374-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару
Заң жауапкершілікті әскери қызметшінің ауруды сылтау ету немесе өзіне қандай да болсын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы үшін қарастырады (ҚК 374-бабы 1-бөлігі).
Қылмыстың объективтік жағы – әскери қызметтен ауруды сылтау ету, дене мүшесін зақымдау жолымен немесе өзге тәсілмен жалтаруда болып келеді [15].
Заңда аталған әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруының барлық тәсілдерінің негізінде – алдау жатыр.
Ауруды сылтау еткенде әскери қызметші командирде (бастықта) және басқа да өкілетті адамдарда онда әскери қызмет міндеттерін атқаруға уақытша немесе ұдайы кедергі ететін аурудың барлығы туралы алданышты көзқарасты қалыптастырады, әлде ондағы бар аурудың (көз көрмеуі, естімеу, сақаулық, мүшелердің ауруы) сипаттарын (белгілерін) әдейі арттырады.
Дене мүшесін зақымдау әскери қызметші өзі немесе басқа адамның (көмектесуші) көмегімен, оны әскери қызметті атқаруға жарамсыз деп тану үшін, өзіне бір немесе өзге органдарын, мүшелерін, ткандарын зақымдайтынында көрінеді.
Бұл үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдар қолданылады: механикалық (мысалы: кінәлі оқ-дәрілі, суық қару, кесетін құралдармен, жылжымайтын көлік және с.с. көмегімен өзінің қолын, аяғын, көзін зақымдайды), химиялық (мысалы: ішке қабылданған немесе терінің астына енгізілген дәрі-дәрмектер, улар), қызулық және с.с.
Жалған құжат жасау арқылы жалтаруда әскери қызметші басшылыққа өзімен немесе оның сұрауы бойынша басқа адаммен жасақталған құжатты ұсынады (мысалы: жасы туралы, жақын туыстары біреуінің өлімі немесе ауыр ауруы, өртпен немесе табиғи апатпен олардың тұрғын үйін жою туралы және с.с.) және осының негізінде әскери қызмет міндеттерін өткеруден уақытша немесе тұрақты босатуды алады. Басқа алдау әскери қызметшімен әскери қызметті өткеру мерзімін қысқарту мақсатында онда жоғарғы білім барлығы (алғаны) туралы мәліметтерді беруде, кейбір реттерде – бір немесе әскери тапсырма орындалуын мүмкін етпейтін әскери техниканың бұзушылықтары және олардан асу мүмкін емес кедергілердің пайда болғаны туралы жалған мәліметтерді хабарлауда көрініс таба алады.
Кінәлімен әскери қызметті өткеруден жалтару мақсатында алдаудың бір немесе басқа тәсілін таңдауы оның әскери қызмет міндеттерін өткеруден уақытша жалтарғысы келгеніне (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) немесе өзінің мақсаты қылып осы міндеттерден толық босатылуды қоюына (ҚК 374-бабы 2-бөлігі) байланысты болады. Әскери қызмет міндеттерін атқарудан қысқа мерзімге босатылу ниетіне иемдене отыра (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) әскери қызметші, әдетте, жалған құжат немесе өзге алдау жасайды, ал әскери қызмет міндеттерін атқарудан толық босатылу мақсатында (ҚК 374-бабы 2-бөлігі) – ауруды сылтау етеді немесе дене мүшесін зақымдайды.
Субъективтік жақ – тікелей қасақаналық және әскери қызметтің бір немесе барлық міндеттерін өткеруден уақытша немесе тұрақты жалтару мақсатымен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі – қатардағы, сержанттық (старшиналық) құрамның әскери қызметшілері, прапорщик, мичман және офицерлік құрамдағы адам,сол сияқты әскери жиынға шақырылған әскери міндетті тұлғалар.
ҚК 374-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші бөліктерімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |