370-бап. Бір-бірінің арасында бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу
Қылмыстық кодекс бұл қылмысты келесі жолмен тұжырымдайды:"Бір-бірінің арасында бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзуы".
Нақты объект – бір-бірінің арасында бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастардың тәртібі.
Объективтік жақ қызмет жағдайына қарай тән, сол сияқты олар арасында бағыныштық қатынастары болмаған ретте әскери атақтары үлкен және кіші әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастардың жарғылық тәртібін бұзуда болып келеді [12].
Бұзушылық – ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралаудан көрінуі мүмкін. Бұл жәбірленушіні ұятты түрде табалап және мейірімсіз күлкіге шығаруда, беттен соғуда, погондар мен өзге белгілерді жұлып тастауда, арнайы киімдерді бүлдіруде, аяқ-киім мен арнайы киімге бөтен заттарды салып қою, байлап тастау, бір бөлмеге қамап тастауда көрініс табуы мүмкін.
Бұл қылмыстың құрамы – формальды болып келеді. Заң қылмыс ретінде әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастардың қандай да болсын бұзушылықты емес тек жәбірленушіге қатысты күш қолдану немесе ұятты әрекеттер түрінде көрініс тапқан бұзушылықты анықтайды.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін жарғылық тәртіптерді бұзатынын: ұрып-соғатынын, денсаулыққа жеңіл зиян келтіретінін немесе ар-ождан мен қадір-қасиетті кемсітумен немесе жәбірленушіні масқаралаумен байланысты күш қолдану жасайтынын сезінеді, осы әрекеттерді жәбірленушінің ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту, басқаларға қарағанда үстем болу және өзі үшін қызметтің артықшылықтық жағдайын тудыру мақсатында жасауды қалайды [13].
Субъект арнайы – жәбірленушінің қарауында болып келмейтін әскери қызметші.
ҚК 370-бабының 2-бөлімі жауапкершілікті дәл осы іс-әрекеттерді сипаттау белгілері бола тұра жасау үшін қарастырады:
1. Бірнеше рет, яғни екі және одан көп рет.
2. Екі және одан көп адамдарға қатысты. Дәл сол әрекеттерді бөлек-бөлек уақыт кезеңдерінде бір әскери қызметшіге қарсы жасау – ҚК 370-бабының 2-бөлігінің "а" тармағына сай бағаланады.
3. Адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен. Адамдар тобының және қосыла қатысушылықтың көрсетілген нысандарының ұғымы ҚК 31-бабында берілген.
4. Қаруды қолданумен қаралатын 370-бап мағынасында, қаруды қолдану ретінде қаруды басқа әскери қызметшінің ар-ожданын, қадір-қасиетін табалау үшін (мақсатында) қолдануды түсіну қажет.Мысалы: қарумен қорқытып кінәлі жәбірленушіні оның адамгершілік, қадір-қасиетін төмендететін немесе қорлайтын әрекеттерді жасауға немесе жеке ұятты сұраныстарын (басына кіргенін) қанағаттандыруға мәжбүрлеуі, әлде қызмет пен басқа әскери қызметшілерге көзқарастарды өзгерттіруі мүмкін.
5. Жәбірленушінің денсаулығына орта ауырлықтағы зиян келтірумен (ҚК 104-бабын қараңыз).
Бұл қылмыстың ерекше бағаланатын түрі заңда көрсетілген әрекеттердің салдарынан ауыр нәтижелер туындауына байланысты орын алады (ҚК 370-бабының 3-бөлігі). Осылар ретінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру, оның өлуі, өзін-өзі өлтіруі және с.с. танылуы мүмкін [14].
Достарыңызбен бөлісу: |