Қорытынды
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынадай қысқаша тұжырымдарға келеміз.
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұзақылық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жауапкершілікті Қылмыстық Кодекс басқа тиісті тарауларының баптары бойынша тудырады.
Әскери қылмыс ұғымы сонымен қатар әскери қылмыстылық заңнаманы жалпы қылмыстық заңнамаға кіргізілуіне де қарамастан салыстырмалы түрде дербес екенін көрсетеді. Сонымен бірге әскери қылмыстылықтар заңнама әскери қылмыстардың нақты құрамымен қатар өзінің ерекше жалпы бөлімі - әскери қылмыс түсінігін де қамтиды.
Салыстырмалы әскери қылмыстар жалпы қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстарға ұқсас қылмыстар, бірақ бұлар әскери құқық тәртібіне қол сұғушылық болатынымен сипатталады сол себепті еліміздің қарулы күштеріне ерекше қауіп төнеді. Егер арнаулы әскери қылмыстарды жіктеу аса қиын болмаса қылмыстар мен салыстырмалы ара жігін ажырату қажет болғанда бұл мәселе айтарлықтай күрделене түседі.
Әскери қылмыстарға тағайындалатын жаза түрлері олардың қоғамдық қаупінің сипаты мен дәрежесіне, сондай-ақ жазаның тәрбиелееу мақсатына қарай белгіленген. Ал әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі қол сұғу объектісіне қарай келтірілген зардаптарға жасалған әрекеттердің сипаты мен басқа да мән жайларға байланысты болып танылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі әскери қылмыстарға арналған 16 тараудың әрекеті қоғамдық қауіптілігіне қарай ғана емес кінәлі адамның жеке басы ерекшеліктеріне, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды барлық ескертуіне мүмкіндік беретін қылмыстық жазалау шаралары көзделгендігін атап өтуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |