383-бап. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – жауынгершілік әрекеттерді жүргізудің белгіленген тәртібі болып келеді. Қосымша объект – адамдардың өмірі және денсаулығы немесе ауыр зардап.
Объективтік жақ – бастықтың жауға соғыс құралдарын беру немесе тастап кетуде болады. Беру – жаумен жауынгершілік әрекеттерді тоқтатуда және осының негізінде оған сеніп тапсырылған әскери күштерді тұтқынға алынуында, бекіністерді, әскери техниканы және соғыс жүргізудің өзге құралдарын басып алынуында көрініс табады. Жауға соғыс жүргізу құралдарын қалдырып кеткенде бастық бұл құралдарды құрту, әлде жарамсыз қылу үшін ешқандай шараларды қолданбайды және осы себептен олар жаудың қолына түседі немесе түсуі мүмкін болады.
Бұл норма бойынша бағалау үшін жауға соғыс жүргізу құралдарын қалдыру жауынгершілік жағдаймен бұйырылмағанын анықтау керек. Егер бастық аталған құралдарды құтқару бойынша барлық қажетті шараларды қолданса, бірақ та қалыптасқан жағдайға байланысты оларды алып шығуына немесе құртуға шынайы мүмкіндігі болмаса, онда оның әрекеті қылмысты құрамайды [17].
Субъективтік жақ, әдетте, кінәнің абайсызда нысаныменен сипатталады, бірақ та бөлек реттерде бұл қылмыс қорқақтық, жігерсіздік салдарынан қасақана да жасалынуы мүмкін. Егер жауға көмектесу мақсатын көздесе, онда осындай іс-әрекетті мемлекеттік опасыздық ретінде бағалау тиіс (ҚК 165-бап).
Қылмыстың субъектісі – арнайы. Ол ретінде тек әскери күштер, бекіністер, жауынгершілік техника және соғысты жүргізудің өзге құралдары сеніп тапсырылған бастық болады.
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту
Бұл қылмыстың объектісі болып – мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы мәліметтерді құпиялықта сақтаудың белгіленген тәртібі келеді.
ҚК 386-бабының 1-бөлігінің объективтік жағы болып, нәтижесінде осы құжаттар немесе заттар жоғалған, мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды немесе заттарды күтіп ұстаудың белгіленген ережелерін бұзу келеді.
Бұзушылық әрекетте (мысалы, құжатты белгіленген тәртіпті бұзып жіберуде, осының салдарынан ол жоғалады), сол сияқты әрекетсіздікте (мысалы, құжатты немқұрайды сақтау салдарынан ол ұрланады және с.с.) көрініс табуы мүмкін.
Алайда, мемлекеттік опасыздық (ҚК 165-бап) сипаттары болмай тура, белгіленген тәртіптерді бұзу нәтижесінде мемлекеттік құпияны ұстайтын құжаттар немесе заттар жоғалатын болса, онда жасалынған мемлекеттік құпияны жария етуді құрайды (ҚК 172-бап).
Құжат немесе зат сеніп тапсырылған адамдар қатарының иелігінен шыққан сәттен қылмыс аяқталған болып есептеледі. Қылмыс құрамы үшін осы құжат немесе заттағы құпиялы мәліметтердің бөтен адамға белгілі болуы талап етілмейді.
Қылмыстың субъективтік жағы – менмендік, сол сияқты немқұрайлық түрлеріндегі кінәнің тек абайсыздық нысанында болады.
ҚК 386-бабы 2-бөлігінің объективтік жағы – мемлекеттік құпияны ұстамайтын әскери сипаттағы құпиялы мәліметтерді таратуда болып келеді. Тарату – бұл мәліметтерді ауызша сұхбаттасу кезінде (сөйлесуде, лекцияда, баяндамада, телефон арқылы сөйлесуде, радио бойынша, теледидар арқылы сөйлесуде) немесе жазбаша нысанда (басылған және жазбаша құжаттарда, хаттарда және с.с.) жүзеге асырылуы мүмкін. Таратуға құжаттарды, заттарды, объектілерді бөтен адамдарға көрсетудің әр түрлі нысандары жатады. Құпияны тарату бойынша пассивті әрекеттер болуы мүмкін, мысалы, құжаттар мен заттарды онда бөтен адамдар кіріп олармен таныса алатын жерде тастап кету.
ҚК 386-бабыменен қарастырылған қылмыстың субъектісі арнайы – оған қызмет бойынша әскери сипаттағы мәліметтер бар құжаттар мен заттар сеніп тапсырылған немесе оған осы мәліметтер қызметіне байланысты белгілі болған әскери қызметші.
ҚК 386-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті ауыр зардапқа әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттері үшін қарастырады.
Осындай зардап болып – адамдардың өлуі, әскери мүліктің ірі немесе аса ірі мөлшерде құруы немесе бүлінуі, бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жоспарланып жатқан әскери шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с. танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |