367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
ҚК 367-бабы бұл қылмысты: "Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп өзгедей әдейі орындамау" деп анықтайды.
Осы қылмыстың нақты объектісі болып – армия мен флотта бағыну тәртібін қатаң сақталуын қамтамасыз ететін әскери қарым-қатынастар келеді.
Объективтік жақ командир (бастықпен) бекітілген тәртіпте берілген бұйрықты орындамау, елеулі зиян болуында және іс-әрекет және салдары араларындағы себепті байланыста болып келеді. Бөлім, бөлімше жарғыға, жоғары тұратын бұйыруына сай өткізілген маңызды әскери шаралар сәтсіздікке ұшыраған жағдайларда зиян елеулі болып танылады.
Бұйрықты орындамау нысаны бағыныштының командирдың бұйрығын үзілді-кесілді орындамауында, әлде оның бұйрығын өзгеше орындамауында, яғни, бұйрықты алған бағынышты адам оны орындаудан бас тартатыны туралы тікелей айтпаса да, іс жүзінде оны орындаудан бас тартқаны көрініс табуы мүмкін [6].
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жанама арам ниет түріндегі қасақана кінәмен сипатталады. Кінәлі ол бастық (командир) бұйрығын орындамағанын сезінеді, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі мүмкіндігін немесе оның болмай қалмайтынын алдын ала болжайды, осындай зиян болуын қалайды немесе саналы түрде жол береді, әлде оның туындауына немқұрайды қарайды.
Қылмыс субъектісі арнайы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бұйрықты берген адамға бағынышты болып келетін әскери қызметші немесе әскери міндетті адам.
ҚК 367-бабының 2-бөлігі адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен (31-бапты қараңыз), осымен қатар ауыр салдары туғызған дәл осындай іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады.
Ауыр салдар ретінде бөлім, бөлімше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралардың олқылығы жауынгершілік техниканы бұзу, әскери бөлімге елеулі материалдық залал келтіру және с.с. түсініледі [7].
Кінәлі адам оның қызметке неқұрайлы қарағаны салдарынан бастық бұйрығы орындалмайтынын, яғни бұйрықпен бұйырылған әрекеттер жасалмайтынын болжамайды, осының себебінен ауыр салдар туындайды, алайда, қажетті ұқыптылық және сақтық болған ретте осыны болжау тиіс тұғын және осыны алдын ала болжай алатын. Немесе кінәлі адам қызметке жеткілікті дәрежеде адал болмауы себебінен ауыр салдар туындай алатынын болжаған, бірақ та осыған жеткілікті негіз болмай тұра ол олардың алдын алам деп ойлаған еді.
Құрылымы бойынша 367-баптың құрамы – материалды. Қылмыс елеулі зиян келтірілген немесе ауыр салдар туындаған сәтінде аяқталған болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |