2.3 Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар
382-бап. Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету Қылмыстың нақты объектісі – Қазақстан Республикасы Әскери-Теңіз Флотының Кемелік Жарғысымен бекітілген, әскери кемені оның құруының қаупін тудыратын жағдайда ұйымдасқан түрде қалдыру қамтамасыз ететін, кемеде әскери қызметті атқару тәртібі.
Қылмыстың объективтік жағы – құрып бара жатқан әскери кемені өзінің әскери міндеттерін ақырына дейін орындамаған кеме командирінің, сол сияқты командирдің оған тиісті үкімінсіз қызмет атқаратын кеме құрамындағы адамның тастап кетуінен құралады.
Қылмыстың құрамы – формальды. Қылмыс көрсетілген адамдармен құрып бара жатқан кемені құқыққа қайшы тастап кетуі сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі.
Қылмыстың субъективтік жағы – тек тікелей қасақаналық.
Қылмыстың субъектісі арнайы – кеменің командирі немесе кеме командасының құрамына кіретін қандай да болсын әскери қызметші.
ҚК 382-баптың 2-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші бөлігімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін белгілейді.
387-бап. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру ҚК-де қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру үшін жауапкершілік белгіленген.
Қылмыстың нақты объектісі – әскери мүлікті сақтаудың белгіленген тәртібі. Қылмыстың заты - қару-жарақ, оқ-дәрілер, қозғалыс құралдары, әскери техника немесе өзге де әскери мүлік.
Қылмыстың объективтік жағы – әскери мүлікті құрту немесе бүлдіру де болып келеді. Қылмыстың құрамы материалды. Қылмыс әскери мүлік құртылған, яғни толығынан жарамсыз болған және қалпына келтіруі және түзетілуі мүмкін болмаған кезде аяқталған болып есептеледі. Мүлікті бүлдіру – оны тек жөндегеннен және қасиеттерін қалпына келтіруден кейін мақсатына сай пайдалануды мүмкін ететін жағдайға жеткізуде көрініс табады. Кінәнің әрекеттері мен зардап (мүліктің құруы немесе бүлінуінің) араларында себепті байланыс анықталуы тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жанама қасақаналық. Кінәлі әскери мүлікті құртатынын немесе бүлдіретінін сезінеді, барлық салдарды алдын ала болжайды, олардың болуын тілейді немесе осының болу мүмкіндігін алдын ала біле тұра осыны тілемегенмен бол-уына саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды. Себептері әр түрлі болуы мүмкін: бұзақылық ниеттері, мүліктің сақтығы үшін жауапкершілікті көтеретін адамнан есесін алу және с.с..
Қылмыстың субъектісі арнайы – қандай да болсын әскери қызметші.
ҚК 387-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың дәрежеленген түрін қарастырады: ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттерді. Осындай зардап ретінде әскери мүлікті ірі немесе аса ірі мөлшерде құрту немесе бүлдіру – бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жоспарланып жатқан әскери шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с..