Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


-бап. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру



бет13/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия

388-бап. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру
Қылмыстың нақты объектісі ҚК 387-бабымен қа­рас­тырылған қылмыстың құрамындағыдай.
Бұл қылмыстың объективтік жағы ҚК 387-бабы­ның 2-бөлігінде берілгенге тепе-тең болып келеді.
ҚК 388-бабымен және ҚК 387-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстар тек кінә нысанымен ғана ерек­шеленеді. Бірінші тек абайсыздықтан менмен­дікпен немесе қылмысты немқұрайлықпен жасалады.
389-бап. Әскери мүлікті жоғалту
Нақты объект әскери мүлікті сақтаудың бел­гі­лен­ген тәртібі. Қылмыстың заты әскери қызметшіге қыз­мет­­те пайдалануына сеніп берілген қару-жарақ, оқ-дәрі­лер немесе әскери техника заттары.
Қылмыстың объективтік жағы – олардың жоғалуы­на әкеліп соқтырған сеніп берілген қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе әскери техника заттарын сақтау тәртібін бұзу. Қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе әскери техника зат­та­рын сақтау, күту, ұстаудың ережелері мен тәртібі Жар­ғы­лармен, нұсқаулармен, уағыздармен, бұйрықтармен анық­талады [3].
Қылмыс әрекет және әрекетсіздік жолымен де жаса­лы­нуы мүмкін.
Қылмыстың құрамы материалды. Қылмыс әскери қызметшіге сеніп берілген қару-жарақ немесе өзге әскери мү­лікті ұстау тәртіптерін бұзу салдарынан қоғамдық қа­уіпті салдар туындаған, мүлік жоғалған жоғалтылып алын­ған, жанып кеткен, толығынан жарамсыз болған жә­не с.с. сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Әскери мү­ліктің жоғалуы мен және оны күтіп ұстау ережелерін бұ­зу араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.
Субъективтік жақ менмендік немесе қылмысты немқұрайлық түріндегі абайсыз кінәмен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі арнайы – оған қызметке пай­далануы үшін қару немесе өзге әскери мүлік тап­сы­рыл­ған қандай да болсын әскери қызметші.
390-бап. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу
ҚК сай бұл қылмыстың мәнісі айналасындағы­лар­ға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрілерді, радиоактивті материалдарды, жарылғыш және өзге де зат­тар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу болады, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр­лықтағы залал келтірсе, әскери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса.
Қылмыстың нақты объектісі Қазақстан Республи­ка­сы Қарулы Күштеріндегі қару-жарақты, оқ-дәрілерді, ай­наласындағыларға үлкен қауіп туғызатын жарылғыш жә­не өзге де заттар мен нәрселерді ұстау ережелері. Қосымша объект – жәбірленушінің денсаулығы немесе әс­кери техниканың сақтығы.
ҚК 390-бабының диспозициясында айнала­сын­да­ғы­ларға үлкен қауіп туғызатын заттардың нақты тізімі кел­тірілмейді. Оларға тағы да неше түрлі уландыратын зат­тарды, жарылуға қауіпті газдар мен парларды, көте­рің­кі күші бар электр аккумуляторларды, жоғарғы қуат электр-өткізгіш линияларды және с.с.қосу керек.
Объективтік жақ айналасындағыларға үлкен қауіп ту­ғы­затын қару-жарақты және заттарды ұстау ережелерін бұ­зуда болып келеді. Аталған ережелерді бұзу ай­на­ла­сын­да­ғыларға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақты, заттар мен нәрселерді қолдану, пайдалану, сақтау, тасы­мал­дау­дың белгіленген әдістерін, тәсілдерін, амалдарын орын­да­мау немесе тиісті жолмен орындамауда болып келеді.
Құрамның қажетті шарты болып адам денсау­лы­ғы­на ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтіру әлде әс­­кери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптар тү­рін­дегі салдар келеді. Өзге ауыр зардаптар ретінде қатардан жа­уынгершілік техниканы шығаруды, маңызды әскери не­месе азаматтық объектілерді құрту немесе едәуір бұзу­ды, улы заттармен жердің үлкен бөлшектерін су қой­мала­рын және ауаны уландыруды және с.с. түсіну қажет.
Субъективтік жақ пайда болған нәтижелерге қа­рай кінә­нің абайсыз нысанымен сипатталады, белгіленген ережелерді бұзуға байланысты ол қасақана да болып келуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі оған айналасындағыларға үл­кен қауіп туғызатын қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе өз­ге де заттар мен нәрселер сеніп тапсырылған қандай да бол­сын әскери қызметші.
ҚК 390-баптың 2-бөлігінде дәрежеленген сипаты қарастырылған: көрсетілген бұзушылық салдарынан абай­сыз­дан адамның өліміне әкеліп соқтыру.
ҚК 390-баптың 3-бөлігі қару-жарақ пен айна­ла­сын­дарға үлкен қауіп туғызатын нәрселерді ұстау ережелерін бұзу нәтижесінде абайсыздан өмірден екі және одан көп адамды айыру үшін жауапкершілікті белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет