2.2. Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде басқа әскерлерінде және әскери құрылымдарында әскери қызметті өту тәртібі қатаң реттеледі. Әрбір әскери қызметші қызметті заңмен бекітілген мерзім ішінде атқаруы тиіс және бөлім, гарнизон және қызмет атқарудың өзге орнында үздіксіз болуы тиіс.
Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Жалпы әскери Жарғыларына, ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтарына негізделген. Ол қылмыстың тікелей объектісі болып келеді.
372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
Бұл қылмыстың объективтік жағы – ҚК 372-бабының 1-бөлігінде берілген, онда былай айтылған: "Шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші әскери қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде іс сапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу".
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету деген – бұл бөлімнен немесе қызмет орнынан тиісті командирдың (бастықтың) рұқсатынсыз шығып кету.
Мерзімінде қызметке келмеу – бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде іс сапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен оралатын кезде белгіленген мерзімде бөлімге дәлелді себептерсіз келмегенде орын алады.
Әдетте, келмеудің дәлелді себептері болып – бөлім немесе қызмет орнына мерзімінде келуге кедергі ететін әскери қызметшінің немесе оның жақын туыстарының ауыруы, табиғи апат немесе мәжбүрлі қажеттілікпен сипатталатын оқиға танылады.
Бөлім немесе қызмет орнын тастап кетудің субъективтік жағы – тікелей қасқаналықпен сипатталады. Мерзімінде қызметке келмеу қасақана да, абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі – әскери қызметтегі шақыру бойынша өтіп жатқан әскери қызметші.
Қылмыстың осы құрамының бұл баптың бірінші бөлімі қарастырған іс-әрекеттерден айырмашылығы – әскери қызметшінің бөлімде болмауының әр түрлі мерзімдерінде болып келеді. Осымен қатар ҚК 372-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстың субъектісі болып тек қана шақыру бойынша емес, келісім-шарт бойынша да қызмет атқаратын әскери қызметші келеді.
ҚК 372-бабының 4-бөлігі жауапкершілікті осы баптың үшінші бөлімімен қарастырылған іс-әрекеттер үшін, егер өз бетімен болмау бір айдан астам болса, сол сияқты жазасын тәртіптік әскери бөлімде өтеп жатқан әскери қызметші жасаған дәл сондай іс-әрекеттер үшін егер өз бетімен болмау он тәуліктен асса орнатады.
ҚК 372-бабының 5-бөлігі жауапкершілікті соғыс жағдайында жасалған осы баптың бірінші және екінші бөлімдерімен қарастырылған іс-әрекеттер үшін анықтайды, егер өз бетімен болмау бір тәуліктен асса.
ҚК 372-бабының 6-бөлігі ұзақтылығына қарамастан бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен ұрыс жағдайында тастап кету үшін анықтайды.
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелді себептерсіз келмеу барлық реттерде әскери қызметті өтуден бас тарту мақсатын алып тастайды, осымен қашқындықтан ерекшеленеді.
ҚК 372-бабында ескерту бар, оған сәйкес осы баптың бірінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаған әскери қызметші, егер бөлімді өз бетімен тастап кету ауыр жағдайлардың себептерінен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптан бо-сатуы мүмкін.
Осындай жағдайлар болып мыналар танылуы мүмкін: одан ауыру орналасқан жерге жедел келуді талап ететін ата-аналарының немесе әскери қызметшінің жақын басқа адамдардың кенет ауыр ауыруы, табиғи апат, өрт және с.с. жәбірленген жақын туыстарға кейінге қалдыр-май көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |