Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


-бап. Билікті теріс пайдалану, билікті асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі



бет17/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия

380-бап. Билікті теріс пайдалану, билікті асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі
ҚК осы бабында жауапкершілік үш бөлек қылмыс үшін қарастырылады:
1) билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану үшін;
2) билікті немесе қызмет өкілеттіктерін асыра қол­дану;
3) биліктің әрекетсіздігі.
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – әскери бас­қа­ру органдарының әдеттегі қызметі және Қарулы Күш­тер­дің мәртебесі келеді. Қосымша объект ретінде– жеке, қо­ғам­дық немесе мемлекеттік мүдделер болады.
Қылмыстың объективтік жағы келесілерде көрінуі мүмкін:
1. Бастық немесе лауазымды адамның билігін неме­се қызмет жағдайын теріс пайдалануында. Теріс пайда­ла­ну ре­тінде аталған адамдармен олардың иемденетін қыз­мет жағдайының арқасында және қызмет мүдделеріне қайшы жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерін түсіну ке­рек.
2. Билікті немесе қызмет өкілеттерін асыра қол­дануда. Ол ретінде бастықпен немесе лауазымды адаммен оларға заң бойынша, жарғылармен, бұйрықтармен бе­ріл­ген құқықтармен өкілеттіктерден айқын асатын әре­кет­тер­ді жасау танылады.
3. Биліктің әрекетсіздігі. Бастық немесе лауазымды адамның әрекетсіздігі болып оның өзінің қызмет бо­йын­ша міндеттерін орындамауы танылады. Мысалы, 1994 жы­лы 10.08. Ішкі істер министрінің № 238 Бұйрығымен бе­кі­тілген Ішкі істер органдарының ішкі қызмет Жар­ғы­сы­ның 4-бабына сай (аталмыш жарғы ішкі әскерлерінің әс­ке­ри қызметшілеріне тарайды), бастық Қазақстан Рес­пуб­ли­касы заңдарын, Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­ті­нің шешімдерін берік және бір ізді жүзеге асыруы мін­дет­ті, бағыныштылары арасындағы жоғары тәртіпті ұстап оты­руы, бағыныштыларынан олардың міндеттерін, бұй­рық­ты және нұсқаулықтарды тура және дер уақытылы орын­дауды талап етуі, бағыныштының бір де бір теріс әре­­кетін әсерсіз қалдырмауы тиіс. Тәртіпті қалпына кел­ті­ру үшін әсер ету шараларын қолданбаған бастық – бұл үшін жауаптылыққа тартылады.
Құрамының құрылымы бойынша қаралатын қыл­мыс – материалды болып келеді. Сондықтан көрсетілген құ­қыққа қайшы әрекеттерден басқа елеулі зиян келтіру тү­рін­дегі қоғамға қауіпті салдардың туындауы және туын­даған салдар мен іс-әрекет араларындағы себепті байла­ныс­тың болуы қажет.
Елеулі зиян келтіру болып – бөлім немесе мекеме мүд­делеріне, сол сияқты әскери қызметті атқаратын аза­мат­тардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдде­ле­рі­не елеулі зиян тигізу болып танылады. Зиян бөлім, бө­лім­шеден жарғы, жоғары туратын басшылықтың уағыздары­на сай жүргізілетін маңызды әскери шаралар сәтсіздікке ұшы­рағанда елеулі болып танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана кінәмен си­патталады. Қасақаналық – тікелей немесе жанама да бо­луы мүмкін. Адам өз жүріс-тұрысын қоғамдық қауіптігін се­зінеді, осының нәтижесінде құқықпен қорғалатын мүд­де­лерге елеулі зиян келтірілуі мүмкін екенін алдын ала бі­леді және оның келтірілуін қалайды (тікелей қа­са­қа­на­лық­та) немесе оның келтірілуіне сезіне тұра жол береді (жа­нама қасақаналықта).
Қаралатын қылмыстың міндетті субъективті сипат­тары ретінде заң пайда табуға бағытталған немесе өзге же­ке мүдделікті таниды.
Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, би­­лікті немесе қызмет өкілеттіктерді асыра қолдану, би­ліктің әрекетсіздігіне қатысты арам мүдделілікті кінәліні өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық пайданы мем­л­екеттік немесе өзге бөтен мүлікті заңсыз алып қоюсыз және өзінің немесе өзге адамдардың меншігіне те­гін аударусыз (мысалы, әскери көлікті заңсыз қолдану, құ­рылыс материалдарын алу және с.с.) алуға бағытталу ре­тінде бағалауға болады. Егер бастық немесе лауазымды адамның қиянат жасаушылықтары бөтен біреудің мүлкін ұрлаудың тәсілі болып келсе, онда жасалынған ҚК 176-бабымен қарастырылған қылмыс құрамын құрайды.
Өзге жеке мүдделілік материалдық сипаттағы пайда алу­мен сипатталады (мысалы, қызмет бойынша заңсыз жыл­жу, сыйлықты соған жеткіліксіз негіздер болмай алу жә­не с.с.).
Қылмыстың субъектісі арнайы – ұдайы, уақытша не­­месе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің мін­дет­те­рін жүзеге асыратын немесе Қазақстан Рес­публи­касының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және Қа­зақстан Республикасының әскери бөлімшелерінде ұйым­дас­тырушы-өкімдік немесе әкімшілік шаруашылық функ­ция­ларды атқаратын бастық немесе өзге лауазымды адам (ҚК 307-бабына ескерту).
ҚК 380-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті ауыр зар­дап­қа әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттері үшін қарас­ты­рады.
Ауыр зардап ретінде – адамдардың өлуін (бір адам бол­са да) әскери мүлікті ірі немесе аса ірі мөлшерде құр­ту немесе бүлдіру, бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан не­месе өткізуге жоспарланып жатқан шараның сәт­сіз­дікке ұшырауы және с.с. түсінілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет