Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


-бап. Қызметке селқос қарау



бет18/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия

381-бап. Қызметке селқос қарау
Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауының объективтік жағы – оның қызметке арам ниетті немесе немқұрайды қарау салдарынан оны­мен өз мін­деттерін орындамау немесе тиісті орында­ма­уын­да кө­рініс табады, егер бұл азаматтар немесе ұйым­дар­дың құ­қық­тары мен заңды мүдделерінің немесе қоғам немесе мем­лекет заңды мүдделерінің елеулі бұзушы­лы­ғы­на әке­ліп соқтырса.
Яғни бұл қылмыстың объективтік жағына үш мін­дет­ті сипат кіреді:
1. лауазымды адаммен қызмет міндеттерін орын­да­мау немесе тиісті орындамау;
2. бір немесе бірнеше заңды құқықтар мен мүд­де­лер­ді елеулі бұзу түріндегі қоғамдық қауіпті салдардың туын­дауы;
3. қызмет бойынша іс-әрекет (әрекет немесе әре­кет­сіздік) және заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерді қор­ғау араларындағы себепті байланыс.
Орындамау болып – бастықпен немесе лауазымды адам­мен оған жүктелген қызмет функцияларын орын­да­мау, бұл адам міндеттер және құқықтар көлеміне сай қол­дануға міндетті болатын шараларын қолданбау (мы­салы, әскери бөлімнің зат қызметінің бастығымен әскери қыз­метшілерді арнайы киімдермен қамтамасыз ету бо­йын­ша шараларды қолданбау) келеді.
Тиісті орындамау – өзінің функционалды міндетте­рін арам ниетті немесе немқұрайды орындаудан құрала­ды. Осы ретте адамның жүріс-тұрысында міндеттерді орын­­­­да­мау немесе тиісті орындамау өз ара түйісуі мүмкін. Бі­рін­ші де, екіншісі де бірнеше рет, жүйелі немесе бір рет жа­салатын болып келуі мүмкін.
Бұл қылмыстың міндетті сипаты болып – құқық­пен қор­ғалатын мүдделерге елеулі зиянның келтірілуі ке­ле­ді. Тәжірибе қаралатын норманың құрамындағы басым салдар болып, әдетте бөтен біреудің мүлкінің нақты қоры аза­юы түріндегі, мүліктік зиян келетінін дәлелдейді. Қызметке селқос қарау кезінде азырақ кездесетін салдар болып – адамның денсаулығына зиян келтіру болып ке­ле­ді.
Адамның заңда көрсетілген салдар болғанында кі­нәләу үшін бастық немесе лауазымды адам жүріс-тұрысы мен және қоғамға қауіпті салдар араларындағы себепті бай­ланыс анықталуы тиіс.
Қызмет міндеттерін орындамау, тиісті орындамау жә­не құқықпен қорғалатын мүдделерге келтірілген елеулі зиян араларындағы себепті байланысты анықтамау немесе оның дәлелденбегендігі селқос қарау құрамы болмағаны ту­ралы айтады.
Қызметке селқос қараудың субъективтік жағы тек мен­мендік немесе немқұрайлық түріндегі абайсыз кі­нәмен сипатталады. Қылмысты менмендік болған ретте кі­нәлі оның қызмет бойынша міндеттерін орындамауы не­месе тиісті орындамауы салдарынан құқықпен қор­ға­ла­тын мүдделерге елеулі зиян келтірілуі мүмкін екенін ал­дын ала біледі, бірақ жеңілтектіктен жеткілікті негізсіз оны болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендік үшін, әдетте, кінәлінің лауазымды мін­дет­терін реттейтін нақты тәртіптерді сезіне тұра бұзу – си­пат­ты болып келеді.
Немқұрайлық орын алса, кінәлі істің мән-жай­ла­ры­на байланысты оның әрекеттерінен қылмысты салдар туын­дауы мүмкіндігін білу керек және біле алатын бол­ған­мен де осыны алдын ала болжамайды.
Қылмыстың субъектісі арнайы – ұдайы, уақытша не­месе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің мін­дет­те­рін жүзеге асыратын немесе Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және Қазақ­стан Республикасының әскери бөлімшелерінде ұйым­дас­ты­рушы-өкімдік немесе әкімшілік шаруашылық функ­ция­ларды атқаратын бастық немесе өзге лауазымды адам (ҚК 307-бабына ескерту).
ҚК 381-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті ауыр зар­дап­қа әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттер үшін қа­рас­ты­ра­ды.
ҚК 381-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші және екінші бөліктерімен қарастырылған, со­ғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әре­кеттер үшін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет