Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу



бет15/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия

392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу
Қылмыстық кодексте бұл қылмыс – абайсызда кісі өлі­­­міне өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған ұшу не­месе оларға даярлану ережелерін бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдаланудың өзге ережелерін бұзу ре­тінде анықталған.
Қылмыстың нақты объектісі болып – ұшудың қа­уіп­­сіз­дігін және ұшатын аппараттарды пайдаланудың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы­ның Әуе Кодексімен, Қарулы Күштердің авиациясының ұшуы жөніндегі уағызбен, инженерлік-авиациялық және штур­ман­дық қызмет бойынша уағыздармен реттелетін әскери қа­тынастары келеді. Қылмыстың заты – ҚР Қару­лы Күштерінің қаруландыруында болып келетін ұшақтар, тік ұшақтар және өзге авиациялық техника [16].
Объективтік жақ – ұшу немесе оларға даярлану ере­же­лерін немесе әскери ұшу аппараттарын пайдаланудың өз­ге ережелерін бұзуда болып келеді. Қылмыстың аяқ­талған қылып тану үшін заңда көрсетілген адамның өлімі тү­рінде немесе өзге ауыр зардап түрінде болған қыл­мыс­ты зардапты және ұшу немесе оларға даярлану ережелерін бұзу немесе әскери ұшу аппараттарын пайдаланудың өзге ережелерін бұзу мен зардап араларындағы себепті бай­ла­нысты анықтау қажет.
Ұшу ережелерін бұзу – ұшудың маршрутынан ауыт­қуда, жерден үзілу және жерге қону ережелерін бұзуда, де­сант ретінде түсудің және тік ұшақ көмегімен ин­же­нерлік құрылысты салудың басшылықтарын және ин­с­трук­цияларын бұзу және с.с.көрінуі мүмкін.
Ұшуға даярлану ережелерін бұзу – ұшуға бір неме­се өз­ге техникалық бұзушылықтары бар ұшу аппаратын жі­бе­руде, ұшуға тиісті медициналық куәландыруды өтпе­ген не­месе ауру, әлде мас күйінде болып тұрған экипаж мү­ше­лерін жіберуде және с.с. көрініс табуы мүмкін.
Баптың диспозициясында айтылған өзге ауыр зар­дап ретінде – ұшу аппаратының құруын немесе едәуір бү­лі­нуін, адамның өміріне ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян келтіруді, тұрғын үйлердің және басқа құры­лыс­тар­дың күйреуін немесе елеулі бұзылуын, маңызды әскери шаралардың сәтсіздікке ұшырауын және с.с. түсіну тиіс.
Субъективтік жақ – менмендік немесе немқұрай­лық түріндегі абайсыздықпен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі арнайы – ұшу аппаратын бас­қарып отыратын (жүргізетін) немесе ұшуға даярлану қа­уіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери қызметші, яғни ұшу аппаратының командирі, ұшқыш, борттағы инженер, штурман, ұшуды басқарушы және с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет