Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


БӨЛІМ. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ



бет3/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия

2 БӨЛІМ. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


2.1. Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар

Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қа­зақ­стан Республикасының Қарулы Күштері туралы" За­ңы­ның 5-бабына сай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының ең маңызды қағидасы болып ор­та­лық­тандырылған басқару және бірбастылық келеді. Соң­ғы­сы командирді (бастықты) бағыныштыларына қара­ған­да өкімді биліктің толықтығына бөлеуден және олардың әс­кери қызметті атқаруының барлық жақтары үшін оған же­ке жауапкершілікті жүктеуден құралады. Қарулы Күш­тердің Уставына сай бір бастылық қағидасы коман­дирге (бастыққа) бағынышындағыларға бұйрықтар­ды беру және соңғыларды осы бұйрықтарды сөзсіз орын­дау­ға міндеттеу құқығын береді [4].


Командир (бастық) – бұл бір немесе армия, флот, әс­кери құрылым, әскери бөлімше, әскери кеменің немесе олардың бөлімшелерінің оған тұрақты болмаса уақытша басқа әскери қызметшілері бағынатын әскери қызметші.
Командирлер (бастықтар) бір-бірімен қызмет жағ­да­­йына немесе әскери атақтарына қарай айырылады. Мы­­­салы: әскери бөлімнің немесе оның құрамындағы бө­лім­шенің командирі өзінің қызмет жағдайына сай сол бө­лім немесе бөлімшенің жеке құрамы үшін бастық болып ке­леді, ал әскери атақтарына сай генералдар мен офи­цер­лер сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар үшін бастық болып танылады. Соңғылары өз кезегінде қатардағы сарбаздар мен матростар үшін бастық (ко­ман­дир) ретінде танылады.
Бұйрық қызмет мүдделерінде заңдар мен әскери жар­­­ғылардың талаптарына сай беріледі. Ол жазбаша не­ме­се ауызша нысанда, телефон, радио немесе телеграф не­­месе біреуді жіберу арқылы және басқаша да берілуі мүм­кін.
Бұйрық, басым көпшілік жағдайларда, бағынышты адамның әскери қызметі саласына жатады, бірақ та оның қыз­меттен тыс, көпшілік орындардағы және с.с. жер­лер­де­гі жүріс-тұрысына да қатысты болуы мүмкін.
Командир (бастық) бұйрығын орындамау – қауіпті әс­кери қылмыстардың бірі болып келеді және заң бұл үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет