393-бап. Кеме жүргізу ережелерін бұзу
ҚК абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған кемелерді жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу үшін жауапкершілік белгіленген.
Қылмыстың нақты объектісі – әскери кемелерді жүргізу мен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Әскери-Теңіз Флотның Кемелік Жарғысымен, уағыздармен және нұсқаулармен реттелетін әскери қатынастар келеді.
Қылмыстың заты: арнайы тағайындаудағы жауапкершілік кемелер, су астында жүзетін қайықтар, авиа тасымалдаушылар, крейсерлер, торпедалық катерлер, қамтамасыз ету кемелері және с.с.
Объективтік жақ адам өлімін немесе өзге ауыр зардапты туындатқан кеме жүргізу ережелерін бұзуда болып келеді. Құрлымы бойынша қылмыс құрамы– материалды. Кінәлінің іс-әрекеті мен адамның өлімі немесе өзге де ауыр зардап араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс [9].
Кеме жүргізу ережелерін бұзу – нормативтік актілермен белгіленген кемені басқару туралы бұйырымдардан, өкімдерден ауытқуда, оның курсы мен жылдамдығын құқыққа қайшы өзгертуде, кемелерді тарту және өткізу тәртіптерін бұзуда және с.с.болуы мүмкін.
Бір адамға болса да өлім келтірумен қатар, ауыр зардап кеменің құруы немесе елеулі күрделі жөндеуді талап ететін кеменің бүлінуі, бірнеше адамның денсаулығына ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян келтірілуі, маңызды әскери шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с. танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің тек абайсыздық нысанымен сипатталады.
Қылмыстың субъектілері – кеменің командирі, оның көмекшілері, штурман, вахталық офицер және оларға кемені жүргізу және оны пайдалану бойынша міндеттер жүктелетін өзге де әскери қызметшілер.
2.4. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін реформалау кезінде бірталай маңызды роль әскери басқару органдарында да болып келеді. Оның қызмет етуінің үздіксіздігіне, оның жұмысшыларының адалдығы мен жауаптылығына байланысты республика қорғаныс қабілеттілігін нығайту бойынша ірі масштабтық міндеттері шешіледі. Осыған орай әскери басқару органдарының өз қызметкерлері арасындағы қылмысты көріністер көтеріңкі қауіпті болып келеді.
Не десек те, қылмыстық – біздің елдің Қарулы Күштерінің басқару қатарларына да еніп кетті. Бұл органдардың жұмысшылары өздерінің құқыққа қайшы әрекеттерменен соңғылардың қалыпты қызметін бұзады, олардың беделін, мәртебесін қоғам көзінде төмендетеді. Сондықтан әскери басқару өкілдерінің қылмыстық әрекеттеріне жол беруге болмайды және олар қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |