттеу үшін баға жетпес құнды жәдігерлерге бай. Алаша ханның кесенесі одан да көне қорымның үстінен салынған деседі. Бірқатар деректерге сүйенсек, бұл кесенеде Хақназар хан да жерленген көрінеді. Тіпті, Тәуекел, Едіге, Тоқтамыстың сүйектері осында жатыр деген әңгімелер бар. Ал, кесенеге жақын маңда Жошы хан, Домбауыл, Дүзен мен Ерден кесенелері тұрғызылған.

Алаша хан кесенесі Ұлы даладағы ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткішіне айналған. Орталық Қазақстандағы архитектуралық дәстүрдің қалыптасуына сеп болған. ХІХ-ХХ ғасырдың басында қазақтың ақсүйектеріне арналып салынған мазарлардың барлығы соның үлгісімен тұрғызылған. Тіпті, ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдары салынған Дүзен Сандыбаев кесенесі – осы Алаша хан моласының тікелей көшірмесі деген мәлеметтер бар. Оны тұрғызған құрылысшы Серәлі Еламанұлы күн сайын салт атпен Алаша хан кесенесіне барып тұрған деседі. Сөйтіп, оның құрылымы мен ішкі қаңқасының орналасуын, салыну әдетін толық зерттеген, есіне сақтап барып, өзі де сол құрылысты қайталаған деген әңгімелер бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет