373-бап. Қашқындық
Бұл қылмыс заңда әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу болып анықталады (ҚК 373-бап).
Қашқындықтың объективтік жағы – әскери қызметшінің әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетуден әлде әскери бөлімге (қызметке) демалыстан, іс сапардан, емдеу мекемесінен сол мақсатпен келмеуде көрінеді. Қашқындық құрамы – формальды, созылмалы қылмыс болып келеді және әскери қызметші бөлімнен шығып кеткенде, қызмет орнын тастап кеткенде, немесе белгіленген мерзімде демалыстан, іс сапардан, емдеу мекемесінен оралмаған сәттен аяқталған болып есептеледі.
Бірақ та қашқынның қылмысты жағдайы онда оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен (36-бап) және ҚР жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы Заңымен, оған сай шақырылуға жынысы ер, жасы 18-ден 27-ге дейін адамдар шақырылуға жатады, жүктелген әскери қызметті атқару бойынша міндеті сақталғанға дейін сақталады. 27 жасқа толғаннан соң олар шақырудан босатылады. Осыдан шыға тұра қашқындық созылмалы қылмыс ретінде адамда іс жүзінде әскери қызметті атқару міндеті жойылған соң нақты алғанда тоқтатылады.
Оның қылмысты жағдайының тоқтатылуының басқа негіздері болып – оның кінәсін мойындап келуі немесе оны билік органдарымен ұстау келеді.
Қашқындықтың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен және әскери қызметтен жалтару арнайы мақсатыменен сипатталады.
Қылмыстың субъектілері болып – шақыру бойынша әскери қызметті атқарушы әскери қызметшілер болады.
Осы қылмыстың дәрежеленген түрі ҚК 373-бабының 2-бөлігімен қарастырылған. Заң қызмет бойынша берілген қарумен, сол сияқты алдын ала келісу бойынша адамдардың тобымен немесе ұйымдасқан топпен жасалынған қашқындық үшін қатаңдау жауапкершілікті қарастырады.
1959 жылғы ҚКСР ҚК бұл сипаттарды қарастырмаған еді. Жаңа ҚК бойынша егер әскери қызметші оған қызметіне байланысты сеніліп берілген қарумен бірге қашып кетсе, оның әрекеттері толығынан ҚК 373-бабының 2-бөлігімен қамтылады. Тек оған берілмеген қаруды ұрлаған ретте жауапкершілік қылмыстардың жиынтығы үшін туындайды.
Адамдардың тобымен, алдын ала келісу бойынша жасалған қашқындық ұғымы 31-баптың 2-бөлігінің негізінде ашылады, ал ұйымдасқан топпен жасалған қашқындық – осы кодекстің дәл осы бабы 3-бөлігінің ережелері негізінде.
ҚК 373-бабының 3-бөлігі жауаптылықты соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған дәл сол іс-әрекет үшін орнатады.
ҚК 373-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметші, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себебінен болса және ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Ауыр жағдайлар болып мыналар танылуы мүмкін: ата-аналары немесе жақын туыстары бірінің өлімі немесе ауыр ауыруы, оларға көмектесу үшін әскери қызметшіден залал шеккендермен бірге болуды талап еткен табиғи апат немесе өртпен отбасының тұрған үйін жою және с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |