Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы



бет2/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия

1 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қор­ғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституцияның 36-ба­бының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау, ұл­­тына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік жә­­не лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, ді­н­­ге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси жә­не өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бір­лес­тік­тер­ге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты бо­ры­шы және міндеті болып келеді [1].


Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қыз­­метті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде ат­қа­ра­ды (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі).
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бө­лім­­дері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әс­ке­ри қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәр­ті­бін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұ­зу­шылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, ма­те­риалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін кө­тереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келі­сім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қа­рулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әс­кер­лері мен әскери құрамаларында әскери қызмет ат­қа­ру­шы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-мат­тардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қыл­мыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әс­ке­ри қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әс­кери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады [2].
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұза­қы­лық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жа­уап­кершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бо­йын­ша тудырады.
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі бо­лып – әскери қызметті өтудің бір немесе өзге жақтарын ор­на­татын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әске­ри қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:
1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағыну­шы­лық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қия­нат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап); бастыққа қар­сы­лық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәж­бүр ету (ҚК 368-бап); бастыққа қарсы күш қолдану әре­кеттері (ҚК 369-бап); бір-бірінің бағыныштық қаты­нас­тары болмаған кезде әскери қызметшілердің ара­сын­да­ғы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұ­зу (ҚК 370-бап); әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап);
2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 372-бап); қашқындық (ҚК 373-бап); дене мү­шесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әс­кери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);
3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағыт­тал­ған қылмыстар: жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ере­жесін бұзу (ҚК 375-бап); шекаралық қызмет ат­қа­ру-дың ережесін бұзу (ҚК 376-бап); қарауыл (вахта) қыз­ме­тін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап); ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ере­желерін бұзу (ҚК 378-бап); қоғамдық тәртіпті қорғау жә­не қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қыз­мет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап);
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұс­таудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану ерек­шеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып ба­ра жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап); әс­кери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап); әскери мүлікті абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап); әскери мүлікті жоғалту (ҚК 389-бап); ай­на­ла­дағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ зат­тар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап); ма­шиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (ҚК 392-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 393-бап);
5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қа­рулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қол­да­ны­луы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап); қызметке сел­қос қарау (ҚК 381-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын бе­ру немесе тастап кету (ҚК 383-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жа­рия ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғал­ту (ҚК 386-бап);
6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 385-бап);
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекет­тер­ден, мысалы бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 369-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін.
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құ­рамдары – формальды (ҚК 373-бап), материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін (ҚК 376-бап).
Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады, мысалы: бөлімді немесе қыз­мет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бап), қаш­қындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті қасақана құрту не­ме­се бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әс­ке­ри қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мы­салы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап). Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз да жа­са­лынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап), жауынгершілік кезек­шілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 375-бап).
Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап), жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап) және с.с.
Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әс­кер­ге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қа­зақ-стан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрама­ла­рын­да әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.
1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Респуб­ли­ка­сының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күш­тердің түрлерін – құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорға­ныс әскерлерін, әскері – ауа күштерді, тылды, әскери - құ­рылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді [3].
Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер, Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің әскерлері, азаматтық қорғаныстың басқару ор­гандары мен бөлімдері.
Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қа­рас­тырған құқыққа қайшы әрекеттерден әскери қыл­мыс­тар екі ерекшеліктермен – сұғынушылықтың ерекше объек­тісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айы­рылады.
Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі жауап­кершілікті тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет